315. Морфинмен жедел уланғанда болатын құбылыстар:
1. Брадикардия
2. Қарашықтың тарылуы
3. АҚ-ның жоғарылауы
4. Тыныс алудың тежелуі
5. Тізе рефлексінің сақталуы
316 . Наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:
1. АІЖ-ның шырышты қабаттарының ойылуы
2. Антигипертензивті әсері
3. Тыныштандырғыш әсері
4. Тыныс алуды тежеу
5. Қан кетулер
317. Транквилизаторларды қолдануға көрсетулер:
1. Оймен және физикалық жұмыс істеу қабілетін жоғарылату үшін
2. Мидың қан айналуы бұзылуына, гипоксияға байланысты болатын ақыл-ес жетіспеушілігін жою үшін
3. Нарколепсияда, артериялық қысым төмендегенде
4. Невроздарда және невроз тәрізді жағдайларда, ұйқысыздықта
5. Манияда, ұйқышылдықта
318. Тыныштандыратын заттарды атау:
1. Бром тұздары, сасық шөп(пустырник) препараты, валериана препараты
2. Мезокарб, кофеин
3. Аминалон, пирацетам
4. Нитразепам, мазепам
5. Аминазин, этаперазин
319. Психостимуляторларды атау:
1. Бром тұздары, сасық шөп(пустырник) препараты, валериана препараты
2. Мезокарб, кофеин
3. Аминалон, пирацетам
4. Диазепам, мезапам
5. Аминазин, этаперазин
320. Транквилизаторлар тобының препараттары:
1. Промедол, морфин
2. Аминазин, дроперидол
3. Диазепам, феназепам, буспирон
4. Натрий бромиді, валериана тұндырмасы, сасық шөп(пустырник) тұндырмасы
5. Кофеин, мезокарб
321. "Күндізгі" транквилизатор:
1. Мезапам
2. Феназепам
3. Фенобарбитал
4. Диазепам
5. Мезокарб
322. Транквилизаторлардың қолдануға негізгі көрсетілулері:
1. Хирургиялық көмек көрсету алдында премедикация үшін
2. Невроз және невроз тәрізді жағдайларда
3. Ұйқысыздықта, эпилепсияда және қаңқалық бұлшық еттердің гипертонусымен жүретін басқа неврологиялық бұзылыстарда
4. Нарколепсияда (патологиялық ұйқышылдықта), депрессияда
5. Жедел психозда
323. Затты анықтау. Шаршағанда оймен жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады, қабылдауды жеңілдетеді. тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталықтарын ынталандырады. жүректің, көлденең-жолақ бұлшық еттерінің қан тамырларын кеңейтеді. Іш қуысындағы мүшелердің қан тамырларын тарылтады. Жүректің жұмысын күшейтеді. Ксантин туындысы:
1. Бемегрид
2. Кордиамин
3. Этимизол
4. Кофеин
5. Цититон
Достарыңызбен бөлісу: |