6.4. ЭРЕКТИЛЬДЫ ДИСФУНКЦИЯ
Жыныстық акті орындауға қажетті эрекцияны жыныс мүшесінің ұстай алмауын эректильді дисфункция деп атайды (6.7 кесте).
6.7 кесте. Эректильды дисфункция
Этиологиясы мен патогенезі
|
Психогенді дисфункция, дәрілік препараттар, интоксикация, эндокринді және неврологиялық аурулар, қантамырлық патология
|
Эпидемиологиясы
|
10 % ер адамдарда, >50 % ер адамдарда >70 жастан асқанда
|
Басты клиникалық көріністері
|
Эректильды дисфункцияға әкелген сырқат симптомдарымен эрекция бұзылыстарының ұштасуы
|
Диагностикасы
|
Анамнез, аталық без пальпациясы, жыныс ағзасын қарап тексеру, тестостерон, ЛГ, ФСГ, пролактин, гликемия, ТТГ, бауырлық трансаминаза, креатинин; жыныс мүшенің доплерлік УДЗ-сі, диагностикалық интракавернозды вазодилятатор екпесі
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Эректильды дисфункцияны шақырған себептермен салыстырады
|
Емі
|
Этиотропты ем (мысалы, гипогонадизм кезінде андрогендермен орынбасушы терапия) және/немесе симптоматикалық (фосфодиэстераза ингибиторлары, Е1 простагландиннің интракавернозды инъекциялары (реваскуляризациялық операциялар, пенис протезі)
|
Болжамы
|
Эректильды дисфункцияны дамытатын себептерге тәуелді
|
Этиологиясы
50–70% жағдайда органикалық бұзылыстар эректильды дисфункцияның себебі болып табылады. Эректильды дисфункцияның басты себептері төмендегі 6.8 кестеде көрсетілген.
6.8 кесте. Эректильды дисфункцияның себептері
Достарыңызбен бөлісу: |