Ластайтын заттардың әлемдік көлемде көрінуі. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттарды және микроорганизмедрді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр-түрлі өндіріс қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Ластағыш заттардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметр олардың атмосферада болатын уақыты. Осыған байланысты ластаушы заттар 3 түрге бөлінеді:
әлемдік көлемде ластайтындар-қоршаған ортада әлемдік аймақта тарайтын, атмосферада ұзақ уақыт (бірнеше жыл немесе ай) сақталатын ластаушы заттар (СО2, фреон жартылай ыдырау мерзімі 1 айдан жоғары радионуклидтер).
аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің көптеген әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) үлкен аймақты ластайтын, бірақ оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқаннан кейін төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, бірнеше тәулік бойы атмосферада сақталатын ластағыш заттар (SO2, No2, пестицидтер, ауыр M )
жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) атмосферада аз уақыт сақталатын ластағыш заттар (ірі дисперсиялық аэрозольдар, H2S, SO2, No2 т.б.).