Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


-тақырып: Ұлы адамдар өмірінен



бет33/48
Дата07.02.2022
өлшемі357,5 Kb.
#87953
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
7.7-тақырып: Ұлы адамдар өмірінен. Сөздік минимум: Ұлы, ұлылық, саналы, табиғи дарын, еліне қызмет ету, білім шыңы, толығу, кемеліне келу, із қалдыру, болашақты болжау.
Сөйлесім үлгілері: «Ұлы» деген сөзді қалай түсінесіз? Ұлы адамдардан кімдерді білесіз?
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз [1, 514-б. 6-жаттығу]. Абай.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845жылы қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі, Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ тілге бай адам болған. әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз, әңгімелерді айтып жақсы тәрбиелеп отырған. Әкесі Құнанбай Абайды тоғыз жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. Он үш жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалқып» деген өлеңдеріне ән шығарады.Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырады.
2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз [1, 515-б. 7-жаттығу]. Қазақ халқы, ұлы ақын, қатал адам, мінезі жұмсақ, тілге бай, шығарып алып, үйренуге тырысу, ән шығару, қатты сынға алу, үлгі алуға шақыру, дүниенің кілті, көкірек; көзің шайдай ашылады, қайтыс болу; кітап болып шығу; кеңес дәуірі; дүние жүзі біледі. Ақын өміріне арнау.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз[1, 515-б. 10-жаттығу]. Абай кім? Абай қайда және қашан туған? әкесі мен шешесі қандайц мінезді адамдар болатын? Абайды кім тәрбиеледі? Ол қайда оқыды? Нені үйренуге тырысты? Кімнің шығармаларын көп оқып, қазақ тіліне аударуға тырысты? Ол өзінің шығармаларында кімді қатты сынға алады? Абайдың шығармалары қашан басылып шықты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет