Дарындылық дегеніміз- “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан,. Генетик Владимир Эфроимсон 1000 адамның біріне дарындылық беріледі. Ал ол дами келе 10 млн біреуі ғана данышпан (гений)) туа бітетін қасиет.
Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет”деп түсіндіріледі.
Данышпандық дегеніміз- қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті.
Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін.
Қабілеттіліктер:
Қабілеттіліктер:
Жалпы қабілеттілікті меңгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды.
Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін.