«Елін сүйген Елбасы» Сыныбы: 5 –сыныптар Ұйымдастырушы : Махаметова Д. Ш. 2018 жыл Тақырып: «Елін сүйген Елбасы»



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі66,5 Kb.
#98613
1   2   3
Байланысты:
doc1543847213

20.ҚР Тәуелсіздік алған жыл?
Ж/п: 16 желтоқсан 1991жыл
30. Білім туралы заң қашан қабылданған?
Ж/п: 20 шілде 2007жыл
40.Мерекелердің қандай түрлері бар?
Ж/п: Ұлттық, Мемлекеттік, Кәсіби және өзге де мерекелер


4-кезең «Бәйге!».
Бұл сайыста әр топқа 10 сұрақтан қойылады, топпен ақылдасып жауап беріледі. «Қарсыластар» деген сөзден кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы. Дайын болсаңыздар бастаймыз.
1-топ
1.Елбасының шыққан руы/Шапырашты
2. Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады / 4 маусым
3. Тарих атасы/ Геродот
4. Сөз құрамын зерттейтін сала / Морфология
5. Ең үлкен 3 таңбалы сан? / 999
6. Ашық буынды сөзді табыңыз? / Апа
7. Фонетика изучает /Звук
8. Жер шарыны алғаш айналып шыққан саяхатшы / Фернан Магеллан
9. Қазақтың үш биін атаңыз / Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би.
10. 1 Байт неше Битке тең? / 8 Бит

2-топ
1. Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі қашан тойланады?/ 22қыркүйек


2. Тәуелсіз Қазақстандағы Тұнғыш Президент сайлауы қашан өтті? / 1991жыл 1 желтоқсын
3. Адамзат қоғамы туралы ғылым? / Тарих
4. Дыбыстың таңба жазбасы? / Әріп
5. Ең үлкен бір таңбалы сан?/ 9
6. Тұйық буынды сөзді табыңыз? / әріп
7. В слове три слога/ Монолог
8. Жердің ішкі құрылымы нешеге бөлінеді?/ 3 ке
9. Абайдың шын аты?/ Ибраһим
10. 1 Мбайт неше Кбайтқа тең?- / 1024Кбайт

3-топ
1. Бүгінде 15 қараша күне елімізде қандай мереке тойланыды? / Ұлттық валюта күні


2. Қазақстанның солтүстік көршісін атаңыз?/ Ресей
3. Есік қорғаннан табылған көне ескерткішті атаңыз / Алтын адам
4. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? / Сын есім
5. Ең кіші 4 таңбалы сан? / 1000
6. Бітеу буынды сөзді табыңыз? /Нұрсұлтан
7. Сколько гласных звуков есть в русском языке? / 6
8. Жер шарында құрлық көп пе әлде мұһит? / Мұһит
9. Үш бидің басын біріктірген хан? / Абылай хан
10. 1 Гбайт ол- / 1024 Мбайт


Комиссия мүшелеріне сөз береміз.
Сайыскерлер, еңсемізді түсірмей, 5- кезеңге өтеміз.


5- кезең « Еркін тапсырма»
Әр топ өз өнерлерін ортаға салатын шешуші кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі -қатысушылар ғана емес, жанкүйерлер де қатысса болады.


 5-кезең бойынша бағалармен таныс болайық!
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей келе сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.
Мараппаттау рәсімі.
Бүгінгі зияткерлік сайысымызды аяқтай отырып, сіздерді Егемен елімізге қамқор бола алатын, патриоттық сезімі мол тұлға ретінде қалыптасуларыңызға сенім білдіремін. Міне, балалар,бүгін біз еліне қамқор, мейірімді Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы көптеген жақсы және пайдалы мәліметтер алдық.
Құрметті оқушылар, біз жастар Президентімізден үлгі-өнеге ала отырып, еңбексүйгіш, білімді, тәрбиелі, ақылды болуымыз қажет! Осындай әрекеттерімізбен ғана біз өз Отанымыздың және мектебіміздің абыройын биіктерге көтере аламыз.
Құрметті қатысушылар, жарайсыңдар, сайысқа көп тырысып дайындалғаныңдар көрініп тұр! Осы сайысқа атсалыса қатысып, өздеріңнің білімдерің мен өнерлеріңді паш еткендерің үшін сендерге өз ризашылығымды білдіремін.
Ендігі сөз кезеңін мектебіміздің құрметке лайық директоры Б.З.Есимоваға береміз.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жақсы күндерде жолыққанша күн жақсы болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет