Квифенадин - аллергияға қарсы әсер көрсететін гистаминге қарсы зат. Гистаминнің әсерін әлсіретеді (оның бронхоспастикалық әсерін, ішектің бірыңғай салалы бұлшық етінің спазмогенді әсерін және тамырлардың өткізгіштігіне әсерін төмендетеді). Инактивациялайтын гистамин Н1-рецепторларын тежеп қана қоймай, тіндердегі гистамин шоғырымын төмендетеді және фермент – диаминоксидазаны белсендендіреді. Серотонинге қарсы әлсіз М – холинотежеуші әсер көрсетеді. ОЖЖ-ін тежемейді.
Поллиноз, есекжем, ангионевротикалық ісік, аллергиялық ринопатия, дерматоздар (экзема, псориаз (теңге қотыр), атопиялық дерматит, тері қышымасы), бронхоспастикалық құрамы бар инфекциялық-аллергиялық реакциялар. Ересектерге 25-50 мг күніне 3-4 рет (таблеткалар 25; 50 мг №20). Балаларға: 3 жасқа дейінгі 5 мг күніне 2-3 рет; 3-7 жастағы 10 мг күніне 2 рет; 7-12 жастағы 10-15 мг күніне 2-3 рет; 12 жастан жоғары 25 мг күніне 2-3 рет.