А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


Арналған 
сыныптары 
Жарық кӛрген 
жылдары 
Оқулықтың 
авторлар қҧрамы 
Оқулықтың аты 




4-сынып 
1967 
Т.Әбдірахманов, 
Ә.Дайырова 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
4-сынып 
1971-1972 
Т.Абдрахманов, 
Ә.Дайырова 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
4-сынып 
1973-1989 
Т.Абдрахманов, 
Ә.Дайырова 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
5-сынып 
1989-1995  
Т.Абдрахманов, 
Ә.Дайырова, 
Қ.Айтқалиев. 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
6-сынып 
1941, 1942, 1947 
А.Кӛшімбаев 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
5-сынып 
1940 
Ш.Кәрібаев 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 
5-сынып 
1941-1960 
Ш.Кәрібаев, 
С.Тілешова 
«Әдебиеттік оқу» 
кітабы 




6-сынып 
1989-90 
Ш.Кәрібаев, 
С.Тілешова, 
К.Назарғалиева 
―Әдебиеттік оқу‖ 
кітабы 
6-сынып 
1941-1951 
Қ.Бекхожин 
«Әдебиет» 
7-сынып 
1989 
Ш.Аманов, 
Ш.Ахметов, 
Р.Құтқожина. 
«Әдебиет» 
8-сынып 
1989-1991 
Ш.Кәрібаев, 
Н.Ғабдуллин 
«Әдебиет» 
 
 
 
                                                           
1
 
Әбдірахманов  Т.,  Дайырова  Ә.,  Айтқалиев  Қ.  Ш.Беркімбаева    Әдебиет.  11  ж.  қазақ 
орта мектебінің 5-класына арналған оқулық-хрестоматия. Алматы: Рауан, 1992. 
 
2
 Ісламжанұлы К., Тілешова С., Әрінова Б., Баттал
 
Р.
Әдебиет. 6-класына арналған 
оқулық-хрестоматия. Алматы: Рауан, 1992. 
 

35 
 
Кеңес мектебі мен еліміз егемендік алған алғашқы жылдары қазақ 
әдебиетін орта буында оқытуға мұрындық болған  «Жаңа буын» 
оқулықтары. 
 
2-кесте. 
 
Арналған 
сыныптары 
Жарық 
кӛреген 
жылдары 
Оқулықтың авторлар 
қҧрамы 
Оқулықтың 
аты 
5-сынып 
2001 
Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиев, 
Г.Құраманбаева, 
Ш.Беркімбаева. 
«Жаңа буын» 
оқулығы 
Әдебиет 
6-сынып 
2002 
К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, 
Б.Әрінова, Р.Баттал. 
«Әдебиет» 
7-сынып 
1993-2003 
Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, 
Қ.Жаманбаев. 
«Әдебиет» 
8-сынып 
1996-2004 
Н.Ғабдуллин, С.Мақпыров, 
Г.Құрманбаева 
«Әдебиет» 
 
Ӛмір  ӛзгерісі  кӛзқарас,  әрекет  ӛзгерісіне  ұласатыны  белгілі.  Ел  
тәуелсіздігімен  қатар    оқу-ағарту  саласында  да  бірнеше  реформалар  орын 
алды.  Бұл  ӛз  кезегінде  жаңа  типті  бағдарламалардың  жазылуына  сұраныс 
тудырды.  
Алғашқы  әдістемелік  ізденістер.  Қазақ  әдебиеті  жеке  пән  ретінде 
отыз  екінші  жылдан  бастап  оқылғанымен  қазақ  әдебиеті  әдістемесінің  туу 
тарихы  одан  ерте  басталатынына  ұлы  ұстаздардың  оқыту  саласындағы 
жасаған мұрасы — алғашқы оқу құралдары, әдебиет оқулықтары мысал бола 
алады.  Сол  әдебиет  оқулықтары  әдебиет  әдістемесіне  алғашқы  баспалдақ 
болып есептеледі. Осы тұрғыда ұлы ұстаздар Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ 
хрестоматиясының,  Спандияр  Кӛбеевтің  «Үлгілі  бала»,  «Үлгілі  тәржімәсі» 
қазақ  әдебиеті  әдістемесіндегі  алғашқы  еңбектер  деуге  толық  негіз  бар. 
Себебі  бұл  оқулықтардағы  оқу  материалдары  оқушылардың  жас  ерекше-
лігіне,  таным,  түсінік  деңгейіне  орай  сұрыпталып,  оқушылардың  берілген 
материалды  қабылдау  мүмкіндігіне  сай  келген.  Автордың  ӛзі  кітап  туралы 
былай  деген:  «Үлгілі  бала»  хрестоматиясында  Крыловтың  ӛзім  аударған 
мысалдарын  кіргіздім,  орыс  классиктерінің  балаларға  арнап  жазған  қысқа 
әңгімелерін     қазақ  тұрмысына  лайықтап жаздым.  Сол  сияқты  қазақтың  бай 
ауыз  әдебиетін  сұрыптап  пайдаландым.  Осымен  қатар,  бұл  кітапқа  табиғат 
туралы  оның  әр  алуан  құбылыстары  туралы,  география,  ӛсімдік,  жануарлар 
туралы  мағлұматтар  беретін,  балалардың  ұғымына  сиымды  және  қызықты 
қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім. Әрбір әңгіменің соңына сұрақтар 
қойдым».  Осының  ӛзінен  оқыту  әдістемесіне  жасалған  алғашқы  қадамды 
айқын аңғаруға  болады.  
Алғашқы  оқулықтардың  дүниеге  келуі  әдістеме  ғылымының  басталар 
алғашқы  қадамы  ғана.  Жалпы  қазақ  әдебиеті  әдістемесінің  тууы  қазақ 
әдебиеті жеке пән ретінде оқылуымен іліктес ӛрбіп отырған деуге болады. 

36 
 
Қазақ  әдебиеті  пәнінің  дүниеге  келуі  ӛзімен  қоса  шешімі  күрделі 
кӛптеген  мәселелерді  туындатты.  Сӛйтіп  отызыншы  жылдардан  бастап 
әдебиет  әдістемесінің  кейбір  мәселелерін  баяндайтын  мақалалар  жазыла 
бастады.  Алғашқы  мақалаларда  кӛпшілік  мұғалімдер  қажет  етіп  отырған 
мәселелер  сӛз  етілді.  «Абай»  журналының  1918  жылғы  11  санында  жарық 
кӛрген М.Әуезовтің  «Оқу ісі» мақаласы мектеп ашу мәселесіне арналды.  
 Осындай  ӛзекті  мәселелерді  кӛтерген  алғашқы  мақалалар  авторының 
бірі — Ә.Мәметова. 1932 жылы жарық кӛрген «Әдебиет құралы» оқулығына  
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіровтермен    бірге  автор  болған  әдіскердің  30-40 
жылдары  жарық  кӛрген  мақалалары  «Ауыл  мұғалімі»  кейіндеп    «Халық 
мұғалімі»  аталған  әдістемелік  журналда  жарық  кӛріп  отырған.  Әдіскердің 
мақаласы    кӛбіне  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  мәселелеріне,  әдебиет  пәнінің 
саяси-әлеуметттік,  идеологиялық  ықпалын    қарастыру  мәселелеріне 
арналады.   
Ә.  Мәметованың  1927  жылы  «Қызыл  Қазақстан»  «Кӛркем  әдебиет 
туралы»  деген  мақаласы,  «Халық  мұғалімі»  журналының  1934  жылғы  №8 
санындағы  «Мектеп  балаларын  әдебиетпен  таныстыру»  атты  мақаласы, 
аталған  журналдың  осы  жылғы    №  9  санында  «Үшінші  бӛлімде  әдебиет 
шығармасын  талқылау  түрі»  деген  мақаласы  «Ауыл  мұғалімі»  журналының 
1935    жылғы  №  6    санында,  «Балаларымызға  кӛркем  әдебиеттің  ең  жақсы 
нұсқауларын беретін уақыт жетті» деген мақаласы жарық кӛрген.    
Ә.Мәметова:  «Шығарманы  оқушылармен  таныстырмас  бұрын  әуелі 
оқытушы  ӛзі  жақсы  талдап  түсініп  алуы  тиіс.  Онан  кейін  оқушыларға 
берілетін  негізгі  мәліметі  қайсы,  қосымша  беретін  түсінігі  қай  дәрежеде,  ол 
алған білімдерін оқушылар қай жолмен нығайтады осылар оқытушыда анық 
болуы тиіс», - деген пікір айтады.  
«Балаларға  кӛркем  әдебиеттің  ең  жақсы    нұсқаларын  беретін  уақыт 
жетті»  деген  мақаласында  Ә.Мәметова  мектепте  оқылатын  шығармалардың 
оқушы  ұғымына  лайықтылығын  сӛз  етеді.  1928  жылдан  бергі  балалар 
әдебиетінде  30-40  шамалы  ғана  кітап  бар  екенін, оның  ӛзі  аударма  кітаптар 
ғана  екендігін  сӛз  етеді.  Балалар  әдебиетінің  күрделі  екендігін  айта  келе, 
сыншылар  мен  әдебиетшілер  тарапынан  осы  мәселелердің  қолға  алынуы 
қажеттігін ескертеді.      
30-жылдардағы  әдістемелік  ой-пікірлердің  даму  деңгейі,  әсіресе, 
Ә.Үсеновтің  «Ауыл  мұғалімі»  журналында  жарияланған  «Кӛркем  әдебиет 
сабағының  методы»
1
  «Кӛркем  әдебиет  сабағының  түрлері»
2
  мақалаларынан 
кӛрінеді.  «Кӛркем  әдебиет  сабағының  методы»  атты  мақалада  әдебиет  пәні 
сынып  ӛскен  сайын  күрделеніп,  оқушылардың  әдебиеттану  ғылымының 
теориялық    мәселерімен  де  таныс  болу  керектігі  айтылады.  Автор:  «Ү 
сыныптан  бастап-ақ  «әдебиет-образ  бен  шындықты  ашық  сана  арқылы 
                                                           
1
 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының методы // «Ауыл мұғалімі журналы» №4, 
1934 - 10-15 б. 
2
 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының түрлері //«Ауыл мұғалімі журналы» №4,1936
 
.
 

37 
 
танытатын  және  адамға  тәрбие  беретін  құрал  деген  анықтаманы  бірте-бірте 
шәкірттер санасына ұялату керек. Ал жоғарғы кластарда бұның үстіне кӛркем 
әдебиеттің жаратылысы мен ӛзіне жас ерекшелігі туралы балалардың ұғымын 
кеңітіп, әрі тереңдету, материалды сын кӛзімен оқу, анализ жасағанда типтер 
мен  образдарды  терең  тану,  әдебиет  стилін  білу  т.б.  керек  болады»
1
  -  деген 
пікір білдіреді. Ә.Үсенов  жаңа сабақты үш топқа бӛліп кӛрсетеді: 
1.Оқушыларды тарихи және тарихи-әдеби материалдармен таныстыру
2.Шығарма тексін оқытып, жақсы таныстыру; 
3.Шығарманы талдап, анализ беру.   
Мақалада  тӛменгі  сыныптар  мен  жоғары  сынаптардағы  материалдың 
кӛлеміне қарай тӛменгі сыныптарда сыныптағы талдау жұмыстарына кӛбірек 
орын  беріліп,  кӛлемі  үлкендеу  шығармаларды    жоғары  сыныптарға  беруге 
болатынын  айтуы  автордың    әдіскер  ретінде  оқушының  жас  ерекшелігі  мен 
қабілетін дұрыс саралай алғандығын танытады. Сондай-ақ мұғалім сыныпта 
ӛз  бетімен  орындалатын  жұмыстарға  бағыт  беріп,  басшылық  жасауы  керек 
деген  ой  арқылы  да    шығармашылық  сабақ  мәселесіне  жақындай  түседі.  
Автор  мәтінді  оқыту  жолдарын,  мазмұндап  айту,  жас  ерекшелігіне  қарай 
талдау  жасату,  шығармадағы  характер,  тип,  образ,  шығарма  композициясы, 
сюжеті, шығарма тілі, кӛркемдік құны, әдісі, стилі, шығармадағы мазмұн мен 
форма т.б.  ерекшеліктеріне кӛңіл бӛлгізу керектігін айтады. Әдебиеттің пән 
ретіндегі ерекшелігін басқа пәндермен салыстыра кӛрсету керек деген де ой 
айтылған. Жалпы алғанда, бұл мақаланың бағалы жағы — сол тұстағы оқыту 
дәрежесіне қарағанда алғаш осы күнгі шығарма талдау жолдарын кӛрсетуінде 
байқалады. Солай бола тұра, әдістемелік бұл тарапты айтылған автордың ой-
пікірлерінің  белгілі  бір  ғылыми-теориялық  негіздері  жоқтығы  байқалады.  
Мақалада әдіс пен тәсілдің ара жігі айқын емес.  
Ә.Үсенов  «Кӛркем  әдебиет  сабағының  түрлері»  атты  мақаласында: 
«Сабақ  дегеніміз  —    алдына  қойған  анық  мақсаты  бар,    оқушыларға  білім 
беріп,  оларды  әртүрлі  жаттығу    жұмыстарымен  қаруландыратын,  оқу 
процесін  ұйымдастырып,  оқушыларды  үздіксіз  тәрбиелеп  отыратын 
жұмыстың түрі» деген нақты анықтама береді
2
.      
1936  жылы «Ауыл мұғалімі» журналының №9-санында жарық кӛрген. 
А.Кӛшімбаевтың  «Қазақтың  орталау  мектептеріне  арналған  әдебиеттік  оқу 
программасының схемасы», «Ауыл мұғалімі» журналының 1938 жылғы №18-
санында,  М.Жүнісовтің  «Абай  мектепте»  деген  мақаласы  «Коммунист» 
газетінің  1940  жылғы  15-қазан  айындағы  санында,  Ә.Қасымбековтің 
«Абайдың  ұстаздық  қызметі»  атты  мақаласы  «Жаңа  ауыл»  басылымының 
1940  жылғы  20-қыркүйектегі  санында  тағы  да  басқа  осы  тектес  мақалалар 
жарияланған.   
Отызыншы, қырқыншы жылдарда жарық кӛрген бұл мақалаларда қазақ 
әдебиетінің  жалпы  мәселелері,  алғашқы  оқу  құралдарының  сапасы,  партия 
                                                           
1
 Сонда, 12 б. 
2
 Үсенов Ә. Кӛркем әдебиет сабағының түрлері //«Ауыл мұғалімі журналы» №4,1936. 
- 11 б. 
 

38 
 
қаулыларының  орындалуы,  саяси-әлеуметтік  мәселердің  сол  кездегі  әдебиет 
пәніндегі  қамтылуы,  әдебиет  пәнінің  идеологиялық  ықпалы,  оқу  бағдарла-
маларының кемшіл тұстары сӛз болады. 
Қырқыншы  жалдарға  дейін  қазақ  әдебиетінің  әдістемесінің  қалыптасу 
кезеңі  болды  деуге  болады.  Бұл  қалыптасу  бірнеше  бағыттағы    үдерістен 
кӛрінеді:  осы  кезеңде  мектептің  сабақ  жүйесі  қалыптасты,  яғни  жалпыға 
бірдей  орталау  және  орта  білім  беру  жүйесі  құрылды;  әдебиет  оқулықта-
рының  ғылыми-әдістемелік,  материалдық  базасы  қалыптасу  үстінде  болды; 
оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарының  әдістемелік  құрал  ретіндегі  рӛлі 
күшейе  түсті.  Әдебиет  оқулықтарының  оқушы  мен  мұғалімнің  сүйенетін 
негізгі  құрал  ретіндегі  рӛлінің  күшейуі  ендігі  жерде  әдістемелік  жүйесін  де 
нығайту  талабын  туғызды.  Ендігі  жерде  мектеп  оқулықтарына  әдістемелік 
нұсқаулардың  жазылу  қажеттігін  туындатты.  Сол  тұстағы  идеологияның 
әсерінен  мектепте  оқылатын  ақын-жазушыларды  іріктеу  үлкен  жауапкер-
шілікпен жүзеге асырылуы себепті, ендігі жерде жеке ақын-жазушылар ӛмірі 
мен  шығармашылығын  мұғалімдерге  түсіндіруге  арналған  танымдық 
мазмұндағы кітапшалар пайда болды.  
Қ.Жармағамбетовтің  «Жамбыл  Жабаевтың  ӛмірі  мен  творчествосы» 
(1955),  С.Сейітовтің  «Тайыр  Жароков  творчествосы»  (1955),  «Ғабит 
Мүсірепов  творчествосы»  (1955),  А.Нұрқатовтың  «М.Әуезов  творчествосы» 
(1956)  деген кітапшалар жарық кӛрді.  Бұл  кітапшаларда  арнайы  әдістемелік 
нұсқау болмағанымен, әдебиет материалы ретінде шығармаларға түсініктеме 
жасалған.  
1957  жылы  С.Тілешованың  «V  класта  кӛркем  шығармаларды  оқыту 
жолдары»  атты  мұғалімдерге  арналған  кӛмекші  құралы  жарық  кӛрді.  Бұл 
әдістемелік құралда да шығарманың идеялық мәнін ашу туралы сол тұстағы 
талап  пен  жетекші  бағытқа  нұсқау  жасалады:  «Мұғалім  шығарманың 
идеялық,  тақырыптық  құндылығына  кӛп  кӛңіл  бӛлсін,  яғни  автордың 
айтпақшы  болған  шығармадағы  негізгі,  түйінді  пікірді  оқушыларға  жеткізу 
басты  міндет  болып  саналсын»
1
  -деген    пікір  жазады.  Осының  ӛзінен  қазақ 
әдебиетінде  50  жылдарда    да  авторитарлық  жүйенің  басымдығы  кӛрініс 
береді.   
С.Тілешованың  аталған  әдістемелік  құралында  бір  сыныпқа  берілген 
әдебиет пәні материалы түгел қамтылған. Яғни 5-сынып оқулығына жазылған 
алғашқы әдістемелік нұсқау болып табылады.  
1957  жылы  М.Шәріпованың  «Х  класта  М.Әуезовтің  «Абай»,  «Абай 
жолы»  романдарының  кейіпкерлерін  талдау»  деп  аталған  әдістемелік  кітап-
шасы жарық кӛрді. Кітапшада оқушылардың жан-жақты дайындығына кӛңіл 
бӛлу,  оқушыларды  іздендіруге  жол  ашу,  мәтінмен  жұмыс  жүргізудің  кейбір 
әдістері ұсынылған
2
.  
                                                           
1
Тілешова С. Ү класта кӛркем шығармаларды оқыту жолдары. – А., Мектеп, 1957. – 
42 б. 
2
 Шәріпова М. Х класта М.Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының 
кейіпкерлерін талдау. –А., Мектеп,  1957. 

39 
 
Оқушыларды іздендіру жолдары, оқушылардың ауызша тілін, жазба тілін 
дамыту жолдарын ұсынған  ғылыми-практикалық жағынан  мәнді еңбектің бірі 
—  С.Тілешованың  «Әдебиеттік  оқу  сабақтарындағы  жазба  жұмыстарының 
түрлері және жаздыру жолдары» атты әдістемелік мақаласы. Мақалада ауызша 
және  жазбаша  тіл  дамыту  жұмыстары  бірін-бірі  толықтырып  тұратын,  бір-
бірімен  сабақтастықта  жүргізілетін  әрекет  екендігі  орынды  айтылған, 
мысалдармен дәйектелген.  Сынып бойынша жазбаша және ауызша тіл дамыту  
жұмыстарын алдын ала жоспарлау үлгісін ұсынады
1

1946 
жылы 
«Халық 
мұғалімі» 
журналында 
жарияланған 
Ә.Қоңыратбаевтың  «Мектепте  Абайдың  мысал  ӛлеңдерін  оқыту  туралы» 
деген  мақаласы  –  осы  тұста  жазылған  белгілі  бір  шығарманы  жанрлық 
ерекшелігіне  қарай  оқыту  жолдарын  ұсынған  алғашқы  мақала
2
.  Оқушы 
түсінігіне  жеңіл,  қызғылықты  шығармалар  есебінде    бағдарламадан  мысал 
ӛлеңдері  де  орын  алған  болатын.  Сондықтан  бұл  мақала  ӛзекті  мәселені 
қозғаған  еңбектің  бірі  деп  айтса  болғандай.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 
журналының  1958  жылғы  №3-санында  жарық  кӛрген  М.Тӛрежановтың 
«Мысал ӛлеңдерді оқыту» атты мақаласы  осы тектес шығармаларды оқыту 
туралы жазылған кӛлемді мақаланың бірі болып саналады. Мақалада тӛменгі 
сыныптарда Абайдан ӛтілетін мысал ӛлеңдердің ақынның басқа ӛлеңдерімен 
және қара сӛздерімен ӛзектестігі, идеялық мағынасы туралы түсіндіре келіп, 
Крыловтан  аударылған  Абайдың  үш  ӛлеңі  мен  Ы.Алтынсарин  аударған 
нұсқасын салыстыра сипаттайды
3
. Оған қоса автор сабақ барысында, мысал 
ӛлеңдер бойынша жұмыс жүргізудің ӛзіндік жоспарын құрып ұсынады, бірақ 
оны  іске  асыруда  мұғалім  қандай  ұтымды  әдістер  қолданатыны  туралы  сӛз 
қозғалмайды. Осыдан ары қарай әдебиет пәнінің жүргізілу сапасын арттыру 
бағытындағы әдістемелік ізденістер бірте-бірте кӛбейе  бастады.  
1957  жылы  Ә.Дербісалиннің  «ІХ  сыныпта  Ы.Алтынсарин  творчество-
сын оқып-үйрену» атты  әдістемелік құралы жарық кӛрді
4

Осы  жылы  Алматы  қаласында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  оқытушы-
ларының республикалық кеңесі ӛткізілді. Кеңесті 1940-57 жылдардағы қазақ 
тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы қорытындыланды. Жер-жерден 
келген озат тәжірибелі мұғалімдердің пікірлері ортаға салынды, оқу бағдар-
ламалары  мен  оқулықтарды,  сыныптан  тыс  оқуды  жетілдіру  мәселелері 
қозғалып,  келешекте  атқарылатын  істер  межеленді.  Орыс  әдіскерлерінің 
еңбектерін  қуаттап,  центристік  бағыт  ұстанып  отырған  қазақ  әдебиеті 
әдістемесінде  әдебиетті  оқытудың  кейбір  жеке-жеке  мәселелеріне  іргелі 
зерттеу  жұмыстары  да  жүргізіле  бастады.  Қазақ  әдебиеті  әдістемесінің 
тарихында  1960  жылдардың  орны  ерекше.  60-жылдардың  екінші 
                                                           
1
 Қазақ әідебиеті мұғалімдерінің іс тәжірибесі. А., Мектеп 1972 
2
 
Қоңыратбаев  Ә.  Мектепте  Абайдың  мысал  ӛлеңдерін  оқыту  туралы.  //  Халық 
мұғалімі. 1946. №9-10. Б 8-13.
 
