Карта бойынша маршрутты анықтау. Жолдан тыс қозгалыс жасау маршрут картада жолдың бір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей етіп белгіленеді. Маршрутты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері, т.б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға козғалу кезінде, жолдағы қозғалыска карағанда, карта бойынша жиі бағдарланып оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отырған жөн. Жабық жерлерде қозғалыс багыты компас бойынша бағдар жасалып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша козғалу үшін міндетті түрде мәліметтер дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын,алаңқайларды, орман жолдарын,өзендерді және тағы басқаларды пайдалануға болады. Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір – біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікте орналасқан заттар,көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктерді пайдалану қажет.
Рекреация түсінігі. Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді-танымдық,спорттық-сауықтыру және емдік.Сонымен қатар,танымдық функциясына барлығы да зор мән береді.Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды,этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын,көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан тұрады. Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қолайлы климаттық жағдай,желсіз ашық күндер,орман тау,теңіз,көл,өзендер және т.б. жатады. Мәдени-тарихи орындар-сәулетті ескерткіштер,мұражай,көркем галереялар,театр және т.б. обьектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары-әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары-жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі-шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.Туризм арқылы сауықтыру –адамның өндірісте,физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады.Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары,себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған,олай болса,ол адамның еңбек қабілетін көтереді.Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады.Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор.Туризм ұйымшылыққа,бір-біріне өзара көмек көрсетуге,алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады,ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр.Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты-қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру,оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту.Рекеация дегеніміз дамыған қоғамның айрылмас бір бөлігі,қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді:
1) медико-биологиялық;
2) мәдени-әлеуметтік;
3) экономикалық;
4) саяси;
5) экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлы-курорттық ем мен сауықтырудан түрады, туризм арқылы сауықтыру-адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып отыр.
Мәдени-әлеуметтік функциясы-бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы.Мәдени талғам-бұл қоршаған ортаны,дүниені біліп-түсіну.Туризм еліміздегі ғана емес,бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы-жұмысшы күшін қалпына келтіру.рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады. Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады.