Тәуекелдерді төмендеу тәсілдері мен басқару әдістері
Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды ішкі жүйелерінің бірі болып табылады. Тәуекелді басқару дегеніміз тәуекел факторларын бейтараптандыру(нейтрализациялау) және талдау әдістерінін жиынтығы.
Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге болады.
Мақсатты анықтау
Тәуекелді айқындау
Тәуекелді бағалау
Тәуекелді басқару әдістерін таңдау
Таңдалған әдісті қолдану
Нәтижелерді бағалау
Тәуекел – менеджмент әрбір кәсіпорынның ажырас бөлігі болуы керек және ол мыналарды қамтуы тиіс:
Тәуекелді идентификациялау, талдау және бағалау;
Тәуекелді жағдайлардың теріс салдарларын жою бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Кәсіпкерлік қызметтің өміршендік механизмін жасау;
Шығындарды төмендету;
Кәсіпорынның табысты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
Сақтандыру жүйесін құру;
Нарық конъюктурасының өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып даму болашағын болжау т.б.
Тәуекел –менеджменттің мынандай функцияларын бөліп көрсетуге болады:
Басқару объектісінің функциялары:
Тәуекелге бару (бел буу)
Тәуекелді капитал салымдарын ұйымдастыру;
Тәуекел мөлшерін төмендеу бойынша жұмыстар жүргізу;
Тәуекелдерді сақтандыру үрдісі;
Шаруашылық үрдістегі субъектілердің арасындағы байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру.
Басқару субъекттерінің функциялары:
Болжау;
Ұйымдастыру ;
Реттеу;
Үйлестіру;
Ынталандыру;
Бақылау.
Тәуекел дәрежесі төмендету және тәуекелді басқару әдістерін дұрыс қолдана білу кажет. Мұндай әдістерді 4 топқа бөліп қарастыруға болады:
Тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі;
Тәуекелдерді оқшаулау әдісі;
Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі;
Тәуекелдердің орнын толтыру (компенсациялау) әдісі.