Әдіснама – гректің әдіс және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.
Мағынасы – әдіс туралы ілім. Әдіснама – теориялық ойлаудың философиялық негізі.
Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
Әдіснама – іс-әрекеттің құрылымы, қисынды ұйымдастыруы, әдістері мен құралдары туралы ілім.
Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен құрудың қағидалары жүйесі мен тәсілдері, сонемен бірге, сол жүйе туралы ілім.
Әдіснама – дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып- білудің жолы, философиялық ұстанымы.
Әдіснама – таным және дүниені өзгертуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдары мен шарттарын зертейтін білімдер саласы.
Әдіснама – іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім.
Әдіснама – адамның кез-келген іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.
Адамның іс-әрекеті
Репродуктивтік: адам өзінің тәжірибесін немесе басқа адамның іс-әрекетін қайтадан көшіру.
Продуктивтік: зерттеушінің жаңа немесе сбуъективтік жаңа нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеті.
Екінші іс-әрекет үшін зерттеуші әдіснаманы қолданады.
Әдіснама іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілімі, ол ғылыми білімге негізделеді.
Ғылым – шындық туралы объективтік білімді теориялық жүйелеудегі адамның іс-әрекет саласы.
Ғылым – табиғат, адам, қоғам туралы күмәнсіз (анық) білімдердің жүйесі.
Ғылым мына аспектілерді қамтиды
ғылым әлеуметтік институт (ғалымдар қауымдастығы, ғылыми мекемелердің жиынтығы);
ғылым нәтиже(ғылыми білім);
ғылым үдеріс(ғылыми іс-әрекет).
Ғылым саласындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу білімді ұйытқылайтын іс-әрекет, дәлірек айтсақ, ғылыми білім.
Зерттеу – жеке зерттеушілермен жаңа ғылыми білім алу іс-әрекеті немесе субъективтік үдеріс.
Зерттеу – жеке зерттеушілермен жаңа ғылыми білім алу іс-әрекеті немесе субъективтік үдеріс.
Зерттеу іс-әрекетінің негізгі компоненттері:
проблеманы анықтау;
мақсат пен міндеттерді құру,
ақпараттарды талдау;
болжамды қою;
тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыру;
тәжірибе жүргізу;
алынған нәтижені талдау мен жалпыламалау;
алынған деректер негізінде болжамды тексеру;
жаңа деректер мен заңдар құру;
ғылыми болжамға түсініктеме беру немесе алу.
Ғылыми білім – оқып үйренетін процестердің, құбылыстардың мәнді белгілерін, қасиеттерін түсіндіретін, айқындайтын білім.
Ғылыми білім – оқып үйренетін процестердің, құбылыстардың мәнді белгілерін, қасиеттерін түсіндіретін, айқындайтын білім.
Ғылыми білім – дәлелдейтін, деректермен растайтын білім.
Шынайы құбылыстар мен процестерден немесе олар туралы ғылыми білімді алу үшін үш міндетті орындау керек:
баяндау,
түсіндіру,
болжау.
Ғылыми білімнің құрылымы
Ғылыми білімнің өзекті саласы: жаратылыстану, кибернетика, антропология, қоғамдық ғылымдар, техникалық ғылымдар;
Философия: дүниеге көзқарас жүйесі.
Математика: құбылыстар мен үдерістердің формальды моделдерін жасау немесе құру.
Тәжірибелік ғылымдар: медицина, педагогоика, технологиялық ғылымдар(В.С.Леднев).
жүйелілік (бір проблеманы шешуге ғылыми, көркем, тәжірибелік білімдерді сипаттауы).
Ғылыми білімнің жіктелуі
білімнің пәндік саласымен топқа бөлінуі: жаратылыстану, математика, гуманитарлық, техникалық;
білім мәнінің бейнелену тәсілдері бойынша: баяндаушы (биология, гееография, психология, педагогика және т.б.) және түсіндірмелі (сандық шамаларды немесе құралдарды талдау арқылы құрылатын ғылым салалары);
ғылыми білімнің функциясы бойынша: фундаментальды және қолданбалы;
ғылыми білімнің ойлау формасы бойынша: эмпирикалық және теориялық.
Ғылыми білімді ұйымдастырудың формалары
дерек(оқиға, нәтиже);
ұғым(түсінік);
категория(білім беру, оқыту, тәрбие, тұлға, оқушы, дамыту және т.б.);
Теориялық: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру, нақтылау, пайымдау, жалпылау, моделдеу, ұқсастық және т.б.
Эмпирикалық: әдебиеттерді, құжаттарды оқып үйрену, бақылу, пікір алыс, интервью, сауалнама, мониторинг, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену мен жалпылау, тәжірибе, сараптау, тестілеу және т.б.
Педагогикалық зерттеудің қисынды құрылымы
Бірінші кезең:
зерттеудің нысанын анықтау;
зерттеудің пәнін анықтау;
зерттеудің тақырыбын таңдау мен мазмұнын құру(примерная);