Күтілетін нәтиже:
Орындайды: достықты құрметтейді
Түсінеді: достық құндылығын
Қолданады: дос болып, тату-тәтті ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тәрбиеші: Қапарова Ж.У.
Білім саласы: Қатынас
Сабақтың түрі: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен қоян» орыс халық ертегісі
Мақсаты: ертегінің мазмұнын айтуға, сөздерді буынға бөлуді үйретуді жалғастыру. Ауызекі сөйлей білуге дағдыландыру, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту, балаларды батырлыққа, өжеттілікке, бір‑біріне жақсы тілек айта білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айлакер, жәутік.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үнтаспа, ойын барысында қолданылатын демонстрациялық материалдар.
Билингвальды компонент: түлкі – лиса, қоян – заяц, қасқыр – волк.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері. Музыка әуенімен балалар келеді.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? Қыстың қандай ерекшеліктері бар еді?
Ал, қазір қыс мезгілінің соңғы ақпан айы, бұл күндер ақпан айының соңғы күндері.
Енді бізге қандай жыл мезгілі келеді?
Көктем мезгілі келетінін қайдан білесіңдер?
Есік қағылып, орманшы атай кіреді.
Сәлеметсіз бе, орманшы атай!
Амансыңдар ма, балалар! Сендер менің ағаштарым жайлы айтып жатырсыңдар ма? Құлағым шалып қалды.
Ал, сендер қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер?
Мінекей, менің қолымда сиқырлы ағаштарымның суреті бар, солардың астында тапсырмалар берілген. Егер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сендерді күн жылынғанда орманға саяхатқа шақырамын. Түрлі ағаштарды көрсететін боламын. Сендер олармен жақынырақ танысатын боласыңдар. Ал, қазір менің жұмысым көп, кетуім керек. Сау болыңдар, балалар.
– Балалар, мына әр ағаштың астында жасырылған тапсырмалар бар көрінеді. Қызық, мынау хат па, конверт сияқты, ішінде не жазған екен? (ашып оқу). Ағаштың астындағы тапсырмаларды орындауларың үшін алдымен мына жұмбақтардың шешімін табыңдар.
Ендеше жұмбақтарды оқиын.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?
Көзі тостақ, өзі қорқақ.
Дұрыс айтасыңдар, айлакер түлкі мен қорқақ қоян.
|
Балалар шаттық шеңберін жасап, қонақтармен амандасады.
– Қыс мезгілі.
– суық, аязды, боранды, қарлы.
– Көктем мезгілі келеді.
Орманшы атаймен амандасады.
– Аққайың, шырша, терек, тал, бәйтерек, алма ағашы.
Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.
1. Түлкі
2. Қоян
|
Ұйымдас-
тырушылық-ізденістік
|
– Балалар, түлкі жыртқыш аң, ал қоян жыртқыш емес.
– Қоян өте қорқақ аң, оны үйде асырауға да болады.
1-тапсырма
«Түлкі мен қоян» жайлы орыс халқының ертегісін қуыршақ театры қойылымы арқылы таныссыңдар.
Ертегіні қуыршақ театры арқылы көрсету.
Түлкі мен қоян
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Арыстанмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін арыстан түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып, ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
2-тапсырма
Слайд арқылы сұрақ-жауап. Ертегі мазмұны бойынша. ТРИЗ әдісі
– Ертегі ұнады ма?
– Ертегіде нелер туралы айтылған?
– Ертегіде түлкінің құйрығы қандай болыпты?
– Түлкі арыстанмен тату тұрмаған соң не істеген?
– Бір күні не болыпты?
– Түлкі қалай құтылып кетіпті?
– Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
– Сол жерде өзін ұстап алған қоян түлкіге не депті?
– Иә, балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
Билингвальды компонент: түлкі – лиса, қоян – заяц, арыстан – лев.
3-тапсырма.
Сергіту сәті:
Жазған аңыз, ертегіңді
Ынта қоя тыңдаймыз
(кітап оқығандай қимыл көрсетеді).
Ертегілер еліне ұшатын кілемге отырып ұшамыз‑ұшамыз
(екі қолымен қанат жасап ұшады).
Түлкі болып қашамыз‑қашамыз
(бір орындарында тұрып жүгіреді).
