қара шаңырағында талаптыға нұр жауар » (З-Қ. –
27.06.2003). «Шаңырақ» – киіз үйдің төбесіне құратын шеңбер.
Қазақтар үшін ол отаудың, үй ошағының, отбасының символы болып
табылады, сондықтан да оның бейнесін мемлекетіміздің елтаңбасынан
да байқауымызға болады. Шаңырақ отбасылық жәдігер болып,
93
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, әкесінің отауының қара шаңырағы
ұлдары үшін ерекше қастерлі де құнды болған. Сондықтан бүгінгі
таңда «қара шаңырақ» деген тіркестің астарында «сыйлы, құрметті
үй» деген мағына жасырынып, ол осы мысалдағыдай ауыспалы
мағынада да қолданылуы мүмкін.
«