Ғылыми конференциясының материалдары



бет109/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер

1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә.Бейсенбаева, А.Самақова


2. Экология негіздері. Ғ.Сағымбаев,Б.Шілдебаев
3. Интернет көздері. www.google.kz
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ. ГАСТРИТ


Жұмақадыр Надия (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылымижетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы ҚаупенбаеваР.Б.

Асқорыту жүйесі түтік тәрізі мүшелерден және асқорыту бездерінен тұрады. Асқорыту жүйесі(көне грекше - systema digestoria; көне грекше(systema-бүтін,байланысқан,жүйе;лат.digestoria–асқорыту)-адам мен жануарлар организмдеріндегі асты қабылдау,өңдеу,қорыту,сіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесі төрт бөлімге бөледі:бас бөлімді- ауыз бен жұтқыншақ,алдынғы бөлімді-өңеш пен қарын(асқазан),ортаңғы бөлімді -ащы ішектер(он екі елі ішек,аш ішек,мықын ішек)мен ірі асқорыту бездері(ұйқы безі,бауыр),артқы бөлімді-жуан ішектер(бүйен,тоқ ішек,тік ішек)құрайды.


Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысы-асқорыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін -ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығынлағы жұтқыншаққа шығатын тесігін-есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы және сыртқы қабырғасын -жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын -күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын -оң және сол ұрт ,ішкі қабырғасын -оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек ,төбесін қатты және жұмсақ таңдай ,ал төменгі жақаралық кеңістікке орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды
Жұтқыншақ-түтік пішінді қуыс ,бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.Ересек адамда оның ұзындығы 11-13см.Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады.Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді .Жұтқыншақ арқылы тамақ та ауа да өтеді .Сондықтан ол әрі асқорыту әрі тыныс алу қызметін атқарады.
Өңеш-ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше .Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен,төменгі бөлімі қарынмен жалғасады .Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған .Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп ,құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады. Асқазан -асқорыту жолының көлемінің ұлғаюы .Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан Пішіні сыйымдылығы 2-3л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Тамақ асқазаннан қорытылып аш ішекке түседі .
Аш ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі,оның ұзындығы 5-7см және 3 бөлікке бөлінеді:ұлтабар,аш ішек және мықын ішек деп бөлінеді.Астың қорытылмаған бөлігі тоқ ішекке өтеді Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2см және соқыр ішек,жиек ішек және тік ішек деп бөлінедіТоқ ішек тік ішекпен байланысады .Бауыр -денедегі ең ірі без (салмағы 1,5кг). Ол құрсақ қуысының оң жақ жағында, көкеттің астында орналасқан .Бауыр өт түзейді. Асқорытылуда өттің алар орны ерекше.Осылардың ішінде асқазанға толығырақ тоқталсақ. Асқазан асқорытылуда алар орны ерекше. Асқазанда астың дұрыс қорытылмауы түрлі ауруларға алып келеді. ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ-[(грекше.gastrs)-асқазан,қарын ,nteron-ішек және lgos-ілім]-адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі ,ауруларын(көбінесе жұқпайтын)олардың себептері ,патогенезі, белгілері оларды анықтау,емдеу және олардан сақтану туралы ғылым медицинаның бір саласы. Асқазан аурулары -өңеш пен 12 елі ішек аралығындағы орналасқан асқорыту органдарының қалыпты қызметінің бұзылуы. Асқазанның ішінде:асқазанның қабынуы ,асқазан жарасы ,асқазан рагы көп кездеседі. Бұндай аурулар көбіне :дәрі-дәрмекті көп пайдаланғандықтан, арақ-шараптың шамадан тыс болуынан,шәй,кофені қою ішуден, тамақты дұрыс ішпеуден фасфуд тағамдарын коп пайдаланғандықтан,немесе суық қабылдағандықтан болады.Асқорыту жүйесінің аурулары:
-созылмалы атрофиялық гастрит
-плоиптер және шырышты полип
-асқазанның созылмалы жарасы
-менетрие ауруы
-язва
Асқазандағы ойық жара-бұл ауру асқазан қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады .Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін .Солардың ішінде ойық жараның жиі қанауы,көрші ағзаларға жарып өтуі(пенератциясы),тесіліп кетуі(перфориясы),обыр(рак)ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті.Асқазанның ойық жарасы 35 жасқа дейінгі жастарда өте көп кездеседі,яғни қазір бұл аурумен көптеге мемлекет жастары жапа шегуде (Европа елдері) және Қазақстанда кенде емес .Бұл аталған ауруға helicobakteri gastritis аталған микробқа маңызды орын беріледі.Еліміздегі әрбір үшінші тұрғыны асқазан ауруымен ауырады соның ішінде гастрит ауруы жиі кездеседі .ГАСТРИТ-асқазанның созылмалы қабынуы сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі,яғни асқазанның шырышты қабатының қабынуы. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейінгі және мектеп жасында басталады .Созылмалы гастрит көп жағдайда бұл ауруға тектік бейімділігі бар балаларда байқалады. (сурет 2) Жүйкесі жұқа адамдар да асқазан сөлі көп бөлініп гастритпен ауырғыш болып келеді.
Сурет 2. Асқазаның ауруы.Гастрит.фото



Гастрит жылдың әр мезгілінде асқына береді .Гастрит-язва ауруына хабар беруші.Сырқаттың


туындау себептері:
-асты уақытында ішпеу
-дәрі-дәрмекті көп пайдалану
-арақ-шарап өнімдерін шамадан тыс қолдану
-астан улану
Белгілері:
-іштің ауруы
-ұстама тәріздес эпигастрид тұста байқалады
-лоқсу
-өт аралас құсық
-тері түсінің өзгеруі
-салмақ түсу
-үлкен дәрет бұзылуы (іш қату)
-кіндік тұсының ауруы.
Созылмалы гастрит-полиэтиологиялық ауру ,асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтра-циясымен,регенгерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителиидің атрофиясына ,кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп ,асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын ,асқазанның кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы болып табылады.Қазіргі кезде гастрид ауруымен ауыратын адамдардың көбісі жасөспірімдер.Болдырмау шаралары:
-салауатты өмір салтын сақтау
-күн режимін сақтау-гигеналық талаптарды сақтау
-дәрі-дәрмекті ретцепсіз пайдаланбау
-медициналық сараптамадан жылына бір рет өтіп тұру
Адам өз денсаулығына көп назар аудару керек, себебі ата-бабамыз айтқан «Денсаулық-зор байлық» Асқорыту жүйесінде асқазан үлкен рөл атқарады. Біздін елімізді дамыту үшін бізге дені сау жас ұрпақ қажет ,сондықтан біз өз денсаулығымызды сақтап ,дұрыс тамақтанып салауатты өмір салтын сақтауымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет