Жүргізуші:Таныстыру кезеңі бойынша әділқазылардан бағалауын сұраймыз.
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда, - дей келе бірінші кезеңіміз «Бәйгені» бастайық. Бұл кезеңде студенттер қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріп балл жинауға тырысуы керек. Әрбір дұрыс жауап берілген сұрақтарға 1 ұпай беріледі. Сіздерге сәттілік тілеймін!
Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
«Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
«Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)