Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет268/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
алынып,  баланы  алып  кетерде  келісілген  қаржыны  қо лы на 
тапсырады. Оның құны екі бөлмелі пəтер алуға же те тін дей 
болуы керек. 
Екі  əйел  мен  куəгер  қол  қойды.  Шарт  үш  дана  етіп  жа-
салып,  біреуі – Айғанымға,  екіншісі – Жарияға  беріліп, 
үшіншісі – нотариусқа қалдырылды.
Сол  күннен  бастап  Жария  «Қалай  болғанда  да  осы  істі 
қолға алған екенмін, абыроймен аяқтауым керек», – деп адам 
алдында да, заң алдында да белін бекем буды. 
Айғаным анда-санда классикалық музыка алып келіп бір-
ге тыңдайды. Ертегі кітаптар оқып береді жанында отырып. 
Онысын:
– Қызым, менің дауысыма үйрене берсін, туылғанда бұл 
қандай  мама  демесін, – деп  қояды.  Неге  екенін  Айғаным 
«қызым» деп сөйлейді. Жария бір күні сұрады:
– Қыз болатынын қайдан білдіңіз? – деп.
– Дəрігерлер жатырға салардан бұрын болашақ ба ла ның 
хромосомдарын зерттеп, денсаулығын жəне жынысын да кө-
ріп білген, – дейді.
Жария  қайран  қалып,  содан  кейін  оның  миында  да  бұл 
нə рес те қыз болады деген ой қалыптасты. «Қызым», – деп 
ер ке ле тіп, іштей сөйлеседі. Бұрын балаларына екіқабат ке-
зін де  Мақсұт  ішін  тыңдап,  кейде  сипап  «сөйлесетін».  Енді 
жанында ондай əкесі болмаған соң, қызы ер адамның даусын 
ес ті мей өсіп жатты. Телевизор қарағанда бұрынғыдай мело-
драма,  талас-тартысы  бар  кинолар  қарамайды,  танымдық 
хабарлар көруге тырысады. Бастаған ісі оңға басқаны ма əн-
ше йін де  итжерік  болып,  тамақ  іше  алмай  құса  беруші  еді, 
осы жолы екіқабат болған жаққандай ішкен-жегені бойына 
балдай сіңіп, өзі ажарланып кетті. 
Мақсұт хабарласқанда «Сонымен жас мама болып жа тыр-
сың ба?», – деп сыпайылап қана сұрады. «Жаным, сен рен жі-
ме ші, бастап қойдым, енді сəтті аяқталсын. Қолымнан келсе 
бір отбасын бақытты етейін», – деп даусы дірілдеп кетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет