48
З-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология дамуының қысқаша очеркі
А. А. Максимовтың жарыкка шығарған гистология окулығы, жаксы еңбек-
тердің бірі болғандыктан, баска елдерде де бірнеше рет кайталап жарык көрді.
Қазан мектебінің негізін қалаушы К. А. Арнштейн (1840—1919) және оның
шәкірттері әр түрлі тіндер мен мүшелердегі (куыкта, несепағарда, жыныс
мүшелерінде, көздің мөлдір кабығында, өкпеде, өңеште, теріде және т.б.)
жүйке талшыктары мен жүйке түйіндерінің морфологиясы бойынша орасан
материал жинактады. А. С. Догельдің ойлап тапкан жүйке тінін бояу әдісі
жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерін табысты зерттеуге және нейрогистоло
гия бойынша күрделі еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Жүйке жүйесін зерт-
теу бойынша аткарылған жұмыстар Казан зертханасын тез арада Еуропаның
жоғары дәрежелі зертханаларының катарына косты.
1888 ж. А.С. Догель гистология кафедрасын Томск университетінде
үйымдастырды, оны 1895 ж. бастап К. А. Арнштейннің келесі шәкірті
А. Е. Смирнов (1859—1910) баскарды. Оның жетекшілігімен Томск универ-
ситетінде гистология кафедрасы тәуелсіз ғылыми нейрогистологиялык мек-
теп болып калыптасты.
Киев университетінде гистология кафедрасын 1868 ж. П.И. Перемежко
(1833—1893) баскарды. Киев мектебінің гистологтарының зерттеулері ұрык
жапыракшаларының, көздің, бүйрек үсті бездерінің, көкбауырдың, көлденең
жолақты және жазык бұлшык еттің дамуын және әр түрлі мүшелердің —
бауырдың, калканша безінін, ұйкы безінің, жілік майынын, кан тамырларының
және т.б. құрылысын зерттеуге бағытталды. П.И. Перемежко жасушалардың
митоздык бөліну фигураларына сипаттама берді.
Харьков университетінде гистология кафедрасын Н. А. Хржонщевский
(1836—1917) баскарды. Оған бүйрек үсті бездерінің, өкпенің, бауырдың
кұрылысы бойынша, бүйректің кан айналымы бойынша және т.б. ерек-
ше елеулі енбектері тән. Н. А. Хржонщевскийдін және оның әріптестерінің
жүргізген зерттеулері гистофизиологиялык түрғыдан карастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: