Құрамы: 1 Коржға арналған заттар (Тортқа 4 корж керек)
Қант - 100 гр.
Қант ұнтағы (сахарная пудра) - 100 гр.
Ақуыз (белок)- 200 гр.
Фисташка ұны - 80 гр.
Бадам жапырақтары (миндальные лепестки) - 50 гр.
Крахмал (тапиоковый н/е кукурузный) - 11 гр.
Ұн - 9 гр.
Кремге керек заттар: Сарыуыз (желток) - 320 гр.
Қант - 650 гр.
Ваниль - 1 дана (стручок) Фисташковая паста - 100 гр.
Фисташка (майдаланған) - 60 гр.
Кілегей 33-35% (сливки)- 1 л
"Маскарпоне" ірімшігі - 350 гр.
Таңқурай (малина) - 1 кг.
Дайындалуы:
Корждардың дайындалуы: Ақуызды кішкентей көпіршіктер пайда болғанға дейін миксейлерміз де, қантымызды 2-3 бөлікке бөле отырып қосамыз. Ақуызымызды қоюлығы орташа болғанға дейін миксерлейміз. Қант ұнтағын қосып, қатты қоюланғанша миксерлейміз. Ақуыз бен қант араласып болғанша қалған құрғақ заттарды біріктіреміз. Құрғақ заттарды ақуызды массаға аз-аздан қосамыз, силиконды күрекшемен араластырамыз. Дайын болған массаны формаға жақсылап, біркелкі етіп саламыз. (Форманың диаметрі 35×40). Конвекция режимінде 140 °С-та 40 минут пісіреміз (Конвекция жоқ болса 140 °С-та 30 минут ортасын, 10 минут астын пісіреміз.) Піскен коржымызды пештен шығарып, суытамыз. Осылайша 4 коржды пісіріп аламыз.
Кремнің дайындалуы: Кілегейге ванильді қосып жәй отқа қыздыруға қоямыз. Кілегей қызып жатқан уақытта сарыуызды қант, фисташка пастасы және фисташка ұнымен бірге миксерлейміз. Қызған кілегейдің жартысын миксерленген массаға қосып, біркелкі болғанға дейін араластырамыз. Біркелкі етіп араластырған соң жәй отта тұрған кілегейге қосып, 50-80 минут аралағында қоюланғанша үздіксіз араластырып, қайнатамыз. Оттан алған соң бірден мұзға немесе мұздай суға салып, салқындағанын күтеміз. Салқандаған соң, жақсылап керемнің бетін "в контакт" пленкамен жабамыз. Кемінде 8 сағатқа тоңазытқышқа жібереміз.
Торттың жиналуы: Кремді "Маскарпоне" сырымен қосып араластырамыз. Кремнің жалпы салмағы 2100 гр шамасында шығады. Кремді бірдей етіп 700 гр-нан 3 бөлікке бөлеміз. Дәл солай 1 кг таңқурайды да 333 гр-нан 3 бөлікке бөлеміз.
Тортты видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз. Дайын болған кезде 1 тәулікке мұздатқышқа (морозильник) жібереміз.
"Кептірілген жемістер мен бадам" (Торт "Мидальный с сухофруктами")
Құрамы: 1 коржға арналған заттар (Тортқа 4 корж керек)
Ақуыз - 165 гр.
Қант - 75 гр.
Қант ұнтағы (сахарная пудра) - 90 гр.
Жүгері крахмалы (кукурузный) - 9 гр.
Ұн - 9 гр.
Бадам жапырақтары (миндальные лепестки) - 125 гр.
Грек жаңғағы (грецкий орех) - 300 гр.
Қара өрік (чернослив) - 500 гр.
Кептірілген өрік (урюк) - 500 гр.