Электрлік өлшеулер және аспаптар Электр өлшеуіш аспаптардың классификациясы



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі24,94 Kb.
#195606
1   2   3
Байланысты:
Электрлік өлшеулер және аспаптар

Ток пен кернеуді өлшеу

Ток пен кернеуді өлшеу үшін әртүрлі жүйелі өлшеуіш аспаптар – амперметрлер мен вольтметрлер қолданылады. Мөлшері кіші токтарды өлшеу үшін гальванометрлер, микроамперметрлер, миллиамперметрлер, ал мөлшері аз кернеулерді өлшеу үшін милливольтметрлер, микровольтметрлер қолданылады. Амперметрді жүктемеге тізбектеп қосқанда ол өлшенетін тізбектегі токқа әсерін тигізбеуі керек. Сондықтан оның кедергісі энергия қабылдағышының кедергісінен аз болуы тиісті. Амперметрдің кедергісі аз болса, ол тұтынатын қуат та аз болады. Тізбекке қосылған вольтметр өлшенетін кернеуге әсерін тигізбеуі керек, сондықтан қабылдағыштар кедергісіне параллель қосылған вольтметр кедергісі, қабылдағыштар кедергісінен үлкен болуы керек. Үлкен мәнді вольтметр кедергісінде ток мөлшерлі болады, сондықтан ол тұтынатын қуат та аз.


Өлшеуіш аспаптардың өлшеу шегінен үлкен мөлшердегі ток пен кернеуді өлшеу үшін тұрақты ток тізбегіндегі шунттар мен қосымша кедергілер қолданылады, ал айнымалы токта – өлшеуіш ток немесе кернеу трансформаторлары қолданылады.
Егер амперметрден шкала шегінен асатын токты өлшеу керек, онда апмертерге параллель шунт қосады. Шунт жүктемемен тізбектеле қосылады да, ал амперметр шунтқа параллель қосылады. Шунт деп отырғанымыз жуан константан немесе манганиннен жасалған жалпақ тілікше.
Шунт кедергісін мынадай формуламен анықтайды: мұндағы – шунт кедергісі, - аспаптың өлшеу шегі неше есе өсетіндікті көрсететін сан. Шунтта төрт түйіспелер болады: оның екеуіне аспап, ал қалған екеуіне – электр тізбегінің жалғаушы сымдары қосылады. Осылай қосқан кезде аспап көрсетімдері түйіспелердің өткелдік кедергілеріне байланысты болмайды.
Мөлшері шкала шегінен асып түсетін кернеуді өлшеу үшін вольтметрге қосымша кедергіні тізбектеп қосады. Егер қосымша резистордың кедергісі вольтметр орамасы кедергісінен 9 есе көп болса, онда екеуіне ортақ кернеудің 0,9-ы қосымша кедергіге, тек 0,1-і вольтметрдің орамасының кедергісіне түседі. Бұл кезде аспаптың өлшеу шегі 10 есе кеңейтіледі. Қосымша резистордың кедергісі мынадай формуламен анықталады: , бұл жерде – аспаптың өлшеу шегінің неше есе кеңейтілуін көрсететін сан.
Шунттар мен қосымша резисторларды аспаптың ішіне орналастырады, не болмаса өлшеу кезінде аспап қысқыштарына қосатындай етіп бөлек жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет