Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.
Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туындауы мүмкін.
ХЛАМИДИОЗ
Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады.
Хламидиоздың белгілері:
ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;
әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.
ауру көбінесе білінбейді.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.
Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.
МЕРЕЗ
Бұл ауру бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтыру гигиеналық тәртіпті сақтамауыдан. Бастапқы белгілері 10-80 күн ішінде байқалады.
Топтастыру (белгілері бойынша):
Ілкі мерез – (бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады, ол қатты шанкр деп аталады; жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішік аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |