3. Навигациялық жабдықтың техникалық күйін бақылау.
3.1. Навигациялық жабдық және жайғастыруға арналған жабдық, соның ішінде компьютерлік бағдарламалар орнатылуы, мөлшерленуі тиіс және жұмыс күйінде болуы тиіс. Барлық қажетті босалқы бөлшектер, жұмыстарды жүргізу және техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар, кестелер мен навигациялық сызбалар Қызметтер басталғанға дейін бар болуы тиіс.
3.2. Қызметтер басталар алдында координаттардың тізімі бар кестелердің және карталардың көшірмелері Тапсырысшыға бекіту үшін ұсынылады. Барлық жылжымалы GPS жабдығы мен бағдарламалық жасақтама далалық жұмыстар басталарға дейін геодезиялық маркерлерде тексерілуі тиіс. Талаптардың біреуіне сәйкес келмеген жағдайда Супервайзер бұл жөнінде дереу Тапсырысшыға хабарлауға тиіс.
3.3. Қызметтер басталар алдында аспаптарды калибрлеу рәсімдері және түзетпелер келісіледі, олар тасымалдау салдарынан туындайтын аспаптар жұмысының кешеуілдеуі кезіндегі түзетпелерді және дәлсіздіктерді қамтуға тиіс.