Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның
бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы беріледі.
Шарықтау шегі - шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал- күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилог аталады.
Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
?! Тапсырмалар
2 шағын, 1 орта көлемді эпикалық шығарманы сюжеттің өрбу кезеңдері бойынша талдаңыздар.
«Фабула және сюжет» тақырыбына презентация әзірлеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |