Дәріс №5 М.О.Әуезов шығармаларындағы тарихилық
М.О.Әуезов әңгімелерінің басты даралағы трагизм табиғаты, тарихилық сипаты ұлттық танымды айшықтауға құрылуында. Ұлы суреткердің ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің асыл негізі қазақы өмір мен қазақы дүниетанымның ерешелік қырлары арқылы танылып әлемдік әдебиеттің тамырына нәр болып байланғаны анық. Ұлттық танымды әңгіме табиғатының астары етіп алу арқылы туындыларының ұлттық калориті бай, алаш өмірінің бояуы қанық. «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Жуандық», «Барымта» деп аталатын тағы бір топ әңгімелерінде М.Әуезов кейіпкерлерін халықтың жуан ортасынан табу арқылы әңгіменің реалистік сипатын тереңдетсе, қазақ тұрмысы мен қазақ өмірін ашу арқылы типтік образдарды жасау шеберлігіне көтерілген.
Суреткердің тарихи шындықты көркем шығармаға материал ретінде пайдалану барысында сұрыптау, екшеу, сондай-ақ жинақтау сияқты күрделі үрдістен өзінің стиліне бейімдейтіні айқын. Яғни, тарихи дерек, өмір шындығы көптеген көркемдік өзгерістерге, тұлғалар типтік сипаттағы бейнелерге айналады. Тарихи шындық пен көркемдік шындық байланысынан көркем шығарма туындайтынын ғалым Қажым Жұмалиев түйіп айтқан: «...Тарихи оқиғаның ізі, сәулесі болып әдеби мұралар туып отырды. Олардың кейбіреулері оқиғаның жалпы, ұлы сорабын сақтаса, ескірген сайын әңгімеде көмескіленіп оқиғаға қиял араласып, шын болған оқиғамен, болуға мүмкін емес ғажайып нәрселер қатар келіп отырса, кейбіреулері күні кеше ғана болып өткен, ізі суымаған тарихи оқиғаның негізінде туды».
Ұлы суреткер қай жанрда қалам тербемесін жазушылық стилі мен суреткерлік даралығы ерекшеленіп тұрады. Қаламгердің әңгімелеріндегі таргедия табиғаты мен драмаларындағы трагизм астасып, сабақтасып жатыр. Мұхтар Әуезов әңгімелері арқылы драматургия саласына келген қаламгер екендігі белгілі. Ол трагедия жанрында «Еңлік–Кебек», «Бәйбіше–тоқал», «Қаракөз» секілді үздік көркем шығармалар жасады. Трагедия – драматургияның ең қиын да, күрделі де жанры. Өмірде кездесетін әр алуан қайғылы халдің кез келгені трагедиялық конфликтіге арқау бола алмайды. Қоғамдық, әлеуметтік зор мәні бар конфликт ғана трагедияның негізін қалайды, яғни трагедиялық конфликт – нақты өмірдің шындығын, тарихи мәнін әнгімелейтін ірі характерлердің, жеңуге болмастай ерекше күшті қайшылықтардың тартысы.
М.Әуезовтің 20 - жылдары жарық көрген пьесалары қазақ қоғамының қайшылыққа толы тарихи жағдайын терең, жан – жақты талдап – таныта білді. «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше – тоқал», «Қаракөз» пьесалары – төл драматургиямыздың дамуына тигізген ықпалы, әсері орасан зор еңбектер. Бұл пьесалар 20 - жылдардағы қазақ драматургиясының жай – күйін, дәрежесін танытып қана қоймай, сонымен қатар осы күнгі ұлттық театр өнерінің, драматургия жанрының қанатын кеңге жая өркендеуіне қосқан үлесі мол болды.
Көркем әдебиеттің өшкенді жандырып, өлгенді тірілтетін құдіретті қасиетін ұлы дана жазушы, кең ақылды, терең ойлы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Еңлік – Кебек» трагедиясымен көрсетіп берді. Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік пен Кебек жайлы халық аңызы болатын. Махаббат жолында құрбан болған Еңлік пен Кебек атты ғашықтар тағдыры ХІХ ғасыр соңында баспасөз бетінде жарияланды. Оның бірінші нұсқасын «Дала уалаяты» газеті 31-39 сандарында 1892 жылы «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жариялап, 1900 жылы осы газеттің 46-санында қос ғашықтың аянышты тағдыры жөнінде «Қазақ тұрмысынан хикая» деген әңгіме жариялайды. Міне, әңгіменің табиғаты драмалық шығармаға сұранып тұрғанын әңгіме шебері М.Әуезов анық көре білді.
Қос ғашық Еңлік пен Кебек тағдыры жайлы М.Әуезов драмасы қойылғанға дейін аңызға айналған бұл оқиғаның екі әңгіме, екі поэма түріндегі төрт нұсқасы жарияланған. Яғни драмалық шығармаға арқау болғанға дейін аңыз қолдан – қолға өтіп, сараланып, оның тұрақты сюжеттік желісі тартылып, образдар қалпы айқындалып, халықтық идея дәстүрлі арнаға түскен.
Бірі – ұстаз, бірі – шәкірт есепті екі адамның жазған шығармаларының өзара ұқсап тұруының пәлендей айып – шамы жоқ. Мұхтарға «Жолсыз жазаны» Ақыштың ұзатылу тойына қойылуына рұқсатын берген Шәкәрімнің өзі. Арадағы келісімді жүргізген – Тұрағұл. Және дәл сол Жидебайда, пьесадағы кейіпкерлердің ұрпағының ішінде тұрып поэмаға қандай да бір өзгеріс еңгізудің өзі мүмкін емес – тін. Екіншіден, Мұхтардың өз жаңалығы да бар. Ол – оқиғаның өзегін билер айтысына құрды. Бұл феодалдық қоғамның ірі қайраткерлерінің образы арқылы әлеуметтік жағдайдың сырын ашуға желі тартты. Трагедияның түп тамырын шешендік өмірімен, билер кеңесі арқылы ашқан ең үздік туындының бірі осы «Еңлік – Кебек»[71,100].
«Еңлік – Кебектегі» екі жастың арасындағы уыз махаббат өрістей түсіп, көп тақырыпты қамтиды. Мысалы, адамгершілік, адамның жеке басын қадірлеу, ел бірлігін көксеу, бұқара халыққа бейбітшілік өмір тілеу, болашаққа үміт, сенім көзімен қарау тәрізді күрделі мәселелер қозғалады. Осылардың бәрі құрғақ баяндау арқылы емес, көркем әдебиеттің өзіне тән заңы бойынша негізгі кейіпкерлердің әрекеті, талас – тартысы, яғни конфликт өрбуімен беріледі.
«Еңлік – Кебектің» аса қасиетінің бірі – каһармандардың жан – жақтылығы. Негізінен ұрт мінезді көрінген Есеннің өзі әр түрлі халден, күйден хабар береді. Ол жар сүюге ұмтылады. Оның Еңлікке деген ықыласы әуелде ру намысын жыртудан басталса да, кейін жақын таныса келе Есен ақылды да сұлу қызды шын жүрегімен сүйеді.
Тарихи құбылысты сахнада саралау арқылы көркемдік шындықты шынайы жеткізу және ондай дәрежеге тұңғыш шығармасы арқылы көтерілу – кез-келген таланттың маңдайына жазылмаған. «Еңлік – Кебек» арқылы Мұхтар сол шырқау биікке шықты да, қайтып ол тұғырдан түспеді. Жиырма жаста жазған шығармасы қазақ ұлтының рухани өмірін жаңа арнаға түсіріп, өркениетті ұлы көштің қатарына қосты. Міне, жазушы драмасндағы тартысты оқиғалар мен трагедиялық сюжеттер әңгімелерінде де ерекше орын алған. Мысалы, «Жуандық» әңгімесі сол жақсылық жаңалықты қуана паш етуден басталады. «Ақөзектің егіні биылғы жылы бұл атыраптың алды болып тұр. Бір болыс Қараадыр «Ақөзек озды» десіп аңыз қылысты.
Егін салу кәсібі ХХ ғасыр басындағы көшпенді қазақ елі үшін жаңалық. Өйткені ертеден бері қазақтар мал бағып күн көретін көшпенді қазақ ауылы Жақсылық бастаған бұл жаңалықты түсініп кете қойған жоқ. Түсінбейтінін білсе де, мынандай жауыздықты олардан күтпеген: «Тап-тал түсте жүз қаралы жылқы шеттегі бір аңыз ақ бидайына емін-еркін кіріп алып, бырт-бырт үзіп талқандап жүр. Бұл қорлыққа шыдамаған Жақсылық ұлыққа шағымдануға бел байлайды. Жаңадан орнаған Кеңес өкіметі «кедейлер мен байларды теңестіреді» деген әңгімені құлағы шалып қалғаны бар-ды. Жақсылық шағымы бойынша милиция Әбіш пен Құрманды қамауға алады. Бірақ ауылдағы сыбайластар өзара ақылдасып, байларды құтқарудың амалын іздеп табады. Момын, еңбекқор Жақсылық қайта-қайта жоғарыға арызданып өкіметтің мазасын алуға бата алмады. Ақыры, «Ұрысы жуан болса, мал иесі өледінің» аяғын құшып, егінін жинап алған соң, боқыраудың басында қызыл қарын жас баласын шұбартып, Жақсылық Ақөзекті ықтиярсыз тастап көшіп кетті», - деп аяқталады әңгіме. Әңгіменің тілі мөлдіреп, образдар әрекеті нанымды ашылып, оқырманды оқиғалардың драматизиациялық жүлгесі эстетикалық әсер тұңғиығына тартады.
«Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп жану» деп аталған әңгімелер тақырыбы тарихилық пен драмалық табиғатты шебер ұштастырған жазушы ізденістері сәтті болған[50, 236]. Жазушы қалаға келіп «мәдениетке үйрене» бастаған қазақ жастарының тұрмысына енген өзгерістерді, сонымен қатар жастар тәрбиесі, құлықтылық, ар-инабаттылық мәселелерін алға тартады. Ұлт мәденитінің ассемилияцияға ұшырау қаупінен сақтандырады. «Оқыған азамат» әңгімесінің оқиғасы негізінде қалада болады. Бұл қала Сібірдегі үлкен өзендерінің бірінің сол жағасында орнаған. «Ретпен салынған сұлу қала емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ. Оның үстіне шет-шеттеріне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың бәрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртылған ескі жабуындай жалба-жұлба ғылып, ыдыратып тоздырып тұр.
Мейірхан деген оқыған жігіт қалада тұратын жолдасы Мақсұттың үйіне жедел шақырумен келді. Жолдасы қатты ауру үстінде жатыр екен… Күндер өтті. Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп соқпады. Бұрынғы жолдастарынан осы күнде бұл үйге келетіндер – Жұмағұл мен Ақай. Жұмағұлдың көздегені жас қаралы әйелді жұбатқан болып, оның көңілін өзіне бұрғызу. Бұл Жұмағұлға онша қиындықпен түспейді. Өйткені әйелдің «сырты қаралы болса, ішіне қаралы көңіл таусылған сияқты».
Көп кешікпей Жұмағұл мен Қадиша жолдастарын үйлену тойына шақырады. Қаладағы баласы байдың қызын алыпты деген әңгімені естігенде әкесі: «Ол немені біз оқытқанда, «ылғи бізден шығын шығара бер» деп оқытып па едік?» деп бұлқан-талқан болады. Сөйтіп жүргенде, Жұмағұл келіншегімен ауылға келеді. Бала мен әке, келін мен ене бірін-бірі таниды… Бұларды соншалық тез жақындастырып жіберген себеп – дүниеқоңыздық деген дерт еді. «Сараңдыққа, қанағатсыздыққы келгенде жас келін кәрі енесінен асып түседі. Мінез бірлігі «жас-кәрі», «оқыған-оқымаған» деген айырымдарға қарамай-ақ, бұл адамдардың басын қосып, бірін-біріне үйлестіреді». Бұл дегеніміз кешегі текті ұрпақтың, текті ұлттың азғындап мінезінің кесектігінен айырылып, ұсақталғандығын танытады. Бұл әңгімеде суреткер оқиғаларды драмалық шығармаға тән көркемдік градациясымен дамта отырып, қазақ мінезінің қиямпұрыс қыңыр жолсыздыққа басып бара жатқанын көріп, дабыл қағады.
М.Әуезов кейіпкерлерінің шынайы келбетін ашып беру арқылы ұлттық болмыстың бір кездегі мәрттігінен тоналғандығын реалистік әдіспен бере білген. Шеберлік деп айтсақ айтқандай. Тойымсыздық ар-ұяттан бездіреді. Олар қаладағы Мақсұттың жалғыз қалған шешесінің үйі мен мүлігіне ауыз салады.
Бұл сұмдыққа шыдамаған сорлы кемпір бойы сіресіп, көзі жұмылып, жақтары тістесіп үзіліп кетеді. Жұмағұл, Қадишаның мұраты орнына келеді. «Оқыған азамат» пен М.Әуезов әңгімесінің атын тырнақшаның ішіне алған. Жазушы әңгімесінде: білім негізінде адамгершілік, ар-инабаттылық болмаса, елге пайдасы шамалы дегісі келеді. Дәл осндай трагедия жазушының пьессаларында д орын алады. Мәселен, Әуезов «Бәйбіше – тоқал» арқылы қазақтың тұрпайы тіршілігін, заман шындығын көрсетті. Шығарма кейіпкерлерінің қай – қайсысын алсаңыз, әрекеттері, арман, тілек, мақсаты бір ғана нәрсе – мал-мүлік төңірегінен өрбиді. Дәмеш – билікқұмар, дүниеқорлардың тағдырының не жарқын жарастық табуына, не терең шыңырауға батуына негіз басар адам есебінде. Сорлы қыздың өз пікірі, сезіммен санаспай, өзгелер тағдырын шешіп, мақсаттарына жетуін көксейді. Әуезов бұл шығармасында талас, өшпенділік, қатыгездікті, махаббат пен мейірімді де көрсете алған. Кейіпкерлер арқылы түрлі мінезді, түрлі пиғылды адамдардың бейнесін ашады. Шығармада ақ пейілді адал жандар да, қара жүрек тас бауырлар да бар.
Жазушының суреткерлік шеберлігі, әсіресе кейіпкердің мінезін, жан дүниесін суреттеуінен айқын танылады. Алғашқы «Қорғансыздың күні» әңгімесінде кейіпкер бейнесін сипаттаудың бірнеше ұтымды тәсілдері көңіл аудартады. Негізгі кейіпкері Ғазизаны жазушы: «Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ, ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзіне және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның солған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. Жасбасына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртында шығып тұр», - деп, ықшамды түрде мінездейді. Оның күйініш-қайғысын, ой-толғанысын, жанталасқан әрекетін көбінше сырттай қарап баяндау арқылы әсерлі көрсетеді. Өзін сөйлетуі аз. Тек Қалтай Ақанға жеңтайлық етпекші болып, Ғазизаға сөз айта бастағн кезде ол қатты ашуланып:
- Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білмей тұрмын ба? Аулақ жүр! Мен сенің мазақ қылатын кісің емеспін! – дегеннен есті қыздың есті қыздың ұстамдылығы анық байқалады. Бірақ Ғазизаның мінезі – оның жетімдікке, жоқшылыққа төзсе де, қорлық-мазаққа шыдай алмаған адалдық, адамгершілік қасиетін, ашу-ыза үстіндегі өзін шарасыздықтан өлімге қиған тосын шешімінен толық танылады. Ал Ғазизаның әжесі мүлде басқаша бейнеленген. Жазушының оны тікелей сипаттауы ықшамдығана, кемпірдің өзін ұзақ сөйлету арқылы бас көтерер адамдарынан айырылып, жетім-жесір болып қалған бейшаралардың ауыр хал-жағдайы туралы көп жайды анық білдіреді. Кемпірдің айтқан сөздерінен оның өз жай-күйі де байқалса, басқа кейіпкердің де мінезі айқындала түседі. Мысалы, Ақан болыстың осы үйдегі жетім-жесірлер тағдырдың салған соншалық ауыр азабын тартып отырғанын естіп-білсе де, көзімен көргендей болсада, ешбір шіміркпестен жас қызға зорлық жасаудан тайынбайтыны оның шектен асқан жауыздыққа бейім екенін айқындай түседі. Болыс атанып жүрген Ақан қыз-келіншек іздесе, қолы жетпейді емес. Жетім-жесір, сүйеніші жоқ адамдар маған не қыла алады деп, соларды зар еңіреткеніне арланбайды.
Қазақ тарихы өзінің көркемдік шежіресімен әдебиет айнасында барынша сәуленеледі. Асылы, әдебиет - тарих шындығын болашақ нәсілге апарар алтын көпір. Ұлт руханиатының зердесінде тереңдеп тамыр алған тарих ақиқаты көркем сөз жұпарымен қошталғанда ғана мәнді мұра, асыл сырға айналмақ. Ұлт өмірінің ақтаңдағын, аласапыран тұстарын, қиын –қыстауда арқа –тірек болған арыс тұлғаларын жыр ету, дастан қылу - тарихты қастерлеу, тарихқа құрметпен қарау.
Көркем шығарма сақасына тарих шындығын алтын өзек етіп құю көшпенділер сөз өнеріндегі ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырған көркемдік дәстүр. Ежелгі дәуір әдебиетінің жауһарлары саналған “Алып Ер Тоңға”, “Ширақ батыр”, “Еділ батыр” сынды тарихи жырлар өзінің көркемдік – идеялық қуатымен елге қорған болған тұлғаларды аңызға айналдырды. Тасқа қашалған “Күлтегін”, “Тоныкөк” жырлары келешек ұрпақтарға елдікті, ерлікті дәріптей үлгі етеді. Тарихи әділет әдеби бітім –болмысымен әр буынға сан қырынан танылып, ұлттық санада жаңғырады, сөз киесімен жанданады.
Тарихта кемеңгерлер келбеті ұлт өміріндегі шешуші оқиғалар ұлттың өсу жолындағы тарихи оқиғаларға қатысын,, қиындықтан қисын, асуларда адастырмас жол іздеді, жұрты үшін жанкештілікке, ұлт тағдыры үшін тәуекелдікке бел буды.
Ұлы суреткер М.Әуезовтің ХХ ғасыр басындағы көркемдігі кемел әңгімелерінің тақырыптық мазмұны, идеялық тереңдігі, композициялқ үйлесімдігі толыққанды шебер құырылымын тіл көркемдігі барынша келісті етіп жіберген. Тақырып - көркем шығарманың басты ірге тасы. Әр түрлі ұлттық факторлар әсерінен әр алуан оқиғалы шығармлар туындайтынын М.О.Әуезов әңгімелерінен анық байқаймыз. Қазақ өмірріне бар жанмен құштар М.Әуезов ұлтымыздың тағдырын өз әңгімелерінің айнымас арқауы етеді.
Тарихи шындық пен көркем тіл Әуезов әңгімелерінің негізгі тіні, эстетикалық энергетикасы. Тарихи шындық жазушы туындыларында фон ретінде ғана алынып қоймайды, ультра үнді ұлттық бояуымен қанықтырады. Әуезовтің ХХ ғасыр басындағы полифониялық әңгімелері дәуір тынысын тап басып, дөп көрсетеді. Осылайша тарихилық шеберін шымыралата, ширықтыра түседі.
Тарихи шындық көркемдік құраладары болып танылған даралау, жинақтау, жалпылау сынды әдістер полотносында қазақ қоғамының тұтас бір дәуір шындығын шарықтата көрсетеді Сөзіміздің айғағы мұхтартанушы Т.Жұртбайдың сөзімен тұжырсақ: «Шыңғыстаудың қат – қабат хикаялары алғашқы он жылда Мұхтар шығармашылығының алтын өзегіне айналды. Ол тақырып қорғансыз Ғазиза қыздың тағдырын бейнелейтін алғашқы әңгімесінен басталып, Көксерекпен аяқталады».
Көркем шығарма құндылығын бағалайтын оқырманның жүрегінде жатталатын Әуезов әңгімелерінің өзіндік тән қаситі мен қадірі деп танырылық белгісі – суреттеп отырған тақырыптың тарихилығын көркемдік аяда ұлттық нақышпен зерделеуінде. Туған халқының қордалы әдет –ғұрпын, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық болмыс –бітімі, ұлттқ өресін терең де кең тұрғыда суреттеуі қаламгер туындыларының эстетикалық және психологиялық, сыншылдық және сыршылыдық қуатын зорайтады.
Және бір атап айтар ерекшелік ХХ ғасыр басындағы Әуезов әңгімелеріндегі астар мен пішінде, көркемдік пен түрде, шынайы оқиға жүлгесінде өзеге бір сыршыл да нәзік үндестік бар. Шеберлік сыны да сыры да осында болса керек. Бұл арқылы қаламгердің өз дәуіріндегі ұстанған шындықты берудегі өміірлік мұрат –мақсаты айқындалады. Қазақ қоғамның ескі дәуірін, кереғар құбылыстарын шеберлікпен ашады.
Тек өз басын, өз пайдасын ойлайтын қаталдықтың, озбырлықтың оқыған жігіттердің де бойынан табылатыны «Оқыған азамат» атты әңгімедегі Жұмағұлдың бейнесі арқылы айқын көрініс тапқан. Ол жесір қалған досының әйелі Қадишаға үйленіп, аяқ астынан дайын үй-жай, қанша дүниеге ие болып шыға келеді. Бірақ оны да азсынып, өлген жігіттің кәрі шешесінің қолындағы мал-мүлікті де ретін тауып тартып алудың қамына кіріседі. Мұны естеген кемпірдің есі ауысып, ауруға шалдығып, ұзамай қайтыс болады.
Оқыған, қалада білім алған жігіттердің типтері әр алуан. Осындай оқыған азаматтың біреуі – «Сөніп-жану» әңгімесіндегі Сыздық. Ресей патшасының құлауы нәтижесінде шет аймақтарда да болып жатқан өзгерістердің бетін қалаға барып байқап, естіп білсе де, ол қоғамдық өмірге араласып, орныды қызмет етуге асықпайды, қыз көру, үйленудің қамында ел ішінде жүреді. Бірде аң аулаған жігіттерге қосылып кетіп, соны қызықтап, онон соң отардағы жылқышылардың арасында қос ішінде уақытын өткізеді. Өзі «әйелдің әр қилысын көріп, көп талғап үйренген» жігіт болғандықтан ба, Жәмиланы жолдастарымен ауылына барып көріп, түрін, түсін, мінезін ұнатқандай болады, бірақ ғашық болып елжіреген сезім тумағанын ойлап, осы таңдауым қалай, ауылдағы ұяң, жасық қыздардың бірі емес пе өзі деген күдік тек ойына келе береді. Сөйтіп, тағы барып анықтап көріп, үйленуге бел байлайды.
Қыз оңаша отауға кіріп, екеуі жалғыз қалғанда ыстық сезімге бойын жеңдіріп, кейін басқа күйге түскендей болады, қалыңдығының қылығынан, сөзінен өзі іздеген нәзіктілікті байқай алмады. Сондықтанда да, аз-кем ойланып жүріп, «не болсада Жәмиланы аламын, қатын қылып көремін! Кейінгі күні немен тынарын көріп жатармын» деп, тезірек үйленуге бекінеді. Жәмиланы алып, жазды келіншегімен ауылда өткізеді де, онан соң өзі қалаға кетіп қалады. Қаладағы ойын-жиындарға араласып жүріп, жесір, жас орыс әйелімен танысып, өзге дүниені ұмытып, жаңа бағытын, нағыз ғашығын енді тапқандай болып, сонымен көңіл қосып жүре береді. Зерек, сөзшең жігіт ауылды жердегі қыз көру, күйеу келгенде қалыңдығымен оны кездестіру секілді бұрынғы әдет-ғұрыптарға сын көзімен қарайды, өз еркімен үйленеген келіншегі Жәмиланың кемшіліктерін көріп, айниды. Бірақ оған ауылда қалған жас келіншегі мен кішкене баламның жағдайы не күйде екен деген ой келмейді. Ескі әдет-ғұрыптардың осал жақтары болатынына жазушы да назар аударып, бір күлкілі жағдайды келтіреді. Таңдауымыз орнықты болсын, тағы біреудің қызын көреміз деп жолдастарымен барғанда, Сыздық өзі қайтып кетіп, еріп барған жолдастары бір қызды көреді. Бірақ ол қыз іздеп барған қыздың өзі емес, жанындағы малшының қызы екенін олар кейін біледі.
Жазушы әйелдің бас бостандығын жақтап, бұл мәселеге айырықша назар аударады. «Үйлену» атты әңгімеде Жәмила ата-атансы атастырып қойған жерге, Қасым болысқа әйел үстіне барудан бас тартып, нұсқаушы болып қаладан келген жас жігіт Оспанды ұнатып, сонымен қашып кетеді. Бұдан қазақ қыздарының күйеуге шығу, жанұя құруында өзгеріс бар екенін, олар өз таңдауымен өмірлік жар болатын адам табуға ұмтыла бастағанын көреміз. Бірақ ескі әдет-ғұрыптың ықпалы да әлі күшінде.
«Кім кінәлі?» атты әңгімесінде жазушы қатыны өлген кәрі Жақыпқа әйел болуға көне алмаған Ғазизаның трагедиясын бар ықыласымен тебірене суреттейді. Жақыптың айтпақ болған ойынның бәрін ашық айт деген сөзіне иланып, Ғазиза ішкі сырын бүкпей, ақтарылып, ашық айтып салады: «Олай болса, көңілімді ойлайтыным: саған жолдас болғым келмейді. Осы істің бәріне көніп жүрсем - әуелі тағдырдың, екінші, ата-ананың зорлығымен ғана жүрмін. Ісләмді жақсы көретінім рас, құдайдан жасырмағанды адамнан жасырайын ба!?» Қыз мені менсімбейді деген сөз тарайтын болды деп өзіеше қорланған, жалған намысқа бойын жеңдірген Жақып қызды ұрып-соғып, тепкілеп, өлімші қылып, кетіп қалады. Содан қыз ауруға шалдығып, сандырақтап, есі кіргендей болған кездежасынан білетін, жақында кездесіп, ынтықтығын білдірген жігіті Ісләмға: «Ісләм, жаным! Кетіп қалма! Осында бол, кетсең-қорқамын!… дейді. Мұны естіген жұрт, әсіресе, күйеу жағы, Ісләм дуалап басын айландырып қойған екен сөз таратады[69, 265]. Ауыр соққыдан айыға алмаған жас қыз топастықтың, қара күштің, зұлымдықтың құрбаны болады.
Әрине, әлі өз теңіне қосылып, бақыт іздеу дәрежесіне жетпеген қыздар да аз емес. «Ескілік көлеңкесінде» атты жас қыз елудегі шалға қайтыс болған тоқалы, өз әпкесінің орнына қатын үстіне өз ықтиярымен тимекші. Бұл-Жәмешке «ескілік үлгісі әбден жұққандықтан». Бірақ күйеуі келіп, соның жанында болып шыққаннан кейін: «алғаш рет жар өмірінің шетін, шын пішінін» көрген соң, қыздың көңіліне өзгеріс енеді. Ешкімге, жеңгесіне де сыр бермейді. Жәмештің бұл өзгерген жай күйін жазушы: «Бірақ ұйқы көрген жоқ. Үндемей күрсінеді, іші у жұтып жібергендей пәре-пәре. әлдекімнің қолы қастықпен ішкізген зәр сиақты»… «…өксіп-өксіп жылап алды»-деп бейнелейді. Жәмеш сырын ішіне түйіп алып, талай жылдар бойы құмар болып жүрген жігіт Қабышпен кездесуге бел байлайды. Жеңгесі Бибіш екеуі осындай ниетпен отаудан шығып, сөз байласқан жерге, ауылдың сырттағы тоғайға беттегенін әсерлі бейнелейді: «…Жәмештің жүзі дағдылы күйінен өзгеріп, жүдеп сұрланып тұр еді. Ол күрсінді де, Бибіштің білегін қысып: «Тез жүр, тез!»- деді. әңгіме осымен аяқталады. Бұдан қыздың тағдыры енді мүлде өзгереді дегендей әсер алмасақ та, оның көңіліне қобалжу кіргенін де аңғарғандай боламыз.
Драмалық және тарихилық негізден нәр алған әңгімелерден Мұхтар Әуезовтің бұл саладағы идеялық, көркемдік ізденістері жарқын,өнімді екенін, тақырыбы, жанрлық өзгешелігі, көркемдік стилі, баяндау, суреттеу тәсілдері қай жағынан алсақ та, жаңалығы мол екенін байқаймыз. Портрет пен авторлық сипаттау, пейзаж (табиғат суреті), монолог (кейіпкер сөзі) және диолог (өзара сөйлесу), кейіпкердің іс-әрекетінің сюжеттік қақтығыс арқылы көрнуі, оқиғаны баяндау тәсілі (автордың немесе кейіпкердің атынан)-осының бәрін орнымен, керекті жерін пайдалана отырып, Мұхтар Әуезов сан алуан адамдардың бейнесін типтік дәрежеге көте сипаттап бере алған. Жазушының қолданатын көркемдік әдісі жағынан келсек, ол осы жанрдаорыс, Еуропа, дүние жүзі әдебиетінде жинақталған құнды көркемдік тәжірибеге сүйене отырып, сан-алуан бейнелеу тәсілдерін өз суреттеу мәнеріне орайлас пайдалана алған, негізінен реалистік әдісті қолданған дейміз. Реалистік көркемдік әдісті кең мағынада алып, өмір құбылыстарын жан-жақты, терең танып-білу, тексеріп талдау негізінде бейнелейтін көркемдік әдіс деп қарасақ, оған символика да, романтикалық сарын да, басқадай өзге көркемдік әдістерге тән деп саналатын бейнелеу тәсілдері жат емес екені, біздің пайымдауымызша, талас тудырмайды[29, 65].
Әуезовтегі әйелдер әлемі дегенде тіл ұшында ең алдымен жүректе жатталып, көңілде хатталып қалған әдемі есімдер тізбегі орала кететіні анық. Содан соң лезде ұлы жазушы сомдаған айдай ару, армандай асыл жар, аяулы ана бейнелері жадыңда қайта жаңғырып жараса жымыңдаған жарық жұлдыздардай жайнап сала береді. Бірінен бірі дара, бірінен бірі дана бейнелердің ешқайсысы да ешуақыт адамды бей-жай қалдырмайды. Бір сәт Еңіліктің махабатты мұңға ораса, Ғазизаның қызғалдақ ғұмыры өзегіңді өртейді, Қаракөздің көз жасы күрсіндірсе, қаралы сұлудың сайқал сезіммен арпалысы селт еткізеді. Ал, Әуезов әңгімелеріндегі әйелдер әлемінде бұдан әрі тереңдеп енген сайын әйел бақыты, әйел қасіреті, әйел тауқыметі дегеннің не екеннін жан дүниеңмен түсіне бастайсың.
Әйел –ана, жар – жұбай ма, бұла – бойжеткен бе… әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез құлқын, іс-әрекетін, сыр сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы – бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады. Жазушы әңгімелерінде орын алған әйел тақырыбы оның драмалық шығармаларында да үлкен мәнге ие. Мәселен, «Қаракөз» пьесасы – характерлер сипаты толық ашылған, күрделі психологиялық тартысқа құрылған, драматургияның қатал талаптарына жауап бере алатын дүние. Пьесада Сырым, Нарша, Қаракөз, Мөржанның ішкі жан дүниесінде болып жатқан астаң-кестең сезім қақтығыстары, ой мен сезім қайшылықтары шиыршық атқан тартысқа ұласқан.
Қаракөз бен Сырым өз заманының озық жандары. Махаббат теңсіздігіне, әділетсіздікке қарсы шығып, өз бостандықтарын қорғау – ол заманда екінің бірінен келе бермейтін ерлік құбылыс. Қазақтың феодалдық заманында Нарша сияқты әлдінің баласын менсінбей, Мөржан сияқты азулылармен арпаласып, дәстүр, жоралғы – жобаны бұзу, өзінің сүйгенімен қосылып алып, шымылдық ішінде айтыс құру Қаракөз бойына аз әрекет емес. Қабағынан қар жауған қатал Маржанның алдында ол міз бақпай, өзін еркін ұстайды. Айбарлы әженің сұрағына көзінің астымен бір қарап алып барып, баяу да селқос жауап береді. Ел билігін ұстаған осы кісінің зілді ескертуі өңменінен өтіп, еңсесін басып кеткен сияқты. Кейіпкер характеріндегі осы бір өзгеріс барған сайын дендеп, қыз тағдырында болатын алдағы ауыр трагедияның түрткісі іспеттес. Сырым кіріп келгенде Қаракөз әлгі селқостығынан бір сәт арылғандай бойы жазылып, еңсесін көтергендей өңіне өзгеріс енеді. Бұл – уақытша ғана алданыш белгісі. «Жар–жарға» қосылып шырқаған сазды әуеннен қыз мұңы сезілгендей. Қаракөздің осы қимыл-әрекеттері мұнан кейінгі көріністердегі сұрғылт тартқан жүзіне, селқос қимылына үйлесім тауып, оның жындану сахнасының заңды бастамасы сияқты шынайы бейнелеу тапқан.
Пьесадағы орталық кейіпкердің бірі- Нарша. Ол әлдінің баласы бола тұра, қалыңмалы төленген қалыңдығын күшпен алмай, өз махаббатымен, шын ниетімен келгенін қалайды. Қаракөздің оны менсінбеуі трагедияға душар етеді. Қалыңмалы төленген, енді не істесе де өз еркінде деп түсінетін надандық мінезден іргесі аулақ Наршаның достарына шешіліп мұң шағуы салған жерден ситуацияны ширықтырып, көрермен ықыласын арттырады. Нарша аузымен Қаракөз сырттай сипатталады. Сыпайы, сұлу мінезді, қылықты қыз көз алдыңызға елестейді. Ата – баба дәстүрімен дүниесін төгіп, заңды күйеу боп келе жатқан Нарша кеудесінде удай дерт: Қаракөз оны сүймейді, майда мінезбен кері серпіп отыр. Наршаның екі ұдай хал – жайы өзіне қаншама батса да, ол сыр білдірмей, Қаракөзді қатты сыйлайды, сезімін түңілтерлік зілді сөзге бармайды. Қаракөз бен Сырымның құпиясы ашылған шақта да Нарша асыл жарынсыз өзіне жарық күн жоқ екенін терең ұғынады, көпке дейін үмітін үзбей, жынданған Қаракөзді бағып – қағудан бас тартпайды. Тек сүйгенінің өлімінен соң ғана үзіліп, мәңгіге сапар шегеді.
Бұрын солқылдаған бойжеткен, азат құс болып жүрген Қаракөз қалыңмал, бата, сұмдық әділетсіздікті алғаш өз басына қаралы күн туып, жатқа жем болып бара жатқан сәтте ғана ұғынады. Қараңғы жылдар қойнынан қыстығып шыққан толқынның жаңа буын, жас төлі теңсіздікке қара таңба басып, шенеп, жер етсе де, бәрібір шеңбер аттап, қатал заңды елемей кете алмайды.
Драматург басты қаһармандары Наршаны да, Қаракөзді де, Сырымды да ішкі толғаныс, зор тебіреніс үстіндегі ситуацияда алып, конфликтінің одан әрі шиеленісуін қаузайды.
Сырым алғашқы адымында шалдуар жігіт немесе думан қуған тентек ретінде елестеуі де ықтимал. Бірақ, Қаракөздің қатты боранда үш күн, үш түн адасуы, жұрттың бәрі одан күдер үзген кезде сал Сырымның өз басын өлімге байлап жас аруды іздеп табуы оның бейғам өміріне зор жаңалық енгізеді. Жас жеткіншектің сезімі оянып, ғашықтық отына кіріптар болады, шын өмірді тани бастайды. Ал Қаракөзбен екеуі арасында тосыннан тұтанған үлкен сезімді шайқамай, төкпей, саф қалпында алып шығу, мәңгілік етіп сақтау үшін аянбай күресу керек. Өйткені, арманына жету жолында оның алдына кесе көлденең тұрған кедергілер аз емес... Солардың ең негізгісі: ежелден келе жатқан әдет – ғұрып. Жеті атадан бергі жерде қыз алып, қыз беріспеу - әншейін жора болудан кетіп, талай ұрпақ өмірінде сыннан өткен қатал қағида. Пьесада Мөржан бәйбіше сол ескіліктің көзі, айғағы болып қана қоймайды, соның қорғаны, жақтаушысы, символы. Сондықтан Сырым қаншама еркінсісе де, түптеп келгенде, қаһарлы кемпірге шындап қарсы тұра алмай, тайқақси береді. Қайта Қаракөз бетпе–бет келгенде тайынбауға айналғанда Мөржан бәйбіше өзі шегінеді, мән – жайды анықтағысы келмейді, себебін ашуға жүрексінеді.
Сырымға деген зор махаббаты, үлкен сүйіспеншіліктің көкіректе жанған жарық сәулесі әділетсіздіктің, зұлымдықтың қара түнегіне тұмшаланып, тағдырдың қатыгез қылышы екеуінің арасындағы қимастық жібін шорт кескелі тұрған сәтте Қаракөз Мөржанмен бетпе – бет келеді. Өз заманының бел баласы, ескілік моралінің адал қызметшісі Мөржан үшін Қаракөз қылығы ауыз айтуға бармас сұмдық, ел естімеген масқара.
Қаракөздің қайғысы, көкірек жарған зары, арман – тілегі Сырым аузынан өлең болып сорғалайды. Ескіліктің, әділетсіздіктің шашбауын көтерген, соның жоғын жоқтаушы құл өлең, маймөңке өлең, қызметші өлең емес, жігерді қайнатып, ыза – кекті тасытатын сыншыл өлең, тентек өлең төгіледі:
Бүгінгі күн түрленген қынаулымын,
Айналамда көз де көп, сынаулымын,
Іштегі дерт сонда да шықсын сыртқа,
Ризалық жоқ, мен зарлы жылаулымын, жар – жар!
Сырым аузымен айтылған Қаракөз өксігі, ең алдымен Маржан етіне тиген қып – қызыл шоқ болса, ғашықтық өртіне күйіп жүрген Наршаға да аз қайғы емес. Той үстіндегі қыз бен жігіттің шымшыма әзіл, ұсақ қалжыңы былай қалып, шарай топтың, барша әлеуметтің көзінше сын сүңгісі бүйіріне қадалған Мөржан бірінші болып бас көтереді...
Мөржан ұғымында, Сырым – ата-баба дәстүрін басқа тепкен тентек. Арасы алты ата ғана болатын Қарагөзді құтты орнына қондыру үшін ақ адал бата беріп, оң сапарға шығарып салу орнына, сұмдық сөзін қоздатқан қисық.
Сырым ұғымында, Мөржан – сүйген жары Қаракөзді малмен матап, басқаға жөнелтуші, зорлық көрсетіп, тізесін батырушы қанды кол, талай боздақтың обалына қалған қызыл көзді пәле, ескіліктің дүлей күзетшісі.
«Ағасының немере қарындасына ғашықтық хикаясы көкейге қонымды болмаса да, драматург осындай ерекше конфликтіні құнттап, сол орайда туатын тартыс шытырманына қызығып кеткен. Пьесадағы басқа күйлерді былай қойғанда, қалыңмалы алынған, ұзатылып бара жатқан Қаракөз бен Сырым арасындағы сүйіспеншілікті суреттеудің өзі драматургтің революция алдындағы қазақ өміріндегі құдалық дәстүрін құптамайтынын, одан туатын кеселдерді мансұқ еткенін айғақтайды» .
«Қаракөз – типтік бейне деген ұғымға саяды» дей келіп, Тұрсын Жұртбаев «Қаракөз» пьесасының тарихи негізгі жайында былай дейді: «Өз көзі көрген, немесе естіп қанық білген, өзіне ерекше әсер қалдырған оқиғалар қай жазушының да творчествосында мен мұндалап тұрады. Ал Әуезов творчествосына бұл айрықша тән қасиет. Мұхаңның қай шығармасын алсаң да өзін қатты толқытқан, тебіренткен жайлар туралы жазылғанын көресіз. «Қаракөз» трагедиясы да ұлы жазушының өзі өскен Абай ауылы төңірегіндегі оқиғаларды өзек еткен. 1926 жылғы тұңғыш пьесалар конкурсында бас бәйге алған бұл әйгілі драмасына Құнанбайдың офицер ұлы Халиолла Өскенбаевтың және сол Құнанбайдың немересі Әмір Құдайбердиевтің, Шаған өзенінің сағасындағы Ғалия мен Ниязбек атты ғашықтардың басынан кешкен оқиғалар негіз болғаны байқалады... Пьесаның алғашқы нұсқасында Қаракөз бен Сырым немерелес делінеді.
Халиолла Құнанбайдың тоқалы Айқыздан туған... Демалыс кезінде Шыңғысқа бара жатып, Халиолла Семейдегі Тінібай дегеннің қызын ұнатып, көңіл қосады. Тінібайдың әйелі Құнанбайдың қызы, Халиолланың әпкесі. Бірақ ана қыз, басқа әйелінен туады. Яғни қандық жақындығы жоқ, сөйтсе де қазақ дәстүрі оған иліге қойсын ба, ал Құнанбай шариғаты онан да қатал. Әке – шешелерінің рұқсат бермейтінін білген қос ғашық жасырынып, қаладан қашып шығады. Қыздың ағайындары қала әкіміне өтімді болған соң үш полицей ертіп қуғынға шығады... Сөйтіп, екі ғашық қолға түседі. Ел ішінде үлкен тартыс туындайды. Тергеу кезінде қыз сөзінен, сертінен таймайды. Халиолла да зар – мұңын шағады. Бірақ, Құнанбай мен Тінібай ызғарынан қаймыққан қала әкімдері екі жастың махаббатын көре тұра ара түсе алмапты. Әділетсіз үкімнен запа шеккен қыз ақылдан адасады. Құнанбайдың қаталдығына, қатыгез мінезіне ренжіп, әрі ғашығынан айрылған Халиолла Омбыға кетеді, қайтып келмей қояды. Ғашығының шалыққа шалдыққанын естіп, өзі де құсаланып, көп ұзамай қайтыс болады. Міне, «Қаракөздегі» қыздың сүйген, жүрегі қалаған Сырымнан айрылғаннан соң ақылынан адасуы осы оқиғадан алынған. «Қаракөз» арқылы автор халықтың бай ауыз әдебиетін, тек қазаққа ғана тән салт пен дәстүрі, әдет, әдеп – ғұрыптардың белгісін таныта білді. Малға сатылып, сүйгенін қимастан артына қарайлай, мұң арқалаған бойжеткенді Қаракөз бейнесі арқылы, Сырым бейнесімен ғашығынан айырылып, запыран жұтқан жігітті көрсетеді. Пьесада автор халықтың салтын, дәстүрлік ерекшілігін молынан пайдаланады, бірақ сыншылдық көзқараста болады.
Қаламгер дара тұлғалардың тағдырын жіті зерделі таныта отырып, мұқым қазақ қоғамның тұрмыс –тіршілігіне адамгершілік, пәлсапалық түйін дарытады. Дәуір мен нәсіл, замана мен адам арасындағы адам арсындағы ажырамас үздіксіз қарым – қатынасты психологиялық, нәзік сыршылдық, пәлсапалық беліглер турасында бағалап, екшеуі жазушыға қойылар талап биігінен табылуға ықпал етеді.
Сөзімізді түйіндесек, жазушының әңгімелері көркем сөзбен салынған сурет, кестеленген өрнекті тіл тұтас дәуірдің өмірлік шындығын көз алдымызға бәз қалпында ұсынады, санамызға сол кезеңдегі ұлт болмысын сәулелендіреді. Әуезовтің жүрдек те жүйрік қаламынан тамған бал тілді әңгімелері қазақ қоғамының рухани адамгершілік, философиялық, моральдік, дүниетанымдық, саяси ойларды көркемдік тұрғыда тоғыстыра білді. Жаңалыққа жаны құштар жазушы тарихи шындықты драмалық пішінде көркемдеген әңгімелерінде ұлт тірлігінің күнгей тұстарын аяусыз әшкерелеп, шенеп отырған. әрі мораль мен гуманизм ізгілігіне жат дүниелерді өткір тілмен сынайды.
Дәріс №6 М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің көркемдігі
А.Нұрқатов М.Әуезовтің шығармашылығы жайында былай дейді: «М.Әуезов шығармашылығының алғашқы жылдарында-ақ жоғары көркемдік-реалистік шығармаларды жасаған болатын, оны еске салуымыз қажет, өйткені соңғы уақытқа дейін жазушының көптеген реалистік дүниелері дұрыс бағаланған жоқ және шығармаларының ең жақсысы, оның алғашқы кезеңінде жазылғандарынан, жалпы назарға алынған жоқ болатын». Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. М.Әуезов шығармалары талай рет сынға ұшырады. Біреулер ұлтшылсың деп айыптаса, біреулер мүлдем басқаша пікір айтты. Әуезовтің ұшан теңіз шығармашылық әлемі талай сынды басынан өткерді.
“Қилы заманның” жариялануы оқушы жұртшылық үшін қуанышты құбылыс.Мұнан атақты суреткердің үлкен өнер жолына белді буып,білек түріп кіріскен шабытты кезеңін,көркемдеп жинақтаудың өрісіне беттеген шағын танығандай боламыз.Болашақ “Абай жолы” эпопеясы авторының таланты толысқан,қандай қиын жанрды да баурап алуға бабы келген тұсы осы шығармадан айқын аңғарылады.
Сондықтан “Қилы заман” туралы сөз қозғалу қай жағынан алсақ та қызық.Бұл шығарма,бір есептеген,жазушының көркем прозадағы алғашқы тәжірибелерін қорытындылаған ,оның кең көлемді полотнолар жасауға,психологиялық талдауға жеткенін сипаттайтын саты,сапалық секіріс секілді.
Ең алдымен “Қилы заманның ” жанры туралы бірер сөз. Ә.Шәріпов журналдық басылымға жазған алғы сөзінде мұны “эпикалық байсалды баяндау тәсіліне,психологиялық сезім күйлерінің тереңдігіне,характерлердің сомдалуына,ел өмірінің бүге-шігесіне дейін жомарт қаламға ғана тән дарқандықпен берілуіне қарағанда повестен гөрі романға лайық туынды”-деп бағалайды.Бұл сөздерде шындық жатқанын құптамасқа болмайды.
Тек қана көлемнің шағындығы болмаса, “Қилы заманда” роман жанрының нышаны толық табылғандай.Қарқара жәрмеңкесі басындағы әкімдер ортасы, патшаның 1916 жылғы маусым жарлығын қабыл алмаған халықтың стихиялық қозғалысы,елді басқарушылардың іс-әрекеті,ел азамттарының қапыда ұсталып, абақтыда азап шегуіннің суреттелуі,ұлықтардың Жәмеңке өлімі кезіндегі қаскүнемдігін көріп,халықтың тағы да ереуілдеп шығу,көптің қаһарына шыдамай,отыршыл өкілдердің жәрмеңкеден қашып кетуі,патша әскерінің мейірісіз жазалушығынан сескеенген жұрттың туып-өскен қонысын еріксіз қалдырып, тау асып босып көшуі секілді жүйелі, желілі қат-қаюат сюжеттік өрілімдер нағыз романдық оқиғаның жүгін көтеріп тұр.
Бір немесе бірнеше адамның емес, бүкіл бір рулы елдің тағдыр таласына түсіп, азаттық, бақыт үшін күресін көрсеті тек романға ғана тән сыбаға. Шығармада аталатын қырықтиан сатам кейіпкердің дені өздеріне тән іс-әрекет атқарады. “Қилы заманда” патша жарлығына наразылық қозғалысының бір емес,екі кезеңі елес береді.Алғашқыда ел сөзін Ұзақ, Жәсеңке, Серікбай Әубәкір секілді дуалы ауыз ересектер ұстаса,кейін күрес кезегін Көкбай, Баймағамбет,Жансейіттер алады.Сонымен шығармада көтерілген идея мен көрсетілген қаһармандар,оқиғалар “Қилы замнның” романдық белгісін айқындайды.
Бұл шығармасына айтордың көзқарасын,аңсарын айқындайтын аса бір қымбат деректі.А.Пантиелевтің “Ұлан даланың жыршысы” деген естелік мақаласынан табамыз. М.Әуезовтің көп араласқан, сырласқан достарының бірі-А.Пантиелев суреткердің шығармашылық сырын тереңірек тануға көмектесетін дәлелдер келтірген.Аталған естелігіне ол мынадай бір қызық тұжырым айтады. “Әуезов өзінің ертеректе жазған шығармаларын,әсіресе орыс повесін орыс оқырмандарына, қаламдас орыс достарына көрсетуді арман етеді”. Осының ізінше жазушымен арада болған әңгімені еске алдады. “Осы бір дүниелікті қаншама азаптанып,қинала отырып жазғанымды сезетін шығарсыз деп ойлаймын,-дейтін Әуезов,-қазір қазақ халқының қаншалық тұңғиық түнек түбінен бас көтеріп, бой жазып шыққандығын ойлаудың өзі сонша қорқынышты”. [2,200]
Шығарманың жанрын жазушының өзі қалай түсінгенін осы естеліктен табмыз.Жетісу елінің 1916 жылғы азаттық қозғалысы оқиғасы суреткердің қатты қызықтырғаны соншалық,ол трилогия жазуға да,ниеттенген екен. “Әуезов “Қилы заман” ойға алған трилогияның бірінші бөлімі,-деуші еді Екінші бөлімнің геройы-Серкібайдың азамат соғысына қатысқан балас, ал үшінші Серікбайдың Отан соғысына басынан аяғына дейіңн қатысқан немесері болуға керек; олардың бәрі де өмірде обған,бар, тірі адамдар,ал тағдырлары қаншалық таңданарлық болса,соншалық көңілге қонымды да” Бұл айтылғандар біздің пікірімізге дәйектеме берерлік мысалдар.
“Қилы заманда” жазушы халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысының көркем суреттерін жасаған. Мұнда алғы кезекте зорлыққа,астамшылыққа көнгісі келмей, әділетсіздік атаулыға қарсы тұрған ерлер бейнесі көрсетілген.Суреткердің шығарма негізіне 1916 жыл оқиғасын таңдап алуы кездейсоқ емес.Бұл материал оның күрескер тұлғасын жасамақ ниетіне сай келеді.Отаншыл, азамат қаламгер қазақ халқының Қазан төңкерісі қарсаңына һөз бойынан үлкен жігер,қайрат тауып,елдік намыс үшін ата жаумен айқасқа шыққан халық санасындағы сапалық ілгерілеу деп бағалағаны айқын. “Қилы заман” М.Әуезовтің дүниетанымындағы зор өзгерістердің де гышаны секілді.
Егер ол бұдан бұрынғы кейбір әңгімелерінде мүшкіл ахылін көрсетсе, аталған шығарма қалыптасып қалған көне тәртіпке былай көнгісі келмеген қаөармандар тұлғасын мүсіндеді.Бұдан шығатын тағы бір ірі қорытынды-М.Әуезов өз шығармашылығында оевлюциялық ьақырыпқа,револуциялық ьақырыпқа замандас,қаламдас серіктерінің көбінен бұрын дендеп барғандығы.
Ақиқатшыл суреткер өзі анық зеттеп білмеген мәселеге қалам ұрмағы белгілі.Оның революция алдындағы,кеңес өкіметтінің алғашқы жылдарындағы өмірдің өте мәнді тұстарын көрсететін әңгімелерінің өзі халық өміріндегі өзгерістерді керемет шеберлікпен аңғартатын.Олардың қайсыбіреулерінде ұран тастап немесе ескілікті “талқан етіп” жүрген кейціпкерлер кездеспегенімен,өмірдің шымырлап жатқан тереңіде қылаң берген белгілерді білгірлікпен көрсету жағы күшті болатын.
Қоғам өмірін өзгертуге бағытталған анық іс-әрекетті алғаш кең көлемде кемел бейнеленген шағырмасының бірі “Қараш-қараш” оқиғасы болса, екіншісі “Қилы заман” еді.Соңғы туынды елдің азаттық пен ар үшін шайқасын сенімді серпінмен жарлаған.халықтың бойындағы тасқындаған күштің құдіретін көрсете алуы жағынан кезінде “Қилы заманға” барабар келетін шығарма сирек. Елдің революциялық ұмтылысын сөрсетуде “Қилы заман” ғибратты дәстүр салды дей алмыз.
Шыңғыс Айтматов бұл шығарманың жазушының шығармашылық сапардағы орны мен маңызын діл таныған. “Қилы заман” Әуезовтің “Абай жолынан” көп бұрын,сол кездің өзінде-ақ ке тыныты эпикалық баяндау нысанын игергендігін дәлелдейді.Осы тұрғыдан алғанда “Қилы заман”-кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі... Жазушы талантының эволюциялық қалыптасыуының айқын мысалы”
Жазушы бұл шығармасына түп тұлғаны нағыз өмірдің ізінен,ізі суымаған тарихи оқиғаның белгілі қайраткерлерінен тапты.Автор 1916 жылы Албан көтерілісі болып өткен жерге барып, көптеген адамдармен тілдескен.Ол кезде көтеріліске қатысқан кісілердің бірталайының көзі тірі еді.Бүкіл бір аймақты дүрліктірген бұл оқиғаны анық-қанығына көз жеткізу жазушының қолына қалам ұстатқызған.
М.Әуезоа өзінің шығарма қаһармандары Ұзақ Саурықовтың,Жәмеңке Мәмбетовтың тағы басқаларының тарихына қатысты қыруар мағлұмат жинағанын,бұлар турасында бір емес, әлденеше кітап жазуға бел буғанын А.Пантиелев естелігінен көрсетіп өткен едік. Кесек,, көркемдігі қуатты шығарманың биік аңсардан,үлкен мұарттан,елдің тағдарына күшті әсер еткен оқиғалардан ғана туатындыға да “Қилы заман” куә бола алады. Ұзақ, Жәмеңке,Серікбай,Әубәкір секілді табанды,саналы,халыцқ мүддесі үшін өздерін құрбан етуге даяр ерлер бейнесін жасау- қазақ әдебиетінің қорына қосылған тың табыс болатын.
Қаламгер ешқашан болған істің көшірмесін ұсынбайтыны,өмір шындығынан көркем шындық тудыру үшін автордың эстетикалық мұраты ықпал ететіні мәлім.Ендеше, М.Әуезовтің халық қозғалысын,оның қайсар,ер мінезді басшыларын көрсетуді нысана етуі,ең алдымен өз басының дүниені революциялық жолмен өзгертуге деген сенімінің беріктігін де әйгілейді.Ұзақ, Жәрмеңкелер қоғам құрылысын саналы түрде қайта құруды көздеген күрескерлер болмаса да, обьективтік жағынан патшалық саясатқа қарсы азатшыл қызмет атқарған ерлер болып саналады.
Тарихи шындық – көркемдік шындыққа айналады: «Әдеби шығармадағы тарихи шындық – көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе, шындап келгенде, оқиғаның, кейіпкерлердің өмірде болған, не болмағанында емес. Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине, тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді анық білуі қажет».
Тарихи шындық -Өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар,болған уақиғалар,өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың,халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты анықталады.Алайда, әдеби шығармадағы тарихи шындық-көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркем шындық.Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар аз болмайды,тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді.
Мәселе шындап келгенде оқиғаның,кейіпкердің өмірде болған не болмағында емес.шығарманың барлық мазмұны ,оқиғалары,кейіпкерлері көркем ой көрігінен етіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ.
Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды,көптеген нақтылы деректерді анық білу қажет.Ол қанша көркем суреттеулерге барса да тарихи шындықты аттап өтіп,бұрмалауға хақысы жоқ.өткен дәуір қалай суреттелмесін,бәрібір сол кездің өз болмысын білдіруі керек.
Шындыққа сай нанымды шығуы тиіс.Бұл үшін тарихи дерек көздеріне сүйену шарт.Сонда ғана бұрынғы қоғам өмірі,халық тұрмысы өз қалпынджа сенімді бейнеленбек.
Қоғамның даму процесі,саяси таптар мен топтар, кейіпкерлердің мінезі,іс-әрекеті өз уақытының қалпына орай алыну керек.Осының бәрі суреткерлікпен жанды түрде көркем бейнеленіп берілсе, тарихи шындықтың әсері, оқырманға берер танымдық мәні арта түседі. Тарихи шындықты әдебиетте көрсету әдістері,тәсілдері бірте-бірте қалыптасып,өрістеп келеді.Орыс әдебиетінде бұл саладағы шоқтығы биік шығармалар-А.С.Пушкиннің “Борис Годунов” атты драмасы,ал көркем проза саласында Л.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік” атты роман эпопеясы.қазақ әдебиетіндегі үздік тарихи туынды-М.О.Әуезовтың эпопеясы- “Абай жолы”, : Есенберлиннің “Көшпенділерін” де танымдық мәні үлкен әдеби туындылар қатарында аталған жөн.
Тарихи жанр қазақ әдебиетінде соңғы кезеңдерде елеулі жетістіктерге жете алды дей аламыз.
Ал, көркемдік шындық болса, өмір шындығының жазушының ой-елегінен,шығармашылық көрігінен өтіп, қорытылып,әдеби шығармалардағы баяндалған,көркем суретке айналған қалпы.
Көркемдік шындық өмірдегі шынщдықты кең толғап түсіну,терең сезіну,оған жазушы қатынасын білдіру арқылы туады. Көркемдік және тарихи шындықтың астасып келіп кең ауқымды, күрделі шығармалар тудырған М.О.Әуезовтің қаламынан “Қилы заман”повесі дүниеге келгенде шығармаға арқау болған оқиға туралы нақтылы шындықты айту әлі де мүмкін емес еді. Халық бір көтеріліске селдей қаптап,бөгесіндерді басып өтетіндігін,стихиялық қозғалыс ел билеушілердің зәресін ұшыра алатын “Қилы заман” қапысыз, шебер аңғартады.
М.Әуезов бейбіт жатқан Албан елінің 1916 жылғы маусым жарлығын естігенде іште тұншығып жатқан кегі оянып,дүр сілкініп шыққанын,сөйтіп айбарлы күке айналғанын өмір шындығында да, мінезге де сәйкес кесетеленген. Патшалық әкімдердің, қазақтың өз арасынан шыққан озбыр болыс, жебір тілмаштардың қинаятын көп көрген,өз жеріне,малына иелік етуден қалған,адамдық құқықтан жұрдай болған халықтың аянышты халін жазушы шығарманың өн бойын кейде кейіпкерлер сөзімен,кейде өз атынан төтелей дәлелдеп түсіндіріп отырады.
Қазақ кедейінің есепсіз зорлық көріп келгенін шығарманың ең басында келтірілген эпизод- жерін саудагердің малынан қорғағаны үшін “кінәлі” болғандарды пристав Подпороков тергеген тұстан айқын танимыз.Қарапайым адамның зәредей тілегімен есептесу дегенді мансап иелері мүлде ұмытқандығы приставтың жазықсыз жандарға айқап мына сөздерінен толық саналады.
“Сендер ақымақтар жәрмеңкеге келген саудагердің алдынан шығып,қарсылық қыласың!..Олардың малын жерімізге түсті деп қуалайсың! Сендер де жер бар ма? Жер патшанікі,ал саудагер малы да патшаныкі!”
Міне, осы секілді әділетсіздік,зомбылықты көп көрген халдықтың “патшаға адам бермейміз” деп бұрқ етіп көтерілуі табиғим.Повесте елдің стихиялық қозғалысының басталу,өршу, басылу кезеңі жүйелі оқиғалар үстінде нанымды ашылады.Көптің кекке қайралған қимыл-әрекетін көрсету жөнінде “Қилы заман” қазақ әдебиетінде жаңашыл сипатымен ерекшеленеді.Мұнда халықтың отаршылдыққа деген жиіркеніші зор көркемдік қуатпен бенеленген.Бұл ретте Ш.Айматовтың тағы да бір пікірін келтіріп өту артық емес.
“Царизмге,оның зорлықщыл аппараттарына деген өшпенділікті жас Әуезовтей соншалық суперткерлік нанымдылықпен көрсеткен,патшаның отаршылдық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерлеген,көшпенді елдің өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесінің қабылдамауынынң табиғатын мол мысалмен ала отырып, соншалық тереңдікпен ашып берген, сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім”
Шығарма авторының әлеуметтік қайшылықтарды аша білгендігін ерекше ескерту лазым. Стихиялы түрде өрбіген көтерілістің кезінде байлар мен кедейлер мүддесінің екі тарапқа айрылғандығын автор сара жіктеп көрсетеді.Сонымен қатар еңбекші бұқараның өз ішіндегі болыс,билерге сенімінің жоқтығы, оларды жат санайтындығы әуео бастан-ақ аңғарылады.
Бұны “патшаға жігіт бермейміз” дегенді айтуға бекінген елдің ауқымы байқатады.Бір мысал келтірейік: “Бұл жиындағы үлкендердің бәрінің де көңғіліндегі күдігі болыстарда болатын.Алғашқы сөз байланған соң ендігі міндет соларды ауыздықтау екені барлығына да мәсіл жұмыс, кезекті мәселе сияқты болатын. Бұның да байқауын Ұзақ айтып береді.Бірақ болысқа ел қабағын танытып,үнемі тәубесін еске түсіргендей сескенетін бір мінез ісеп жіберу керек. Ұлық алдына барғанда қайқақтамас үшін қалың топтың ұжымын анық көрсетіп,шырық бұзған кісіге көп айдыны қалай төңкерілетінін ашық сездіру керек.Жәмеңке осыны ойлады да:
-Болыстың барлығы шырық бұза бермес.Бірақ бәрі бірдей елдік ойлайды,ұлыққа сатпайды деп айтуға болмайды.Ертең мен бір бозқасқа айтып сойып, бір қауыс елді жиғалы отырмын.Албан Болыстарының бәрі де сонда келер.Бұдан былай тантырмай, аяқты нық бас деген сөзді қауым алдында айтарымыз да,біржолата шегерерміз.Содан әрі ауа жайылған болса, онда мұтайымның малы мен басын елдің қолы білсін. Албанның ақ патшамен қатар мың да бір жауы сол дерміз”
Көтеріліс басщыларының бірі-Ұзақтың туған ағасы Тұнғатар бас сауғалап,өз қасын ғана ойлап,жан сақтайды.Халық қозғалысы осылайша бай мен кедейдің ғана емес,ағалы-інілінің де жігіт ажыратуға мәжбүр еткен.Кейін Албан елінің көтерілісі қырғынға ұшырап ел көшкенде ескі жұртта патшалыққа тіреу болып келген бірнеше байдың ауылы ғана қалады.Мұның бәрі “Қилы заманда” әлеуметтік қайшылықтың іші мен тысы жан-жақты атылғанын дәлелдейді.
Отаршылдық саясаттың ең асқынған түрі-геноцидтік жексұрын кескіні “Қилы заманда” ақиқат көрінісін тапқан.Қарақол шаһарына айдалып апарылған Ұзақ, Жәрмеңке,Серікбай,Әубәкір сынды ел басшыларын айуандықпен азаптаушылық,уланып өлген Жәмеңкенің денесін өз жерінде қоюға рұқсат етпеушілік,халықтың наразылығын әдейі өршітіп,артынан “айыпты” етіп көрсетіп,қанын судай ағызуға жоспарлы түрде әзірленушілік патшалықтың нағыз жауыз тәсілі болатын.Тұтас халықты жер бетінен жоқ қылып жіберуге отаршы жендеттер шімірікпестен баратыны әшкерленген. Шығармадан үзінді келтірсек:
”Солар Әубәкірдің қатынынан Жәмеңкенің естіген соң, сол арада абақты ұлығына барып, қарияның өлігін сұраған.
“Өзіміз таза арулап, қолымыздан қоямызкісіміздің сүйегін бер” десіп еді. Бұған абақты ұлығы өз бетімен жауап бере алмай, астыртын уезге ақылдасып келіп,Жәмеңкенің өлігін бермейтінін айтқан.
Елге Жәмеңке жағдайынан хабар жіберуден бұрын Қарақол басындағы жігіттер бұндағы ұлық атаулының барлығына барып, сөйлесіп ,арылып шыққан. Ешқайсысы да жарытып жауап берген жоқ.
Әйтеуір бірдеңе айтты дегізбек үшін,абақтыда өлген жазалы кісіні заң бойынша ел қолына беруге болмайды.Мұсылман әдетінен молдаға жаназасын шығартып, өзіміз қойғызамыз деген болды.
Қарқараға Жәмеңкенің өлімі жайында хабарды әкелушілер осы сөзді қоса әкелген.Көп елдің аласыз көңілмен тұтас кәдірленген қариясының сезікті өлімімен бірге мынадай қылып сүйегін де бермей қоюы естімеген сұмдық сияқтанады.Жазушы “Қилы заманда” шет жағалап ғана көрсеткен мәселені-ағайынды қоғамдық мүдделерін кереғар кету жағдайын кейін “Абай жолының ” көп беттерінде түбірлеп,обьектив өмір,ағыстарына да, мінезге де сәйкес етіп ашады.
Бұған Абаймен бірге туған бауыры Тәкежанның көзқарастары мен өмірлік принциптеріндегі алшақтықтардың кең жүйеде көрсетілгені мысал. Бұндай қарама-қайшылық “Абай жолында” үлкен тартыстар,өштіктер туғызған. Кедейлерге Тәкеждандар жасаған көп қиянатты тыям,әділет арашашысы болам деп Абайлардың қаншама сарсаң болғаны белгілі. Ақын өмірінің қасіретке толы талай шақтары дәл осылай,алыстан емес, жақынна шыққан жаулардың қастандығынан туады.тіпті, Абайдың ішінде мұз қатқан надан, қуыс кеуде байлардан көрген тақсіретінің де бір ұшытығы ағайынмен алалығына тіреледі.Бір ата-анадан тараған жандардың да әлеуметтік орны мен мақсатына сәйкес түрліше нысана көздейтінін,бұл айырмашылықтың жеңіл-желпі шешілмейтінін,олардың өмірмен бірге кететін жаулықтарға апара алатынын М.Әуезовтің алғыр қаламы сонау жырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көрсете білгенін атап өткіміз келеді.
“Қилы заманда” 1916 жылғы азатық қозғалысының Жетісуда ғана емес, Қырғызстанда да лап еткені,көптеген қырғыз жігіттерінің абақтыда опат тапқаны,ауылдары шабылғаны,қуғын-сүргін көргені ескерліпі отырады.Бұдан бұқара халықтың әлдеқашан мүдделес,ниеттес болып келгендігінің нышанын көреміз.
М.Әуезовтің кейіннен “Абай жолы” романында толық кемелденіп көрінген шеберлігі “Қилы заманда” да еркін танылғандай.Егер автор бұл шығарманы қайта бір қарап шығуға үлгергенінде повесть анағұрлым ажарлана түскендей екен.Үлкен реалистік көркемдік жинақтауларға тән қасиеттің бәрі де “Қилы заман” бойынан табылады.Қаһармандардың пішіні мен ісін, мінезін даралық ерекшелігі мен беруде автор қалыптасқан өрнек танытады.
Қаһарман мінездерін ашудың түрлі амалын жазушы қолданып көрген.басты кейіпкерлердің іс-әрекеті сырт қарағанда қалың болмаса да,олардың тұлғасы тілдік мінездесулер,бір де болса бірегей дәл, нақты берілген суреттер арқылы ашылады.Мәселен, ,көтеріліс басшыларынынң бірі-Ұзақты үш-төрт рет көреміз.бірақ ол әр эпизод сайын ірілене,даралана түседі.
Халықтың бас біріктіріп, жігерлі ұйымшылдықпен патша жарлығына қарсы келерлік ниетін көргенде Ұзақ: “Ақ патша тоз-тоз қылып әкетіп еді, құдайға шүкіо, қартайған шағымда болса да,елдің бір әкенің баласындай жамырап табысқан күнін бір көдік... Жалғыз арман: жас шағымда кездеспеді не керек” (журналдың ілгеріде көрсетілген нөмірі Бұл сөздерге парасат, білік, үміт,арман,өкініш күшті айтылған. Ұзақтың да, Жәмеңкенің де терең саналы ойлары мен сөздері олардың табиғатындағы үлкен дарынды,кең пайымдылықты,кесек мінезді кәміл білдіреді.Ұзақтың тағы бір ретте айтқан: “киіз туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ,тілегің қосылып, ел болам деп ту көтерген,ұран салған күнін көрое алмай өттік.Енді міне сойған қойдай бұзып-жарып,он екі жілікке бөліп,боршалап тастаған заманда шығып, біз де кісі болдық дейміз.Мақтанар, жұбанаржері бар ма” деген мұңы,өкініші аралас сөздреі оның ішкі тұлғасын қмақтандыра түседі.
Осылайша Ұзақты біз шығармада аз кездестірсек те,мінез ашылар,мейілінші дәл берілген суреттер арқылы танимыз.Оның абақтыдағы қалпын жазушы сараң сөздермен тұжырады,сонда да болса,ол бізге өмір бойы сыр мінез адамдай жақын тартады.
Прокурордың сұрағанда ол: “Мен сенімен сөйлеспеймін.сенің ісің зорлық.Зорлықшымен сөйлесушіме еді? Жауап бермеймін” деген сөзден басқа айтпады.Осы қысқа сөзде өр мінезді,,қайратты,кекті, арманды адамның құлқы жатыр.Елін шауып малын талап, халықты қан-жоса етіп жүріп,сондай сорақы істерін басқаға жауып, “заңдандырмақшы” болған әкімге бұдан артық жауап лайық келмес еді. Бүкіл бір елді қырғынға батырған зұлым жаумен осылайша ғана жауаптасу Ұзақтың сөзін ұлағаттай салмақты етеді.
Ұзақтың басынан батырға тән байсалды тұжырымдылық пен шешімділікті байқасақ, ел ақсақалды Жәмеңкенің сөздерінен халық данылығын санасында дарытқан үлкен естілікті танимыз. Әубәкірдің батыл, өжет мінезі, тар жерде ақыл табар алғырлығы елестейді.пристав Подпороковтың,жылпос болыс Рақымбайдың айласы да, арамдығы да дәл суреттелген.Мұның өзі кейіпкерлдердің мінез адаралығын нақты,сенімді ашуда автордың көп іздегенін аңғартса керек.Қаһарамандарға портрет беру,табиғат суретін кестелеу,монолог,жанама мінездеу тәсілдерін жазушы кең қолданған.
М.Әуезовтің қаламына тән стилдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылығы мен айырықшалығы “Қилы заманан” көрінеді. Құбылыстардың мән-жағдайын авторлық баяндаудың өзі суретке,мінездеуге ұласып кетіп отыруы бұл шығармада жиі кездесетін көрініс.
Пристав Подпороковтың Албан елінің болыстарын жинап алып, патшаның маусым жарлығын естіртуге арналған кеңесінің суретін мысалға алып кетейік.Осы жиынның үстінде Подпороковтан бастап тілмаш оспан,болыс Рақымбай секілді қилы-қилы жандардың түр-түсінің құбылыстарына,іштегі ойларына дейін анық көрінеді.Құбылыстарды кейде автордың сөзімен, кейд кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған.
Жазушының қою бояулы,алуан түсті дарқан көркемдік қолтаңбасы “Қилы заманда” өте жатық, әсем, ісмерлі түскен.
Эпитет пен теңеуді, мінездеуді кілемнің түсіндей құлпыртып,тығыз қалайтын автордың айшықты,оймышты, сан құбылмалы сөз кестесін шығарманың кез келген бетінен кездестіреміз.Мұны туындының ең басындағы: “Жаз жауынды,мол сулы,қалың шалғынды,қызықты,қалың албанның ертегідей бай,сұлу жайлауцлары: Үш Мерке, Дөңгелек саз,Үшқарқара,сырт, Лабас-жайлау күндердің жасыл торғын шымылдығын,көк жібек бесігі” деген сөйлемнен де байқауға болады.Біріңғай мүшелі сөздерді топтап,тіркестіріп,үстемелеп қолдану жағына автор ерекше ден қойған.
Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын,оны өзі қайсыбір ретте сөздердің мағынасын көмескелендіріп тұрғанын аңғараар едік.Бұны біз дарыны дәуірлеп,суреткерлік қауты толысқан жазушының табиғи қадамы деп білеміз. “Абай жолында” автор суперт кестелерін тізуге,сөз қолдануға анағұрлым талғампаз,үнемшіл болғанын тәжірибенің артуынан деп қарау керек.
Асы жайлауының табиғат суретін берген тұс ғажап! Мұнда әрбір сөз, тіркес көзге, көңілге елестерліктей дәл,анық,бояуы қанық,қара сөбен берілген поэзия.
“Қилы заманда” халықтың аңыз әңгімелері,шешендік сөздері орынын тауып,оқиға өріліміне үйлескен.Қарт Жәмеңкенің халыққа қарата айтқан сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді. “баяғыдан бері албан баласы қарын шаша алынбағандай болып,ала бөтен амандықпен келіп еді.мына жетпіс беске келгенше малы,басы пәле қазаға ұшырағаныны көрген жоқ едік.Бұл тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді.
Таудың киігіндей кей жайылған тіршілігі бар еді.албанның тоқсанға, жүзге келген шалы болса да, бұл елдің қыс күнінде жұтағанын, жаз күнінде індетке ұшырағанын білмеп еді....Енді мына бүгінгі күн мынадай кер заманға кездестік.Қалың апат селге киліктік”
“Қилы заманға” қатысты әңгімені Ш.Айтматовтың төмендегі тебіреністі сөздерімен тұйықтауды жөн көрдік. “Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен біздің бүгінгі шындығымыздың арасы жер мен көктей,тіпті салыстыруға келмейтін категориялар.Бірақ ол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы-жұрт еңсе көтеріп,патшаның отаршылдық қанауына қарсы халдықтың стихиялық толқуы,өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп,еркіндікке ұмтылып,адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-зомбылыққа қарсы тұруы таңқалуға болатын дүние”.
“Қилы заман” ұзақ жылдар бойында баспа жүзін көрмей келгенімен,жазушының санысанан шығып кеткен дүниелік емес-ті. Шығарманың азатшылық идеясы,әсіресе,түрлі табиғи,шыншыл адам типтері “Абай жолы” эпопеясында кей тараптан дамытыла елес бергенін,көркейе,келісті бітім тапқанын аңғару қиын емес.
Тобықты елінде,Семейде билік,үстемдік жасап жүрген патша чиновниктерінің бейнелерінде,әсіресе, “тентек ояз” тұлғасында “Қилы замандағы” Подпороковтан ауысқан “белгілер” барға ұқсайды. Сол сияқты роман-эпопеядағы болыс-билер іс-әрекетінде албан атқамінерлерінің кейіп-кескінін елестетерлік тұстар кездеседі.Әсіресе, “Қилы замандағы” ел қамқоры, өткір тілді,шешен Жәмеңке мен “Абай жолындағы” кедей,жатақтар жоқшысы,үлкен саналы ерлік пен адамшылыққа қабілетті,асыл ойлары мен ізгі армандары сөздерінде ұшқындап тұратын нағыз халық даналығын бойына жинаған дерлік Дәрмекбай арасындағы “жақындық” үстірт қарағанда да көзге шалынбай қалмайды.
Ал кейбір тұста Ұзақ батырдың ел тағдыры мен намысын армандаған сәттері,кесек мінезі,қасиетті толғаныстары “Абай жолындағы” Базарлыны еске түсіреді.Мұның өзі араға көп жылдар салып барып жазылған,екі басқа тақырыпқаарналған шығармалардың бітіміндегі қайсыбір үндестік пен сарындастықтың,жазушы көкірегіне ұялаған идеялардың түрлі көлемде көрініс табуының жарқын мысалы секілді.
Сонымен “Абай жолына” барардағы идеялық-көркемдік сатылар қаламгерлік әңгімелерімен де, “Қараш-Қараш оқиғасы”, “Қилы заман” повестерімен де табиғи қалыптасқанын көреміз.
Тарихи негізді шығарманың ең бір қиын сәті ондағы тарихи бейнелерді көрсету сәтінде монологқа немесе диалогқа көп бой ұрып, немесе баяндай түсіндіруде оқырманды жалықтырып алу қаупі бар.
Ол жөнінде ғалым Василий Цыренович Найдаков былай дейді: «Трудность создания образов исторических героев породила и такой недостаток, как обилие монологогов, диалогов и вообще разговоров, главное назначение которых сообщить читателью нечто о том или ином герое, событии». Мұхтар Әуезов тарихи негізді туындылар жаза отырып жоғарыдағы аталғандай кемшілік жібермеген. Повестагі әрбір монолог, әрбір диалог жанды, әрі даралық ерекшелігімен өзгешеленеді.
Қорыта атқанда, “Қилы заманда” 1916 жылғы Жетісудағы халық қозғалысының көркем ескерткіші,ел үшін жанын пида еткен ерлердің жарқын тұлғасы жасалған.Бұл-дәуірдің көп қайшылығын,мол қатпарын ашатын, отаншылдық,перзенттік аңсардан туған,жүрекқанымен жазылған, терең,қаситетті,кәделі ойларға,ұлы үмітке толы туынды.Мұндай кең,еңелі,сом сурет бейнелер жасай алған,адам мінезініің диалектикасына барған суреткердің прозадағы кезекті ірі туындысы оынң есімін әлемдік даңқа бөлген “Абай жолы” сынды зеңгір эпопеға ұласуы барынша табиғи.
Дәріс №7 “Қилы заман” повесіндегі ұлттық дүниетаным және трагизм
Достарыңызбен бөлісу: |