Емшек ұшының жарақаты,жарылуы, жаралануы немесе іріңдіктің, қабыну ауруларының пайда болуы. Ал кейде дерт жаңа туылған сәбиден де таралуы ықтимал. Сүт жолдарының хал-күйі де ерекше орын алады. Кез келген жердегі іріңдік лимфа, қан тамырлары және сүт жолдары арқылы таралып өсуі мүмкін. Емшекте сүттің жиналуы емізу үрдісі дұрыс орындалмағанда жиналған сүтті дер кезінде сауыптастамағанда байқалады. Ал егер бұған қосымша емшекұшының жарақаты қабаттасып келсе немесе мүшеде қанайналым нашарласа, онда инфекция мүмкіншілігі өте тым жоғарылайды. Микроб уы сүт жолдарының беріктілігін бұзады, сөйтіп дерт ол жерден тіннің басқада сау ұлпаларын жарақаттайды. Лимфа, қан тамырлары арқылы індет сіңір ұлпасына тарайды, олар сүт өндірілетін ұялардың (альвеола) әрқайсысының сыртында орналасады. Бұл жайт аурудың бір жерде шоғырланып, жиналуын болдырмай одан әрі дамып жалпы таралуына негізгі бір себеп. Сонымен іріңдік - (мастит) көбінесе ағза әлсірегенде,әсіресе бала босану кезеңінде неше түрлі кездесетін асқынулардан соң пайда болады. Оны туғызатын микроб стафилококк.