3
 
Тӛрежанов М. Мысал ӛлеңдерді оқыту. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1958. №3.  Б. 10-18.
 
4
 
Дербісалин  Ә.  Х  класта  С.Мұқанов  творчествосын  оқыту  үшін  кӛмекші  құрал. 
Алматы: ОПБ, 1957. – 60 б. 
 

40 
 
жартысында 
Ә.Қоңыратбаевтың 
«Әдебиетті 
оқыту 
методикасының 
очерктері»
1
,  «Қазақ  әдебиетінің  методикасы»
2
,  А.Кӛшімбаевтың  «Қазақ 
әдебиетінің  методикасы»
3
,  «Орта  мектептің  қазақ  әдебиетін  оқыту  методи-
касының мәселелері»
4
 деген еңбектері жарық кӛрді. Аталған еңбектерді қазақ 
әдебиеті  әдістемесінің  іргелі  мәселесін  кӛтергендігі  жағынан  бағалы  деп 
білуге  болады.  Осы  бір  кезеңдерде  жеке  ақын-жазушылар  шығармаларын 
дербес  талдау  кӛбірек  қолға  алынды.  Ә.Дербісалиннің  «С.Мұқанов  твор-
чествосын  оқыту  үшін  кӛмекші  құрал»
5
,  Ә.Дайырованың  «Орта  мектепте 
І.Жансүгіров  творчествосын  оқыт
6
,  С.Қалиевтің  «Ғ.Мүсірепов  шығарма-
ларын қазақ орта мектебінде оқыту»
7
, Қ.Тасболатовтың М.О.Әуезовтің твор-
чествосын  орта  мектепте  оқыту  мәселелерін  талдаған    «Әдебиет  сабағында 
оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары» деген мұғалімдерге 
арналған кӛмекші құралдар  жарық кӛрді
8
 
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
1.ХХ  ғасырдың  басындағы  алғашқы  мектептердің  ерекшеліктері 
қандай? Ондағы оқу мазмұнын сипатта. 
2.Алғашқы  бағдарламаларды  құруда  қандай  ізденістер  болды?  Алғаш-
қы бағдарламалардың құрылысы мен мазмұны қандай? 
3.Алғашқы «Қазақ әдебиеті»  оқулықтары. Олардың қалыптасу тарихы  
4. Алғашқы әдіскер ғалымдарды ата.  Әдістемелік еңбектері қандай? 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Әрінова Б. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу тарихы. – Алматы: 
2003 ж. 
2.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. (мектеп ұстаздары мен 
болашақ әдебиетші сту-ке арналған) -Алматы: Білім, 2009. 
 
Қосымша:  
3.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –Алматы: Рауан, 1997. 
                                                           
1
 Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы, очерктері.   – Алматы: ҚМОПБ, 1962. – 
212 б. 
2
 Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің методикасы.   –Алматы: Мектеп, 1964. – 280 б.
 
3
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетінің методикасы. Алматы: Мектеп. 1969.– 243 б.
 
 
4
 Кӛшімбаев А. Орта мектептің қазақ әдебиетін оқыту методикасының мәселелері. –
Алматы: Мектеп, 1970. – 250 б.
  
 
5
 
Дербісалин  Ә.  Х  класта  С.Мұқанов  творчествосын  оқыту  үшін  кӛмекші  құрал. 
Алматы: ОПБ, 1957. – 60 б. 
 
6
 
Дайырова Ә. Орта мектепте Ілияс Жансүгіров творчествосын оқыту/ кӛмекші құрал/  
Алматы: Мектеп, 1969. –124 б.  
 
7
 
Қалиевтің  С.  Мектепте  Ғ.Мүсірепов  шығармаларын    оқыту  жолдары.  Алматы: 
Мектеп, 1974. –146 б. 
 
8
 Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру 
жолдары.– Алматы: Мектеп, 1974. –80 б 

41 
 
І. 5. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҦНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламаларындағы ӛзгерістер. 
2.Тәуелсіздік  жылдардағы  жалпы  білім  беретін  мектептерге  арналған 
оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны. 
3.Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  әдебиет  пәні  бағдарламаларын 
жетілдіру жолдары.  
Тәуелсіздік  жылдарындағы  оқу  бағдарламаларындағы  өзгерістер. 
1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жоба-
сы  жасалды.  Ол  1999  жылы  Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет  және 
денсаулық сақтау министрлігі  мақұлдаған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы 
шықты
1

Бағдарламаны 
түзушілер: 
С.С.Қирабаев, 
Ә.М.Дайырова, 
Г.С.Құрманбаева, 
С.Мақпырұлы, 
Т.Қ.Жұмажанова, 
С.Р.Дүйсебаева, 
Б.Ә.Әрінова,  Н.О.Әбдіғаппарова.  Бағдарламада  бұрынғы  оқу  материалы 
қайта сұрыпталды, білім берудің гуманистік, адамгершілік ұстанымына баса 
назар  аударылды.  Әдебиеттің  эстетикалық  бағыты  күшейтілді.  Ел  егемен-
дігімен  қуаттанған  ұлттық  арман,  мүдде  кӛрнекті  тұлғаларымыздың  әдеби 
мұрасын  оқыту  барысында  жас  ұрпақтың  дүниетанымы,  салт-санасын,  тілі 
мен  ділін  кӛркем  шығарма  ӛзегінде  шыңдау  мүмкіндігіне  жол  ашты. 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  Ш.Құдайбердіұлы 
сынды  тұлғаларымыздың  шығармалары  бағдарламадан  орын  алды.  Басқа  да 
оқу материалдары сұрыпталып, жаңа оқу мазмұнымен толықты. 
Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 жылы алғашқы пән ретінде 
оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында 
қазақ  әдебиеті  пәнінің  бағдарламасы  біршама  тұрақталып,      жүйеленіп,  бір 
ізге  түскен  болатын.  Бағдарламалардың  сапалы  жасалуында  Ш.Кәрібаев, 
Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог 
ғалымдардың  сіңірген  еңбегі  зор.  Ол  бағдарламалар  ӛткен  күннің  еншісінде 
қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан беріде жаңа бағдарламалар дүниеге келді. 
Бағдарламаларға  қосымша  салалық  бағдарламалар  да  жазылды.  Оларға 
«Жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінің    7-9    кластарында  қазақ  тілі  мен 
әдебиетін    теориялық  әрі  практикалық  жағынан  тереңдете  оқыту    програм-
масы»
2
,    Жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінің    10  сыныбына  арналған 
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы»
3
 (Авторлары –Ә.Қанафин, 
Ӛ.Тыныбаева ), «Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту бағдар-
ламаларын» айтуға болады
4

                                                           
1
 
Бағдарлама. Қазақ әдебиеті. Ү-ІХ сыныптар. –Алматы: Рауан, 1999. –52 б.
 
2
 Қанафин Ә., Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің  7-9  кластарында қазақ тілі 
мен  әдебиетін    теориялық  әрі  практикалық  жағынан  тереңдете  оқыту    програм-
масы».– Алматы, 1989. 
3
 Тыныбаева Ӛ. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің  10 сыныбына арналған 
«Түркі халықтары әдебиеті пәнінің бағдарламасы» –Алматы, 1992. 
4
 Керімбеков Н. Абай шығармаларын орта мектепте тереңдете оқыту. // Қазақ тілі мен 
әдебиеті. 2001. № 4. Б. 3-8, № 5. Б. 3-8. №6. Б. 3-6.   

42 
 
Тәуелсіздік  жылдарындағы  жалпы  білім  беретін  мектептерге 
арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны. Орта мектептің 
әдебиет  пәніне  арналған  жаңа  бағдарламаларда  кеңес  кезеңіндегі  қалыптас-
қан  жүйеден  ауытқу  немесе  үлкен  алшақтық  байқалмайды.  Тәуелсіздік 
алғаннан  бергіде  әдебиеттану  ғылымының  жаңа  тынысы  ашылып,  мектеп 
бағдарламаларына  әдебиетіміздің  кӛрнекті  тұлғаларының  шығармалары 
енгізілді.  Халқымыздың  кӛркем  мұрасын  таныту,  әдебиеттану  ғылымының 
кӛркем  әлемін  ашу  әдебиет  пәнінің  басты  мақсатын  құрайды.  5-9  сыныптар 
аралығында  алынған  оқу  материалы,  оның  5-7  сыныптағы  берілу  тәртібі 
пәннің басты міндеттерін  қанағаттандырады.  Бағдарламадағы бір жаңалық: 
орта  буын  болып  етептелетін  5-9  сыныптар  екі  салаға  жіктеліп,  алғашқысы  
әдебиеттік оқу бағытында болса, 8-9 сыныптарға әдебиеттің бастапқы тарихи 
курсы  енгізілді.  Ал,  әдебиеттің  біршама  кӛлемді  тарихи  курсы  10-11 
сыныптарға  ұсынылды.  Бағдарламадағы  бұл  ӛзгерістің  сапалы  білім  қалып-
тастыруға  қаншалықты  үлес  қосқаны  туралы  пікір  білдіру  қиын.  Әйтсе  де, 
кӛзге  ерекше  кӛрінетін  кейбір  олқылықтарға  жол  берілгендігін  айтқан  жӛн. 
Мәселен, орта мектеп бағдарламасында бұрыннан әдебиеттің қысқаша тарихи 
курсы  оқытылатын.  9-11  сыныптарға  топтастырылған  тарихи  курс  аясында 
ауыз  әдебиеті,  кейбір  хандық  дәуір  әдебиетінің  ӛкілдері,  ХІХ  ғасыр,  Кеңес 
кезеңіндегі  әдебиет,  сол  кезеңдердегі  тарихи,  шығармашылық  тұлғалар 
қамтылатын. Жалпы білім беретін мектептер үшін лайықты әдеби білім қоры 
қалыптастырылатын.  Ал  жаңа  бағдарлама  бойынша  мектепте  оқытылатын 
тарихи  курс  екіге  жіктеліп  барлық  тұтас  курс  8,  9,10,11  сыныптар,  жалпы 
алғанда  тӛрт  сынып  бойы  оқытылады.  Былай  алып  қарағанда  университет  
қабырғасында  бір  пән  бойынша  белгілі  бір  мамандық  алуға  берілетін 
бакалаврлық  білім  мӛлшері  болып  шығады.  Егер  оқушылар  аталған  бағдар-
лама  арқылы  филологиялық  терең  білім  алып  шығар  болса,  тӛрт  жылдық 
тарихи курсқа еш уәж болмас еді. Ӛкініштісі кейінгі жылдары  оқушылардың 
мәтін  оқуға  қызығушылығының  тӛмендегені  туралы  жиі  сӛз  қозалады. 
Бағдарламада, әсіресе 8-сыныпта ІҮ ғасырдағы Орхон-Енесей жазбаларынан 
бастап  ХІХ-ХХ  ғасырдағы  ақын,  жазушыларға  дейінгі  оқу  материалы 
қамтылған.  Әрі  авторға  берілген  сағат  саны  мардымсыз.    Бір  сынып 
кӛлемінде оқу материалын мӛлшерден тыс кӛптігі терең әдеби білім қалып-
тастыруға  елеулі  кедергі  жасайды.  Әр  сынып  бойынша  оқу  материалының 
қайталанып  ұсынылатын  тұстары  да  кездеседі.  Айталық:  аталған  сынып 
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасымен» танысады, 9 сыныпта «Абай жолы» 
эпопеясы 5 сағат кӛлемінде оқуға жоспарланған да, 11 сыныпта «Абай жолы» 
эпопеясы  қайта  ұсынылған.  Осындай  қайталауларды  басқа  авторларға  да 
қатысты айтуға болады.  
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  әдебиет  пәні  бағдарлама-
ларын жетілдіру жолдары. Жасыратыны жоқ, әдебиет пәнінің бағдарлама-
сы  бойынша  кӛп  сыныпта  оқу  ақпараты  мӛлшерден  тыс  кӛп.    Кейінгі  кезде 
«білім»  деген  түсініктің  ӛзі  «ақпарат»  деген  ұғыммен  астастырыла,  алмас-
тырыла қолданылып жүр. Сондықтан да болар ҰБТ бойынша ЖОО-на  есінде 
оқу ақпаратын  кӛбірек сақтайтын оқушылар жолдама алып жатады. Психо-

43 
 
лог мамандардың пікірі бойынша есте сақтау қабілетінің кей балада жоғары, 
кей балада тӛмен болуы заңды құбылыс. Ал білімділік баланың  есте сақтау 
қабілетінің  жоғары  болуына  түбегейлі  тәуелді  емес.  Яғни  білім  меңгерудің 
түрлі  қызметі  бары  белгілі.  Ӛкініштісі  алынған  оқу  ақпаратын  ӛз  қажетіне 
қолдана алу, ӛз санасында қорытып, пайымдай білу (интерпретациялау) деген 
білім,  білікке,  машыққа  кӛңіл  бӛліну  қажеттігі  ескерілмейді.  Оқу  үдерісін 
бағдарлау  үшін  жасалатын  бағдарламалар  жоқтығы  байқалады.  Сонда 
білімнің  кӛрсеткіші  «қай  жылы»,  «қашан»,  «қандай  шығармалары  бар?» 
деген жалаң сауалдардың жауабы ғана болып шығады.  Себебі ұлттық тесті 
кӛбінде осы тектес сауалдардан құралып жүр.  
 «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу 
құралында    А.Әлімов  бүгінгі  ақпарат  туралы  мынадай  мәлімет  келтіреді: 
«Білімнің  жылдан  жылға  дамып,  ӛсіп  отырғандығында  дау  туғызбайтын 
аксиома.  Мәселен,  ғалымдар  адамзаттық  бар  білетіні  1800-1900  жылдар 
аралығында  (жүз  жылды)  екі  есе  ӛскен  деген  есеп  келтіреді.  Ал  білімнің 
келесі екі есе ӛсуі енді елу жылда (1901-1950) орын алыпты. Осыдан кейінгі 
еселену  жиырма  жылда  (1951-1970)    содан  соң  он  бес  жылда  (1971-1985) 
болған екен. Ал қазіргі кезде білім әр бір тӛрт жыл сайын екі есе ұлайып отыр 
дейді  ғалымдар.  Білім  тура  осы  қарқында  үдей  беретін  болса,  аз  уақыттан 
кейін адамзаттың бар білетіні әрбір 76 күнде екі есе ӛсіп отыратын кӛрінеді... 
Қазіргі заман - ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, 
газет-журнал,  теледидар,  радио,  қарым-қатынас,  интернет,  жарнама  т.б.) 
орасан  зор  кӛлемде  ағыл-тегіл  келіп  түсуде.  Алайда  адам  ӛзінің  шектеулі 
миымен  барлық  ақпаратты  есте  сақтап,  игере  алмайды,  оған  уақыты,  тіпті 
ӛмірі  жетпейді...  Сонымен,  білім-ақпарат»  формуласы  бүгінгі  күні  ескірген, 
білім  ақпарат  емес  деп  ұйғаруға  әбден  болады»-  деген  ойға  қонымды  пікір 
білдіреді
1
.  
Мектеп  бағдарламаларына  кӛптеген  авторларды,  кӛп  оқу  материалын 
енгізу білімді мазмұнды етеді деген жаңсақ пікір. Біздің пікірімізше, кӛркем 
ойдың  кӛгіне  кӛтерілген  классикалық  шығармалар  арқылы  кӛрнекті    ақын, 
жазушыларымыздың  таңдаулы  туындылары  арқылы  әдеби  білім  мазмұнын 
қалыптастыруға  күш  салынуы  қажет.  Оның  есесіне  мейлінше  кӛркем 
шығарманы  талдауға,  практикалық  сағаттарға,  ӛзіндік  білім  мен  шығарма-
шылыққа  кӛбірек  кӛңіл  бӛлініп,  оқушылардың  таным  әрекеті  мен  эстетика-
лық талғамын, оқырмандық ынтасын кӛтеруге күш салу, оқушының бағдар-
ламаға енбеген шығарманың ӛзін, тіпті барлық кӛркем әдебиетті оқуға деген 
ықылас-ынтасын арттырған болар еді.  
Ал  бүгінде  сырттай  білім  алып,  мектептерде  жұмыс  істеп  жатқан 
мұғалімдеріміз  жоқ  деп  есептегеннің  ӛзінде  жоғары  оқу  орнын  үздікке 
бітірген,  білікті  ұстаздармен  әбден  қаруланған  болуымыз,  әр  маман  акаде-
миялық  біліммен  қаруланған  болуы  қажет  болып  шығады.  Себебі    мардым-
сыз сағатқа үйіп-тӛгіп берген оқу материалын оқытуға академиялық білім де 
                                                           
1
 Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.– Алматы, 
ЖШС «Жедел басу баспаханасы, 2009 –16 б. 

44 
 
жете қоймас. Немесе ауқымды материалды сіңірудің жаңа бір әдіс-тәсілдерін 
іздестіру керек болар.  
2011  жылы  шыққан  Қоғамдық-гуманитарлық  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  «Әдебиет  бағдарламасы»
1
  бойынша  11  сыныптарда    барлық 
шығармашылық тұлға 1 сағат, нақтырақ айтсақ, 45 минутта оқытылады-мыс. 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  С.Торайғыров,  С.Сейфуллин,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,    Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  Ж.Жабаев,  С.Мұқанов,  М.Әуезов,  
Ғ.Мүсірепов  сияқты  ірі  тұлғаларымыздың    шығармашылығын  1-сағат 
кӛлемінде  қалай  оқытуға  болады?!  Сол  бір  сағат  ішінде  авторларымыздың 
әрқайсысының  түрлі  жанрдағы  шығармаларын:  поэзиясы,  драмасы,  шағын, 
орта,  кең  кӛлемді  прозасын  да  қамту  кӛзделген.  Шығармаларына  шолу 
жасаудың  ӛзі  елеулі  уақытты  қажет  етеді.  Белгіленген  уақыт  кӛлемінде 
осынша материалды қамту мүмкіндігі қаншалықты?   
Ең  таңдаулы  сабақ  дегеннің  ӛзі  интерактивті  тақтадан  кӛрсетілетін 
әртүрлі  материалдар  мен  сызбалар,  үнтаспа  т.б.  техникалық  құралдарға 
сүйене айтылатын мұғалімнің біршама  сәтті дайындалған шолу дәрісі болып 
шығады.  
Осындай  оқу  бағдарламасы  мектептегі  әдебиет  сабағының  мазмұнына 
елеулі  ықпал  етіп  отыр.  Ал  әдістемелік  тұрғыдан  аңғарылатыны  мұғалім-
дердің  кӛбіне  хронологиялық  кестеге,  сол  бойынша  автордың  қысқаша 
шығармашылық картасына сүйенетіні, анықтамалық сұрақтар мен ақпаратқа  
басымдық  беретіні  аңғарылады.  Себебі  тестің  сұранысы  да  осы  ақпараттар. 
Сондықтан әдебиет сабағы статистикалық ақпаратқа толы жалаң мәліметтер 
жиынтығы болып шыға келеді.   
Оқушылардың  мәтін  оқудан  шеттетілгені  соншалықты,  тіпті 
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясын  әдіскерлеріміздің  мәтін  оқудан 
безінген оқушыларға бейімдеп  қысқартып бір кітап етіп жинаған нұсқасы да 
практикада  болды.  Тӛрт  кітаптан  қысқартылып  шағындалып  ұсынылған 
«Абай жолы» шығармасын да оқыту оңайға соқпаған болар. Себебі әдіскер-
леріміз  сол  алғашқы  тәжірибесімен  шектелді.  Кейін  басқа  авторларымызға 
мұндай «тәжірибе» жасай қойған жоқ. 
Әдебиет  сабағы  рухани  ӛмір  сабағына  айналу  үшін  жалаң  ақпаратты 
сырып  қойып,  шығарманың  ӛн  бойына  еркін  кӛсілу  керек.  Белгілі  әдіскер 
Е.Н.Ильиннің шығарма талқылау арқылы ӛткізетін тіл ӛнері сабақтарындағы 
«ӛмірге  ену»,  «тіректер  іздестіру»,  «тіл  табысу  ӛнері»,  «қарсы  қадам»  т.б. 
ұстанымдары арқылы оқушы санасынан жүрегіне жол салатын әдіс-тәсілдері 
әдебиет сабағы үшін аса маңызды
2
. Ал тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияны 
пайдалана  алатын  мүмкіндікті  бағдарлама  жасаудан  бұрын  есепке  алған 
орынды.  Әдебиет  –  халықтың  теңдессіз  мұрасы,    рухани  қазынасы,  рухани 
құндылық.  Басты  құндылықты  оқушы  бойына  дарытарлық  мүмкіндік 
                                                           
1
 
Қазақ  әдебиеті  оқу  бағдарламасы  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  жалпы  білім 
беретін мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-11 сыныптарына арналған. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, Астана, 2011
 
2
 Педагогикалық ізденіс. –Алматы, Рауан, 1990. –231б. 

45 
 
жасалмаса,  том-том кітаптар жазу мен бағдарламалар түзудің қандай қажет-
тілігі бар деген заңды сұрақ туындайды.  
Бағдардың дұрыс болуы – бастаманың бағы. Бүгінгі ақпарат ағымы мол 
жүрдек  уақыт  ӛзіне  барынша  мүлтіксіздік  пен  парасаттылықты  талап  етеді. 
Халық қазынасын ұрпақ игілігіне жарату, ұрпақтың дамуы мен кемелденуіне 
жұмсау  үшін  әдебиет  пәні  бағдарламасын  жетілдіру  әлі  де  ӛзекті  мәселе 
болып отыр. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  09.07.2010 
жылғы  №367  бұйрығымен  бекітілген  Т.Қ.Жұмажанова,  Б.А.Әрінова, 
Г.С.Құрманбай,  А.Т.Мадиевалардың  авторлығындағы  оқыту  қазақ  тілінде 
жүргізілетін  жалпы  білім  беретін  мектептің  5-9  сыныптарына  арналған 
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы сондай-ақ аталған бұйрықпен бекітілген 
С.С.Қирабаев, 
Т.Қ.Жұмажанова, 
Б.А.Әрінова, 
Г.С.Құрманбай, 
А.Т.Мадиевалардың авторлығындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы 
білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыт пен қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу 
бағдарламалары  2010  жылдан  бері  қазақ  мектептерінің  бірден-бір  басшы-
лыққа алып келе жатқан құжаты болып отыр
1
.  
Бағдарламаның  түсінік  хатында  жазылғанындай  оқу  мазмұнын  ізгі-
лендіру,  адамгершілік-эстетикалық,  мәдени-тарихи  құндылықтарды,  ұлттық 
әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерді  таныту,  оқушылардың  тілдік  қорын  байыту, 
әдеби  білімнің  жүйелігі  мен  үзіліссіздігі,  сабақтастығы,  білім  мазмұнының 
тарихилық  сипаты  және  пәнаралық  байланыс  сияқты  ұстанымдар  басшы-
лыққа алынған. Аталған бағдарламаның игілікті нәтижесі уақыт құзырында. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет