№2 тақырып. Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері.
Мазмұны: Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты. Мектепалды дайындық, мектептің бастауыш және орта сатыларындағы математика бағдарламаларын талдау. Математиканы оқытудағы перспективтік және сабақтастық байланыс. Математиканы оқытудағы пәнішіндік байланыс. Математиканы оқытудағы қазақ тілі, дүниетану, информатика, сурет, музыкамен байланысы.
Тапсырма №1.Тақырыптың бақылау сұрақтары:
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастық пен бағыттылық.
Бастауыш сыныптардағы математика сабағының қазақ тілі сабағымен байланысы.
Математика сабағының дүниетану сабағымен байланысы.
Математика сабағының бейнелеу өнері және еңбекке баулу сабақтарымен байланысы
Балалар бақшасы, бастауыш мектептің математика бағдарламаларының мазмұны.