Көсемнің бейнесі Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.
Бойы шағын ғана, кеудесі енді, көзі кішкентай, жыпсық. Үлкен басында сирек енді ақ түскен сақалы бар, мұрны кішкене жалпайған, көздері кішкентай. Осы түріне қарамай көсем өз асқақ жүрісімен, ауыр көзқарасымен өзінің құдыретті тұлға екенін білдіріп ғиззат сезімін тудыратын. Соғыс - кәсібі болса да, ашушаң емес, өте ақылды, мейірімді кісі тұғын.[6]
Бұл сипаттама азиялық немесе моңғолоидтық нәсілге келеді[7].
448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.
Еділ қағанның ат үстіндегі бейнесі