Қояндай сақ болайық, сақ болайық,
Ал, енді орнымызға отырайық‑
отырайық.
4-тапсырма. Түлкі мен қоянға сипаттама беріңдер.
Слайд. ТРИЗ әдісі бойынша.
– Түлкі қандай?
– Түлкінің терісі қандай? (үлпілдек, жұмсақ)
– Тағы нелер үлпілдек, жұмсақ болады? (қар, тымақ, мысықтың жүні, балапан, жастық).
– Түлкінің баласын қалай атайды? (жәутік) екен.
– Ал, қоян қандай?
– Неге қоянның терісі қыста ақ болады?
– Балалар, қоян қалай дыбыстайды? (шыңғырады)
– Қоянның баласын қалай айтамыз?
– Түлкі қандай дыбыс шығарады? (шәуілдейді).
– Балалар, «Түлкі» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
Ендеше «Түлкі» сөзін буынға бөліп көрейік.
– «Түлкі» сөзінде неше буын бар екен?
– Балалар, мен неге «Т» дыбысын көк түспен жазып қойдым?
– «Т» дыбысы неге дауыссыз?
– Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?
Міне, балалар, біз түлкі және қоян сөзіне талдау жасадық.
5-тапсырма.
Ойын: «Буын ұйқас»
-ян, -ян, -ян, қалқан құлақ қоян.
-кі, -кі, -кі, орманда жүр қу түлкі.
-қыр, -қыр, -қыр, көкжал қасқыр.
-ю, -ю, -ю, қорбаңдаған аю.
-ін, -ін, -ін, ағашта жүр тиін.
6-тапсырма.
Ойын: «Қандай жануар?»
Ойынға конверт дайындалады. Конверттің ортасы дөңгеленіп қиылған. Жануарлардың суреті конвертке салынады. Ойықтан көрінген аңдардың дене мүшелері арқылы қандай жануар екенін табады.
|
Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.
Тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
– Иә, ұнады.
– Түлкі, қасқыр, қоян туралы.
– Құйрығы кішкентай болыпты.
– Қасқырдан қашып жүреді екен.
– Қасқыр түлкінің ізіне түсіп, ініне кіріпті.
– Інінің екінші тесігінен шығып кетіпті.
– Ағаш түбінде отырған Қоянды көреді.
– «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты.
Сөздерді қайталайды.
Сергіту сәтін мәтіннің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
– айлакер, өзі қу, жүрген жері айғай-шу, иісшіл, құлағы жақсы естиді, терісі әдемі, ұяларды бұзады, ұсақ құстарды ұстайды, ұрлықшы.
Балалар өз ойларын айтады.
– Қорқақ, мақтаншақ, жылдам жүгіреді, кеміргіш, екі түрлі тон киеді, сақ құлақ.
– Түсі сұр, ақ, тонының түсін өзгертіп отырады.
– Көжек.
– «Т» дыбысы естіліп тұр.
Балалар буынға бөледі.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
– «Т» дыбысы дауыссыз, өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығады.
Буын ұйқасын тауып отырады.
Балалар ойынға қызығушылық танытып ойнайды.
|
Рефлекциялық-түзетушілік
|
– Қандай ертегімен таныстыңдар?
Жылулық шеңбері:
Балалар шеңберге жиналып, өздері жабайы аңдардың рөліне еніп, адамдарға тілек білдіреді.
Балалар, сонымен орманшы атайдың ағаштарындағы тапсырмаларын орындадық. Енді күннің жылуын күтейік.
Келген қонақтарға балалар сыйлықтарды таратады.
|
Мен аю – адамдар көп бал жеп жүріңдер, сонда ауырмайсыңдар.
Мен қоян – өзімнің жүйріктілігімді тілеймін.
Мен тиін – ақкөңілділігімді тілеймін.
Мен қасқырмын – батылдылығымды тілеймін.
Мен түлкімін – өзімнің әдемілігімді тілеймін.
Мен де түлкімін – бірақ мен сияқты айлакер болмаңдар.
Мен аюмын – мен сияқты аңқау болмаңдар.
Мен қоянмын – мен сияқты сәбізді көп жеңдер.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз. Табиғатты сүйеміз, Қамқорлықпен қараймыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |