Фармакология кафедрасы


Мақсаты: Студенттерді адренергиялық заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру. 3. Дәріс тезистері



бет30/268
Дата17.03.2023
өлшемі2,91 Mb.
#172787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   268
Байланысты:
3 курс СТОМ 2011 каз яз
Әкімжанова Әйгерім №2 ТФП. Хаттама
2. Мақсаты: Студенттерді адренергиялық заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Адренергиялық синапстар ОЖЖ, сонымен қатар постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын шеткі тіндерде орналасады. Бұл синапстарда қозудың берілуі норадреналин медиаторының көмегімен жүзеге асады.
Адренергиялық синапсқа ынталандырғыш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреномиметиктер (адренорецепторларды тікелей ынталандыратын заттар) және 2) симпатомиметиктер (симпатикалық нерв ұштарынан норадреналиннің бөлінуін ынталандыратын заттар). Адреномиметиктердің практикалық маңызды әсерлеріне қан тамырларын тарылту (α- және α,- β-адреномиметиктер), атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту (β1, β2), миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату (β1-адреномиметиктер), жүрек тоқтап қалғанда қызметін қалпына келтіру (α,β-адреномиметиктер), бронхоспазмды тоқтату немесе жою (β1 , β 2 -, β1, β2 және α1, α2 - адреномиметиктер), сонымен қатар, жүктілік кезінде және туу барысында жатырдың жиырылғыштық белсенділігін төмендету (β2-адреномиметиктер) жатады. Симпатомиметиктер қан тамырларының тонусын жоғарлату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, бронхоспазмды тоқтату және алдын алу үшін қолданылады. Адренергиялық синапсқа тежегіш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреноблокаторлар (адренорецепторларды тежейді) және 2) симпатолитиктер (симпатикалық жүйке ұшынан норадреналиннің бөлінуін тежейді). Адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне артериалдық қысымды төмендету (α1,β- және α11-адреноблокаторлар), жүректің жұмысын және стенокардияда миокардтың өттегіне қажеттілігін төмендету (β12- және β1-адреноблокаторлар), тахиаритмия және экстрасистолияда жүректің жиырылу ритімін қалпына келтіру (β12- және β1-адреноблокаторлар), көз ішілік қысымды төмендету (β12-адреноблокаторлар) жатады. Симпатолитиктер гипертониялық ауруды жүйелік емдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   268




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет