Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет56/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

ҚАУІПТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Шығу тегіне қарай:

Пайда болу уақытына қарай:

Әсер ету орнына қарай:

Физикалық
Химиялық
Биологиялық
Психофизиологиялық

Импульстік (лездік)
Кумулятивтік (жинақталып келетін)

Ғарышпен байланысты
Атмосферамен байланысты
Гидросферамен байланысты
Литосферамен байланысты

Салдарына қарай:

Келтіретін зияндарына қарай:

Пайда болу аясына қарай:

Шаршаңқылыққа әкелетін
Ауру туғызатын (жалпы және кәсіби)
Жарақаттар туғызатын
Өлімге әкеп соқтыруы мүмкін
Өрттің шығуына әкелуі мүмкін
Апаттар туындататын

Әлеуметтік (халыққа зиян тигізетін)
Техникалық
Экологиялық (қоршаған ортаға зиян тигізетін)

Өндірістік
Тұрмыстық
Жол-көліктік
Спорттық
Әскери



Тіршілік қауіпсіздігі пәнін оқытудың негізгі мақсаты:
адамдарды сырт ортамен қауіпсіздіқ қарым-қатынаста болып, өмір сүруге қолайлы (камфортты) жағдайларды жасауға уйрету.
Міндеті:
қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;

  • қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;

  • болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;

  • ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға үйрету;

Қауiптердiң жүйеленуi, принциптері.

  • Техногенді – адамның техникалық құрал-жабдықтарды қолдануы негізінде туындайтын қауіп.

  1. Физикалық - қозғалмалы машина мен механизмдер, өндірістік қондырғының жылжымалы бөлігі, қозғалмалы бұйымдар, бұзылатын құрылымдар, бұзылған тау-кендер жұмыс жасау аумағының ластануы, шаңдануы УК, ИҚ дыбыстары, вибрация, шу жоғары дәрежесі, жоғары және төменгі барометрлік қысым, ылғалдылық, ауа қозғалысы, табиғи жарықтың болмауы және жетіспеуі, жұмыс орнының жерге қатысты биіктіктегі жоғарлығы жатады.

  2. Химиялық – химиялық заттардың адам ағзасына әсер етуіне байланысты улы, тітіркендіргіш, концерогенді, мутогенді т.б болады. Адам ағзасына түсу жолына байланысты: тыныс алу, асқазан қорыту мүшесі, тері және шырышты қабықшаға әсер етеді.

  3. Биологиялық – потогенді микроағзалардың барлық түрі жатады.

  4. Психофизикалық – физикалық ( статистикалық және динамикалық) және жүйке психикалық (ой күштілігі, еңбектің бір қалыптылығы, шамадан тыс жүктеу) жатады.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет