Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


 Ғылыми революцияның типологиясы



бет115/137
Дата13.12.2021
өлшемі335,4 Kb.
#125866
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137
Байланысты:
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³
ûëûìíû òàðèõû ìåí ôèëîñîôèÿñûíû ï í³, 1-stephenie-meyer-twilight, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2, 510 млн км рлы ты ауданы – 149,1 млн км (29%)
33. Ғылыми революцияның типологиясы.

Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:

1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

1. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1) ғылыми революциялардың аумағы;

2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;

3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;

4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,

7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады

Бірінші глобальды революция «логика» (Аристотель). Екінші гл,рев. Гелиоцентрлік жүйе(күн жүйесі) Коперник Галилей.Үшінші гл.рев. Энштейн,теория относительности.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет