Жаратылыстану институты


Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары



бет3/3
Дата03.05.2020
өлшемі33,47 Kb.
#65598
1   2   3
Байланысты:
Электрондық қолтаңба

Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары

      Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.


Электрондық құжат айналымы жүйесiндегi электрондық цифрлық қолтаңба

      1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде өздерi шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезiнде пайдалана алады.

      2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттiк емес жүйелерiнде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен пайдаланылады.

Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану

      Шетелдiк тiркеу куәлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;



      2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;

      3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет