Әдебиет: 1-5
Практикалық сабақ 5. Тақырыбы: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Мақсаты: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру жолдарын талдау.
Терминдер:
Әдістемелік нұсқау: келесі сұрақтар бойынша конспект дайындау және ауызша жауап беру
Сұрақтары:
1.Сапаны өлшеу әдістері.
2.Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы.
3. Сапа көрсеткіштері және сапаға қойылатын талаптар..
Көрнекілікгі: топтық жұмыс, Power Point бағдарламасы бойынша презентация
Әдебиет: 1-5
8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Сабақ кезеңдері
|
Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары
|
Қолдануға тиімді тәсіл-дер
|
Проблеманы айқындау
|
Оқытушы:
- Білім алушыны жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.
Білім алушы:
-Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
- Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
- Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
- «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу
|
Проблеманы шешу
|
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады.
Оқытушы:
- білім алушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
- білім алушылардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім алушы:
- жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады;
- мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;
- жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
- «Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Қос жазба күнделігі, Білемін, білгім келеді, білдім, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Үш қадамды сұх-бат, Топтық зерттеу
|
Проблеманың шешімін қолдану
|
Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі.
Оқытушы:
- білім алушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.
Білім алушы:
- осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды;
- олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
- өзінің жаңа біліміне баға береді;
- жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолданады;
- «Не білдім/үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді;
- сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақ-тар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталас, Топ-тық зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Аквариум, Жеңілдетілген анықтама/түсіндірме.
|
Достарыңызбен бөлісу: |