Эмоциялық, экспрессивтік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді


Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі



бет2/19
Дата26.05.2022
өлшемі268,5 Kb.
#145167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Эмоционалды-экспрессивті рмалас с йлемдер мазм НЫ
дм сро 2, сро дм1, срс 5, Байтемір Амбулорная Хирургия, Presentation2, primary handbook rus
1 Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі
Тілдің бірнеше негізгі қызметтері бар:

  • коммуникативтік қызмет;

  • ақпаратты жеткізу;

  • когнитивтік;

  • эмоционалды-экспрессивті.

Тілдің эмоционалды-экспрессивті қызметі негізгі әрі маңызды қызмет болып саналады. Тіл тек қарым-қатынас құралы немесе ойды сыртқа шығарушы құрал ретінде жұмсалмайды, сонымен қатар тіл адамның эмоционалды және ойлау-сөйлеу әрекетін қамтамасыз ете отырып, сезіммен, эмоциямен тығыз байланыста болады.
Сөз - әрі қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеудің, әрі сол тілді зерттейтін тіл білімі саласының негізгі тілдік бөлшегі болып есептеледі. Тіл біліміндегі сөздің қызметі сан алуан екендігі белгілі. Бұл сөздің тілде әр түрлі көптеген мағыналарды, нақтылай айтқанда, сындық, қимылдық, заттық, атауыштық, бейнелеуіштік сияқты, т.б. мағыналарды білдіре алатын қабілетімен тікелей байланысты. Сөздің сондай мағыналарының бірі – тіл білімінде эмоционалды-экспрессивтілік деп аталады. Олар көңіл-күйдің, сезімнің, әсердің мағыналық бояуларын білдіреді. Тіл білімінде олар эмоционалды-экспрессивті сөздер деген атау алған.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер халықтың ауызекі сөйлеу тілімен қатар әдеби шығармалар тілінде де жасалып, көп кездеседі. Алайда сөз қуаттылығы жазушыларымыздың ой зерделігімен тіл байлығына, шеберлігіне байланысты болмақ. Бір сөзбен айтқанда, эмоционалды-экспрессивті сөздердің орынды қолданыс табуы, қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс. Бұл – сөздің негізгі қызметтерінің бірі.
Эмоция мен экспрессивтілік (туралы) жөніндегі ғылымдағы пікірлерге мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес барлық сала мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады.
Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: «Сөз сөйлеушінің ойымен қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді» - деп атап көрсетеді академик В.В. Виноградов. [1, 50].
Ал Э.Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: «Сөз тек түсінісу құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын арттырып әңгімеге белсенді араласуына ықпал етеді» - деген пікір айтады. [2, 102].
Эмоция сөзінің төркіні – латын тіліндегі “Emoure” етістігі [3, 46]. Бұл орыс тіліндегі «возбуждать, волновать» (әсерлендіру, толқыту) деген ұғымды білдіреді.
Жалпы алғанда эмоция туралы алғашқы ғылыми пікірді биологиялық тұрғыдан айтқан ағылшын ғалымы Ч.Дарвин болса керек. Дарвиннің «Выражение эмоции у человека и животных» деген кітабы жарыққа шығудан бұрын-ақ бұл проблема тек ғалымдардың ғана емес, өнер адамдарының: суретшілердің, скульптордың, акьерлардың көңілін аударған.
Орыс тіліндегі психология оқулығының 1966 жылғы басылымында: «эмоция мен сезім арқылы кісі табиғатқа, өзге адамдарға өзінің іс-әрекетіне, сөзіне, қызметіне қанағаттану не қанағаттанбауын білдіреді. Эмоция мен сезім – адамның қоршаған шындыққа, өз-өзіне ерекше бір субъективтік қатынасы делінсе [4,177], 1994 жылғы «жалпы психология негіздері» оқулығында: «эмоция адамдардың бірін-бірі жақсы түсініп, қарым-қатынас жасауына ықпал етеді» деп атап өтілген.
Эмоционалдық құбылыс қолданылу аясы мен белсенділігіне қарай әрқилы болып келеді және эмоционалдық әсер неғұрлым күшті болса, одан көрінетін экспрессивтілік те ұлғая түседі:
Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын денесі бар күнәдан бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің көп толқындары өз ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ (Ардақ, 429).
Сөйлемнің эмоционалдық әсері өте күшті себебі, мұнда «қанға бөгу, есеңгіреу, күнә, азап» сияқты бірнеше семантикасынан эмоционалды сөздер мен сөз тіркестері қатар қолданылған және олардың әрқайсысының эмоционалдық реңі, мәні ерекше көзге шалынады. Соған сәйкес сөйлемдегі экспрессивтілік те айқын әрі анық болады. Енді тіл мамандарының эмоцияға берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Түркологияда бұл тақырыптың зерттелуі 50-жылдардан бастау алды десе де болады. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С.Қ. Кеңесбаев, Ғ.
Мұсабаев, А.Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәсілдері жайлы салмақты пікірлер айтылған.
Ал, А.Нұрмахановтың «М.Әуезов драмалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жан-жақты, бірнеше жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Е.М. Галкина – Федорук: «Эмоция дегеніміз – адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйісу реакциясы. Эмоция бастан кешірілетін жан толқыны сезім десе» [5, 105], П.Г. Пустовойт: «Эмоция дегенді біз жеке адамның интеллект бойынша сәулеленген ақиқат дүниеге субъективтік реакциясы деп түсіненміз» - деген анықтама береді. Бұл пікірлер шындыққа жақын болғанымен, әлі де айқындап, ашып көрсете түсуді талап етеді. Өйткені кез-келген зат пен құбылыс, субъективті реакцияның барлығы эмоция туғыза бермейді.
1. Сауын аяқталып, қарына ағаш ілген әйел мен қолында ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді (Жесірлер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет