«Өсімдіктер физиологиясы»



бет24/37
Дата18.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#158844
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
осим.физ.ДӘРІС
!26-ОШ ТЖБ Химия 8-сын қаз (pdf.io), 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 3,5 ресурс слайд, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, 8-9 сын хим адистеме, Мінездеме Байқау Кенжег, pharmacology midterm1st 2ndsem 3rdyear .en.ru.ru.kk
Бірінші кезең – карбоксилдену кезеңі. Бұл кезеңде рибулезодифосфат көмірқышқыл газымен реакцияға түседі, осы реакцияның нәтижесінде тұрақсыз алты көміртекті қосылыс түзеліп, олар кейінен фосфоглицерин қышқылының екі молекуласына өзгереді. Реакция фотосинтез процесінің арнаулы ферменттері – РДФ-карбоксилазымен жүреді. Өсімдіктер жапырақтарында осы фермент көп. Ол хлоропласт ақуыздарының негізгі фракциясы болып есептеледі. Ферменттердің құрылуына сәуле үлкен роль атқарады.
Екінші кезең – тотықсыздану кезеңі. Фосфоглицерин қышқылының кейінгі кездегі ыдырауы фотосинтездің сәуле энергиясын пайдаланып жинаған өнімдерінің қатынасымен өтіп отырады. Бұл реакцияның нәтижесінде в молекула фосфоглицерин альдегиді синтезделеді. Оның 5 молекуласы регенерациялауға кетеді де бір молекуласы циклден шығып кетеді.
Үшінші кезең – регенерация кезеңі. Акцептордың регенерациялану процесінде бес молекуласы жұмсалады да соның нәтижесінде рибулезодан 5 фосфаттың үш молекуласы түзіледі.
Фотосинтездің «с-4» жолы (Хэтч-Слэк циклі). Фотосинтез процесінде көмірқышқыл газындағы көміртегінің өзгеруі Кальвиннің зерттеулерімен толық анықталады, бұл негізгі жол. Австралия ғалымдары Хетч пен Слэк (1966) және Совет физиологтары Ю.С.Карпилов, И.А.Тарчевский (1960) кейбір өсімдіктерде, әсіресе тропиктік және субтропиктік дақылдарда фотосинтез процесі «С-4» жолымен өтетінін байқады. Хетч пен Слэк зерттеулерінің қорытындыларына қарағанда, төрт көміртекті қосылыстардың фотосинтездік жолмен пайда болуы карбоксилдену реакциясымен өтетін болып шықты.
Көмірқышқыл газының акцепторы фосфоэнолпирожүзім қышқылы болып есептеледі.
СН2 СООН
СО – Р + СО2 + Н2О →СН2
СООН СО
СООН
Бұл реакцияда қымыздықсірке қышқылы оның құрамында көміртегінің төрт атомы болады, сондықтан фотосинтездің бұл жолы «С-4» деп аталады.СО2-нің «С-4» жолымен жапырақтарға сіңуінің бірнеше пайдалы жақтары бар. Кейбір өсімдік түрлерінде «С-4» жолымен фотосинтез жүргізген кезде, қарағанда ең алдымен органикалық қышқыл синтезделінетіні байқалады.
«С-4» жолымен фотосинтез процесін жүргізетін өсімдіктердің өнімділігі жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет