Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс ІІ. Ахуалдық тапсырмалар


қантамырдағы тегіс салалы б/ет а1адренорецепторларын тежейді



бет18/35
Дата29.11.2022
өлшемі82,1 Kb.
#160236
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2

қантамырдағы тегіс салалы б/ет а1адренорецепторларын тежейді

69. Көз қарашығын кеңейтеді, көзішілік қысымды төмендетеді, аккомодация спазмын шақырады. Жоғары уытты. Тек глаукомада жергілікті қолданылады. Осы препартпен уланғанда М-холиноблокаторларды және холинэстераза реактиваторларын қолданады.


1.Препаратты анықтаңыз
Пилокарпин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Мускаринге сезімтал холинорецепторларға әсер ететін заттар тобы, м-холинорецепторларды ынталандыратын заттар топшасы
3.Препараттың көзге тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Шеткергі М-холинрецепторлардың қозуына байланысты, олар бірқатар арнайы әсер туындатады, сонымен қатар көзіші қысымын азайта отырып, қарашықтың тарылуын және көз тіндеріндегі трофикалық үдерістерді жақсартады.

70. Наркозға арналған препарат. NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті. Айқын ауырсыну сезімін басатын қасиетке ие. «Диссоциативті анестезия» жағдайын шақырады. Жағымсыз әсерлеріне галлюцинация жатады.


1.Препаратты анықтаңыз
Кетамин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Наркозға арналған заттар тобы, ингаляциялық емес наркозға арналған заттар топшасы
3.Препаратқа толық фармакологиялық сипаттама беріңіз
Кетаминді көк тамырға және бұлшықетке ерітінді түрінде қолданылатын ұнтақ тәрізді зат. Кетамин тек жалпы ауыру сезімін басады, сана-сезімнің жартылай жоғалуымен жүретін жеңіл ұйықтатқыш әсер көрстетеді. Көк тамырға енгізгенде әсері 30-60 сек кейін басталады және 5-10 мин созылады, ал бұлшықетке енгізгенде 2-6 мин кейән басталып, 15-30 мин созылады. Бауырда инактивацияланады. Қолданылуы: ұзаққа созылмайтын хирургиялық манипуляциялар кезінде
Жанама әсерлері: тыныс орталығының тежелуі, жоғарғы қан қысымы, тахикардия

71. Барбитур қышқылының туындысы. Көктамырға бір рет енгізгенде ұзақтығы 20-30 минут наркоз тудырады. Қысқа уақыт әсер етуі заттың организмде қайта бөлінуі – май тіндеріне жинақталуына байланысты. Наркоз кезінде анальгезия әлсіз.


1.Препаратты анықтаңыз
Натрий тиопенталы
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Наркозға арналған заттар тобы, ингаляциялық емес наркозға арналған заттар топшасы
3.Препараттың наркоз туғызатын әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Ол ми нейрондарының постсинаптикалық мембранасындағы ГАМҚ-тәуелді арналардың ашылу уақытын бәсеңдетеді, хлор иондарының жүйке жасушасына ену уақытын ұзартады және мембрананың гиперполяризациясын тудырады. Амин қышқылдарының (аспартат және глутамат) қоздырғыш әсерін басады.
Мидағы метаболикалық процестердің қарқындылығын төмендетеді. Ол ұйықтап кету процесін жеделдету және ұйқының құрылымын өзгерту арқылы көрінетін ұйықтатқыш әсерге ие.

72. Ұйықтататын препарат. Ұйқы құрылымына аз әсер етеді. Бензодиазепин рецепторларының агонисті, химиялық құрылысы бойынша бензодиазепин туындысы болып табылмайды.


1.Препаратты анықтаңыз
Золпидем
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
Ұйықтатқыш заттар тобы, бензодиазепин рецепторларынң агонисттері топшасы
3.Препараттың ұйықтататын әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Бензодиазепин рецепторларының бірінші тип тармағымен (BZ1 немесе w1 тип тармағымен) таңдамалы байланысып, аз дәрежеде анксиолитикалық, бұлшықетті босаңсыту, тырысуға қарсы және амнестикалық әсері байқалады.

73. Тригеминальды невралгияда таңдау препараты, нейрондар мебраналарының натрий каналдарының блокаторы. Эпилепсияда да қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз Карбамазепин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Эпилепсияның генеризацияланған түрлерінде Натрий кналдарын тежейтін заттар

3.Препараттың эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз


Химиялық құрылымыб бойынша ол дибензазепин туындысна жатады. Оның тырысуға қарсы белсенділігін натрий каналдарын тежеумен байланысты. Бұл препараттың артықшылығы болып эпилепсияға қарсы қасиетінің психотропты әсерімен үйлесуі саналады. Карбамазепинді қабылдағаннан кейін науқастың көңіл-күйі жақсарады, олар көпшіл, әрекетшіл бола бастайды.
74. Опиодты мю-рецепторлардың агонисті. Айқын ауырсыну сезімін басатын қасиетке ие, тынысты тежейді. Тері астына немесе бұлшықетке енгізгенде әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат. Жүйелі түрде қолданғанда дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін.
1.Препаратты анықтаңыз Морфин

2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Опиоидты анальгетиктер, Опиоидты рецепторлардың агонистері


3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз Афференттік жолдардың орталық бөлімдерінде ауру импульстерінің нейронаралық берілу үрдісін тежейді. Морфинмен опиоидты рецепторларды ынталандыру эндогенді антиоцицтивті жүйенің белсенденуімен және ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейіндегі ауыру стимулдарының нейронаралық берілулерінің бұзылуымен жүреді.


75. Анальгетикалық белсенділігі бойынша морфиннен 100-400 есе жоғары, қысқа уақыт әсер етеді (≥30 минут, көктамырға енгізгенде). Нейролептоанальгезия үшін таңдау препараты.
1.Препаратты анықтаңыз Фентанил

2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Опиоидты анальгетиктер, Опиоидты рецепторлардың агонистері


3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз


Анальгетикалық белсенділігі бойынша морфиннен 100-400 есе жоғары, қысқа уақыт әсер етеді (≥30 минут, көктамырға енгізгенде). Әсері 1-3 мин кейін дамиды.Фентанил тыныс орталығының айқын, бірақ қысқа уақытқа тежелуін шақырады. Ол қаңқа бұлшықеттерінің, сондай- кеуде қуысы бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады. Бауырда метобозизмге түседі. Фентанилдің әсер ету ұзақтығы науқастың жасына және бауыр қызметіне байланысты.

76. Ауырсыну басу әсерін морфинмен салыстыруға болады. Морфинге қарағанда тынысты және ішек перистальтикасын аз тежейді. Наркогендік потенциалы аз. Опиодты мю-рецепторлардың жартылай агонисті.


1.Препаратты анықтаңыз Бупренофрин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Айрықша орталық әсерлә заттар, Опиодты мю-рецепторлардың жартылай агонисті.

3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз


Парентералды және сублингвалды жолмен енгізеді. Сублингвалды жолмен енгізгенде биожеткіліктілігі шамамен 50% болады. Асқазан ішек жолдарынан салыстырмалы түрде жақсы сіңеді. Өт қапшығында және ұйқы безінің өзегінде қысымды жоғарылатпайды. Ішек арқылы химустың жылжуын аз дәрежеде кідіртеді.

77. Препарт Паркинсон ауруын және паркинсонизм синдромын емдеуге арналған. NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті.


1.Препаратты анықтаңыз :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет