Реферат орындаған: Тексерген: Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі



бет13/19
Дата09.05.2020
өлшемі31,58 Kb.
#66758
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Реферат (2)
Механикалық күй. Ең аз әсер ету ұғымдары1, text-2021-05-17, Химия п ні бойынша 4 то сан шін жиынты ба алау тапсырмалары
Жетілмеген амелогенез

Жетілмеген амелогенез (тұқым қуалаушылықтан дамыған тістер гипоплазиясы)тістер кіреукесінің әртүрлі дәрежедегі құрылымдық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Патологиялық үрдістің негізі – эктодермальдық жасушалық құрылымдардың функциональдық қызметтерінің ауытқуларымен байланысты. Ерлер мен әйелдер арасында бірдей кездесе береді . Жетілмеген амелогенез кезінде адам организімінде белгілі бір патологиялық үрдіс анықталмайды . Патологиялық үрдістің ауырлығына қарай аурудың үш дәрежесін ажыратады .



Жеңіл дәрежесі кезінде кіреукенің түсі ғана өзгереді : бірде - сары, кейде ашық –қоңыр немесе қоңыр болып келеді . Әртүрлі түстілік бір ғана тісте немесе бірнеше топтағы тістерде байқалуы мүмкін . Өзгерген кіреуке беті жылтырлығын жоймаған, сүңгілеп тексергенде беті жазық және ауыру сезімі анықталмайды .

Орта дәрежесі кезінде жарақат ошақтарының түсі қоюлау ( сары немесе қою- қоңыр). Кіреукеде құрылымдық өзгерістер нәтижесінде пайда болған кедір – бұдырлы ошақтар және тік орналасқан жүлгелер анықталады ( әдетті гипоплазия кезінде сайлар-жүлгелер көлденең орналасады ) .

Тістерде кейде әртүрлі тітіркендіргіштерден жоғары сезімталдық байқалады.



Ауыр дәрежесі кезінде кіреукенің жылтырлығының жойылғаны, ақ бор түстес дақты ошақтардың орын алуы, беріктігінің төмендеуі нәтижесінде оңай сынғыштығы байқалады. Механикалық әсерлерден кіреуке оңай шытынап, дентиннен ажырай бастайды. Беті ашылған дентин тез боялып, қоңыр немесе қара-қоңыр түстенеді және қажалуға ұшырайды. Жетілмеген амелогенез кезінде тістердің пішіні мен көлемі көп өзгермейді. Дегенмен кейбір жағдайларда тіс сауыттарының ені кішірейіп, тістер арасында кеңістіктер пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар сауыттары мойын бөлігінде кеңейіп, ұшы кесілген конусқа немесе цилиндрге ұқсаған тістер де кездеседі.

Рентгендік тексеру кезінде аталған өзгеріске ұшыраған тістердің түбірлері өзгеріске ұшырамаған, ал сауыттарында әртүрлі көлемді және пішінді кеуектенген ошақтар анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет