Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет17/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)
Самал кукык онлайн сабак 2021, Самал кукык онлайн сабак 2021, Бағалау парағы, ел ертеңі жастар, жас маман жоспар, жас маман жоспар, Ғылыми жоба, тарих, тарих, 00074ea1-4d61d000, osh sor himija emn 10-klass kaz, Документ Microsoft Word (2), тәрбие құралдары, Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ
Білім беру - бұл тәрбие мен оқытудың біртұтас жүйесі, бұл екі құрамдас бөлікті бөлуге болмайды. Құнды және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.
Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2. Рухани-танымдық тәрбие.
3. Ұлттық тәрбие.
4. Отбасылық тәрбие.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет