Бетперде кигізілген соң, оның пациентке ыңғайсыздық тудырмайтынына көз жеткізу керек.
Оны бекітетін белбеуі бас айналасында құлақ қалқанынан төмен орналастыру қажет.
Кең тараған оттегімен емдеудің түрі арнайы бетпердені пайдаланып емдеу, ол дәл өлшенген оттегінің мына концентрациясының бірімен емдеуге мүмкіндік береді – 24,28, 35 %.
Осындай оттегінің төменгі концентрациясы созылмалы тыныс жетіспеушілігін ұзақ емдегенде, әсіресе үй жағдайында өте маңызды.
Ескерту! Сығылған оттегінің жарылу қаупі жоғары. Оттегі баллондарын пайдаланғанда ережелер қатаң сақталуы тиіс.