ІSВN 978-601-250-179-7 Белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаев әдебиеттің барлық жанрында жақсы жазады. Бұл айтқанымыздың айқын көрінісі – Әлдиханның осы томға енгізіліп отырған пьесалары, тәмсілдері.
Осындағы пьесалардың дені еліміз театрларының сахналарында, қазақ телевизиясында қойылған. Оның пьесасы бойынша Жамбыл облыстық драма театры қойған «Шаншар атай» спектаклі 1980 жылы Бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесіне ие болған.
Тәмсілдер Әлдиханның сөз зергері ғана емес, өмір-өзенді, қоғамдық құрылыс үрдістерін жетік білетін ерекше талант екендігін көрсетеді. Олардан оқырман көп ой түйіп, өзі де ойланып сергіп, білім-білігі өсіп, рақат сезімге бөленеді.
Жазушы-драматургтілге шешен, жазуға жүйрік. Шығармаларының барлығы бір деммен оқылады.
Сәбит – колхоз председателі, отыздың үстіндегі жігіт. П РОЛОГ Бүкіл сахнаның өн бойына алып қарбыз бейнеленген.
Жарық сол қарбызға құйылып тұр.
Авансценаға Әшірбек, Бекен, Санатбай бар – бір топ бала шығады. Бұл – олардың балық аулауға кетіп бара жатқан беті. Бекен (қолтығында ораулы қағазы бар). Атайға тым қатты кетіп қалған жоқпыз ба өзі? Ілмей-ақ қойсақ қайтеді?
Әшірбек. Сөйттік-ау, деймін. Ойланып көру керек екен әлі.
Санатбай. Қара-а! Аяп тұрсыңдар ғой өздерің. Қақпасына емес, қақ басына ілсе де аз ол шалдың.
Бекен. Тантыма, сен өйтіп. Біздікі қорлау емес – ойнау, біле білсең.
Әшірбек (Санатбайды ала көзімен ата). Ұялмай-қызармай шындап барады ғой, өзі-ей.
Санатбай (дереу мүләйімси қалып). Мен де ойнап айтамын. (Балалар сахнадан шығып кете барады да, ізінше дүркірей қайта қашып келе жатады. Санатбай сүрініп кетіп, бір аяғындағы туфлиі ұшып кетеді. Оған қарауға шамасы келмей, зытып барады. Шаншар атай шығады). Шаншар атай. Сендерді ме? Сендерді... Қап, ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ, өстіп текке көше таптағаннан басқаны білмейді бұлар енді. Кешкісін үйді-үйлеріңе барып, шекелеріңді біраз тырсылдатып қоймаса болмайды екен, бұл... Бірінші бөлім
Бірінші көрініс
Жаз. Колхозды ауыл. Ұзын кең көше. Шаншар атайдың үйінің алды. Қақпаға үлкен қағаз жапсырылған.Онда мынадай жазу бар.
Шертпек шарты 1.Білгірсігенге – бір шертпек.
2.Елпеңдегенге – екі шертпек.
3.Үрпигенге – үш шертпек.
4.Төбелескенге – төрт шертпек.
5.Бедірейгенге – бес шертпек.
6.Аяншаққа – алты шертпек.
7.Желпілдекке – жеті шертпек.
8.Селкілдекке – сегіз шертпек.
9.Тоңқылдаққа – тоғыз шертпек.
10.Ойымпазға – он шертпек.
Осы шартты жасап, бармағын басушы Шынқожаұлы Шаншар. (Соңында бармағы басылған).
Қақпа түбіндегі есіктен Шаншар атай шығады.
Саялы қара ағаш түбіндегі орындыққа отырып жатып, атайдың көзі қақпадағы қағазға түсіп кетеді. Шаншар атай. Бұ несі? Е-е, ауылға әртіс келген екен ғой. Жер таппағандай ілген жерін. (Орнынан тұрмақ болып). Қане, көрелікші, бас терісі келіскен әртіс пе екен, жо... (Қайта жайғасып). Әй, қайдан?! Бұл күнде жұрт бір көрсем дейтін әртіс Алматыдан шыққанды қойып, селкілдеген бала-шаға келетін болды ғой ауылға....
(Есік көзінен Әлипа көрінеді).
Әлипа. Қасында біреу бар екен десем, жалғыз ба өзі? Не болды, байғұс-ау, жападан-жалғыз отырып, сөйлеп.
Шаншар атай. Әртіс келіпті ауылға.
Әлипа. Әртісі қане?
Шаншар атай. Әне.
Әлипа. Қане?
Шаншар атай. Ана көлдей қағазды көрмей тұрсың ба?
Әлипа. Мен де бір шынымен келіп қалған екен десем, құр қағазы екен ғой... Мейлі, көрейікші сонда да, Бибігүл, Розалар бар шығар ішінде.
Шаншар атай. Көр, көр. Мен не деймін, қобызым не дейді. Табарсын Бибігүл мен Розаны, жаман қатты...
Әлипа. Мейлі, көрейікші әуелі. (Әлипа қақпаға тақап барып, қағазға үңіліп сәл тұрады). Жазған-ау, әртіс болса, суреті болмайтын ба еді мұның?
Шаншар атай. Суреті неге керек? Құлақтандыру да.
Әлипа. Әртіс те емес, құлақтандыру да емес, барып тұрған шимай-шатпақтың дәл өзі ғой мынау.
Шаншар атай. Не деп тұр өзі?! Әкелші бері.
Әлипа (қағазды әкеліп беріп жатып).Көз әйнегіңді әкелейін бе?
Шаншар атай (қағазға төне түсіп). Қажеті жоқ. Әріптері бақандай-бақандай екен, көз әйнексіз де бірдеңе қылармыз... (Шаншар атай қағазды тізесіне қойып алып асықпай оқи бастайды). «Шертпек шарты. Білгірсігенге – бір шертпек. Елпеңдегенге – екі...».
Әлипа. Бұл несі, әкем-ау?
Шаншар (қағазға үңіле түсіп). Тұра тұршы сәл. Бұл бір қызық екен. (Атай енді бір қызарып, бір сұрланып оқып шығады). Жар-райсындар, аз-за-мат-тар! Әлипа-ау, мына балалар қатырыпты мені әбден.
Әлипа. Не ғыпты байғұс-ау?
Шаншар атай. Атама, тегі. «Шертпек шарты» деген бір пәлені тауып, соны маған теліп жазып кетіпті. Міне, менікі қылып біреуі бармағын да басып қойыпты.
Әлипа. Жасың болса келді, бұл балалардан аулақ жүр деп айтпап па едім басында. Көрдің бе? Міне, енді ақыры қақпаға қағаз жапсырып кетіп, елге әшкере етіп тынды.
Шаншар атай. Сен де айтады екенсің. Әшкере ететін мен бір ұрлық жасаппын ба? Көрсін, керек болса ел.
Әлипа. Қой әрі. Сен қырсыққан екен деп қайта жапсырып қоймақпыз ба мұны? Бері әпкел бері, құртайын көзін.
Шаншар атай. Жо-оқ. Керек болады бұл әлі.
Әлипа. Қойшы құрысын. Бұл неге керек?
Шаншар ағай. Жаның тірі болса көресің, қазір-ақ келеді балалар осында.
Әлипа. Шынында да, келе жатыр, әне.
Шаншар атай. Келсін, келсін. Айтпадым ба, менің күйіп-піскенімді көрмек қой. Жо, Шаншардың шалымы таусыла қойған жоқ әлі. Мә, сен мынаны алып үйге бара тұр, бұлармен мен жалғыз өзім қалып сөйлесейін.
Әлипа (шартты алып). Сөйлесетін не бар? Сазайын беру керек! (Кетеді). Балалар шығады. Бәрі атайға жамырай сәлем береді. Балалар: Ассалаумағалейкум, ата.
– Салаумала-ейке-е-ем...
Шаншар атай. Уағалейкмуссалам. Бәрекелді. Қане, қолды әкеліңдер. Сәлемдесу серті – қол алысу. Құр «Ассалау» деген аз адамға. Ауыз айта береді, алақан антқа жүреді. Қол алысып, амандасқанда ғана білемін мен сендердің қайсыңның қандай жігіт екеніңді.
Әшірбек. Сәлеметсіз бе, ата.
Шаншар атай (Санатбайдың қуланып тұрғанын түсіне қояды). Қарай көріңдер-ей! Байқаймын, қу тілді бала болатын түрің бар-ау өзі. Қу тілдінің әркез көңілі тоқ, көп қақсағанмен, қайырымы жоқ. Сен мұны әлі күнге дейін білмейді екенсің ғой, соның үшін сенен екі шертпек аламыз. Әпкел бері басты. (Санатбай басын тосады. Шаншар атай Санатбайдың басын екі тізесінің арасына қысып алады). Бисмилла. Бір. Бұл безілдеген тілің үшін. Екі. Ендігәрі мұны біліп жүруің үшін.
Санатбай. Ата, ана шартыңызда безілдеген тілің үшін деген де бар ма еді?
Санатбай. Несі қай-қайдағы оның? Өздерің емес пе едіңдер: «Атайдың шертпегінің шартын қағазға жазып, қақпасына іліп қояйық», - деген. Енді кеп менің аузыма қақпақ боласыңдар...
Шаншар атай. Жарайсыңдар! Тым әдемі өлеңдетіп жазыпсыңдар. Одан да қатырып жазу керек еді, аяғансыңдар ғой аталарыңды... (Есіктен Әлипа шыға келеді.
Бір қолында шарт, бір қолында таяқ). Әлипа. Бүйтіп аяғандары құрысын бұлардың. Алдымен ел-жұртқа күлкі қылып алып, артынан аямақ екен ғой. (Таяғын көтеріп балаларға тап береді. Балалар тым-тырақай болып қашып кетеді). Көрсетейін, мен, түге, сендерге. (Таяғын балалардың артынан жіберіп қалып). Мә, шарт!
Шаншар атай. Жә. Шаптықпай, сөзге қонақ бер, былай, кішкене. Балалар дұрыс істеген. Титтей қымс етсе, шекелерінен шертпек алып, әбден мезі еткен екенмін мен бұларды.
Әлипа. Әдет болмай кетсін, бұл құрғыр. Қойшы осыны, иманды болғыр.
Шаншар атай. Қоймаймын. Қоя алмаймын! Шаншардың шертпегінен ешкімнің шекесі зардап шеккен емес. Адам бола түседі қайта. Бұл балалар әлі білмей жүр екен мұны. Осыны түгел біліп алғандарынша мен олардың шекесінен шертпек алуды доғармаймын. Ығыр болар, қисаңдар. Мейлі. Ал мыналарына ренжудің еш жөні жоқ, қуану керек қайта.
Шаншар атай. Әй, кемпірім-ай, кемпірім! Құр үлкен екенмін деп балаға әлім жеттілік ету адамды түбі ұятқа душар етеді. Қылығына қарай жазалау керек, бұл бала деген шіркінді. Мұншама ақылды сөзді қисынын келтіріп жазған балаға қайтіп қол көтермексің? Айналу керек олардан. Көріне ме, шақыршы өздерін, бері.
Әлипа. Иә, тапқызар, жаман қатты...
Шаншар атай. Тапқызады. Табамын мен. Сөзім бар айтатын. (Әшірбек шығады). Әшірбек. Міне, біз мұндамыз, ата.
Шаншар атай. Ұзай қоятын жөндерің жоқ еді ғой, бәсе. Шақыр бәрін бері.
Шаншар атай (орындықты нұсқап). Қане, отырыңдар мынаған. (Балалар жайғасады). Ал, әңгіменің ашығына көшейікші енді. Қайсың ойлап таптыңдар мына шартты?
Шаншар атай. Тоқтаңдар. Доғарыңдар бәрің сөзді. Кешіретін не бар мұнда? Мен сендерге қайта: «Міне, азамат» дегелі отырмын. Тіптен ғажап етіп тізіп жазыпсыңдар. Мен ендігі жерде сендерден шертпекті осы шартқа қарап отырып алсам ба екен деген ойға келіп отырмын.
Әшірбек. Кешіріңіз, ата. Олай ойлаған жоқ едік.
Бекен. Біздікі бір білместік болыпты, кешіріңіз, ата.
Шаншар атай. Тоқтаңдар. Доғарыңдар бәрің сөзді. Кешіретін не бар мұнда? Мен сендерге қайта: «Міне, азамат» дегелі отырмын. Тіптен ғажап етіп тізіп жазыпсыңдар. Мен ендігі жерде сендерден шертпекті осы шартқа қарап отырып алсам ба екен деген ойға келіп отырмын.
Әшірбек. Сөйтіңіз, ата.
Бекен. Осы қазір алыңыз.
Шаншар атай. Не деп алам? Тапқыр балалар екен деп алам ба? Мен алсам, шертпекті кінәларың үшін алам. Ойнап жазсаңдар да, ойлап жазсаңдар да менің көкейімдегінің бәрін тауып жазыпсыңдар. Өздерің ауытқып жүрмесеңдер мен ауытқымадым енді бұдан.
Әшірбек. Ауытқымаймыз.
Санатбай. Біз әрқашан дайынбыз!
Шанш бар атай. Жарайсың, Санатбай! Келістік, ендеше. (Әлипаға). Әлипа, сен қолыңдағы шартты үйге апарып, жоғарырақ бір көрнекті жерге іліп қой.
Әлипа. Қойшы, құрысын! Құран ба еді бұл сонша қастерлейтін. Отқа салып жіберемін мен мұны қазір.
Шаншар атай. Әй, кемпірім-ай, білмейсің сен. Білсең, құлаққа кірмейтін құранның мың сөзінен өзім мәмілелескен бір сөз артық маған. Апарып қой.
Әлипа. Апармаймын! Мә, ұста да отыр өзің! (Шартты атайдың алдына тастай салып, бұлқан-талқан болып шығып кетеді).
Күліңдер, күлмеңдер біз бір-бірімізді өстіп ептеп қажақтап отыратынымыз бар. Бізді қойыңдаршы. Ал сендердікі не жүріс, бұл көшеде бостан-босқа саусылдап?
Әшірбек. Ойнап жүрміз.
Шаншар ағай. Осы сендер биыл қай класты бітірдіңдер?
Бекен. Сегізінші.
Шаншар атай. Он бестемін деңдер. Өз жорамалым да дұрыс екен ғой, бәсе. Бұлай бос жүру жарамайды.
Санатбай. Енді не істейміз? Каникулды өкімет бізге ойнасын деп берген. Ойнаймыз.
Шаншар атай. Айналайын өкіметім, бәрін біледі. Ойнаңдар, ойнаңдар. Ойын да бір, балалардың үстіне киетін киімі де бір – білгенге. Жарасымды киім бой көтереді, оңды ойын ой көтереді. Өйтпейді екенсіңдер, аздырып-тоздырып жібереді бұл құрғыр. Бір мезгіл шаруаға айналған жөн.
Санатбай. Біз ойнауын ойнаймыз ғой. Шертпекті қайтеміз бірақ?
Шаншар атай. Қайткені қалай? Шартқа отырдық емес пе енді? Шартты бұзсаңдар, шекелеріңді тоса беріңдер. Біліп қойыңдар, сендер қашан өсіп, жігіт болғанда шертпекті алғаным алған, өстіп. Мұсатай шығады. Мұсатай. Ассалаумағалейкум, ақсақал.
Шаншар атай. Уағалейкумассалам. Мұсатаймысың? (Екеуі қол алысады). Иә, қайдан?
Мұсатай. Колхозгершілік те баяғы. Жай жүрген, майдалап. Өзіңіз ше?
Шаншар атай. Бұл қай сөзің, батыр? Колхозгершілігің не, майдалағаның не? Түсінбедік қой бірін де.
Мұсатай (орынсыз ыржақтап күліп). Әй, жарықтық-ай. Түсінбейтін не бар? Колхоздың бір шетінде жұмыс қызып жатса, екінші шетінде жүрмейтін бе еді ел деген өз бетімен... Жүрміз біз де сөйтіп...
Шаншар атай. Біргәдір емеспісің сен?
Мұсатай. Бригадирмін.
Шаншар атай. Біргәдір деген өйтіп ауа жайылғанды жөнге салмай ма екен. Сөйтіп, өзі де жұмыстың қайнаған ортасында жүрмей ме қайта? Майдалаған деген не пәле, тағы?! Майдалаған адам – тайғанаған адам.
Мұсатай (кергіп). Колхоздың жұмысы бір жаққа қашар деп пе едіңіз, сонша? Жұрт істейді өзі, еңбек күнкерек болса. Басында біз қылқылдап тұрсақ, бір-ақ күнде біте қалар деп пе едіңіз? Қайда, біз өле-өлгенше бітпейді колхоз жұмысы.
Шаншар атай (ашуланып). Бұл қай айтқаның, жолың болғыр? Сені біз соңынан ел ерткен азамат деп жүрсек, осындай кертартпа ма едің? Қап...
Мұсатай (алғашқы екпінінен айырылып, жалтарып). Оу-оу, ақсақал. О, не дегеніңіз? Жүрміз ғой осы колхоз жұмысы деп ес біліп, етек жапқалы жанымызды жалау қылып. Қиналған соң жай бір айтылған сөзге бола, бастырмалатқаныңыз сонша?!