Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
6В05102-Биотехнология мамандығының
3 курс студенттеріне арналған
жоғары білім (бакалавриат) оқыту бағыты бойынша
«Өндірістік биотехнология» пәні бойынша
практикалық сабақтарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Ақтөбе, 2021 ж.
Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.
Студенттердің практикалық жұмыстарды өз беттерінше және сабақ үстінде орындауын ескере отырып жазылған.
Құрастырған: б.ғ.к., аға оқытушы А.К. Калиева
Кафедра мәжілісінің отырысында мақұлданған.
Хаттама ____ «___»___________ 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Г.Б. Адманова
АЛҒЫ СӨЗ
Өндірістік микробиологиялық синтез бұрыннан-ақ
маңызды мәселелердің бірі, биологиялық технологияның аумағы болып саналады.
Микробиологиялық синтез технологиясымен немесе микробиологиялық технологиямен жұмыс жасаған уақытта адам баласының бағалы өнімдерінің, олардың тіршілік ететін өнімінің бастапқы шикізатын немесе микроорганизмдерді өңдеу әдісі мен процесі туралы ғылымды білуі керек екенін ескеру керек. Адам баласы микроорганизмдердің әр түрін бұрыннан-ақ қолданып келген, шарап ашытуда, сыра қайнатуда, нан пісіруде, спирт алуда және сүт қышқылы өнімін алуда қолданған.
Өндірісте микроорганизмдерді культивирлеудің бірқатар артықшылықтары бар. Микроорганизмдердің көмегімен алынған биопрепарат ауыл шаруашылығының егіншілік өнімдерін жүз есеге дейін көтереді. Микроорганизмдердің көмегімен өндірістік масштабта антибиотик, ақуыз, витамин, фермент және т.б заттар алынады. Химиялық жолмен ала алмаған күрделі және қымбат өнімдер биотехнологиялық синтездеумен алынады.
Биотехнологиялық процестерде химиялық қатынастан технологиялық қатынасты ажырату қолайлы. Биологиялық катализатордың әсерінен фермент реакциясы төменгі температурада (20-60оС) жоғары қысымды қолданбай ақ жүреді. Осының өзінен ақ өндірістің технологиясы ықшамдалып, экономикалық тиімділігі жоғары екендігі байқалады. Микроорганизмдер табиғатта жүріп жатқан көптеген өзгерістерге тікелей байланысты. Микроорганизмдердің белсенді әрекетінің әсерінен күрделі органикалық заттарға айналады, қайтадан табиғаттағы заттар айналымына енеді. Топырақты азотпен байытуда, азот сіңіруші микроорганизмдердің атқаратын қызметі жоғары. Себебі атмосферадағы азоттың топыраққа сіңуі, тек осы микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты.
Микроорганизмдерді арзан әрі оңай табылатын (әр түрлі өндіріс қалдықтарында) ауыл шаруашылық қалдықтарында өсіруге болады. Өсімдікті жәндіктен қорғайтын микробиологиялық зат ауыл шаруашылық дақылдарын сақтаудың арқасында өнімділігін жоғарылатады. Ауыл шаруашылығында тамақ, сүт, медицина, жеңіл және химия өндірісінде, қара және түсті металлургияда, машина жасауда және көптеген халық шаруашылығының басқа да салаларында микробиологиялық синтез өнімін қолдану жыл сайын өсуде. Жаңа жүз жылдықта ғылыми зерттеу жұмыстардың қарқынды дамуының арқасында биотехнология қарқынды шапшаң түрде дамуда.