Әдебиеттер
Мылтықбаев Р. Шыңғыс Айтматов. – Алматы: Жазушы, 1978. – 88 б.
Ысқақұлы Д. Айтматов айдыны // Жалын, 2008, №11.
Айтматов Ш. Қызыл алма. Әңгімелер, повестер мен пьеса. – Алматы: Атамұра. 2005. – 63, 77, 78 б.
Түркі халықтары әдебиеті. Әбдіғазиұлы Б., Тебегенов Т., Асқарова Г. т.б. – Алматы: Арыс, 2010. – 128 б.
7-СЕКЦИЯ
АУҒАНСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР
Абдул Джалил Гуллайла (Ауғанстан)
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева С.А.
Орыстың патшалық империясы да, коммунистік билігі де қазақ халқының тағдырына кері ықпалын тигізгені рас. Оған Ауғанстанға барып қоныс тепкен қазақ ағайындардың тарихы куə. Ол елге қазақтар үш кезеңде барған. Əр кезеңнің өзіндік тауқыметі мол болды. Бірінші кезең – 1865 жылы Ресей патшалығынан қысым көрген бір топ қазақтар əуелі Тəжікстанға өтеді. Одан ары бір мың шаңырақты құрайтын қазақтар Ауғанстанға барып орнығады. Екінші көш – 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихи зұлматтың беттерін парақтайды. Бұл көш қазақтың екі мың шаңырағын Ауған елінде сергелдеңге салды. Үшінші кезең – тарихта кəмпескелеу жəне қолдан жасалған ашаршылық деген анықтамасымен мəлім болып келе жатқан 1929-1932 жылдары іске асты. Осылайша олар Ауғанстанның диаспорасына айналды. Үш кезеңде Ауғанстанды паналауға мəжбүр болған қазақтар ол елдің Құндыз, Мазар Шəріп, Пол Құмыра, Герат, Кабул, тағы басқа өңірлерінде тұрды. Олардың саны туралы түрлі мəлімет айтылып жүрді. Шындығына келгенде қазақтар арасында орташа бала саны сегіз болғандықтан үш кезеңнің төрт мың қазақ шаңырағының есебін шығару демограф ғалымдарымыз үшін қиын емес.
Қазақтар Ауған елінде мал шаруашылығы, сауда-саттық жəне тігіншілікпен айналысты. Ұл-қыздарын көбінесе діни курстарда оқытты. Заманауи білім алуға бірен-саран ұл балалары ғана ықылас танытты. Соның ішінде баржоғы екі азамат Кабул университетінде оқып, жоғары білім алды. Оның бірі – Нұрмұхаммед деген азамат, əкесінің аты Молла Серікбай болатын. Ол Кеңес Одағының əскері Ауғанстанның ішкі оқиғаларына араласып, елдің ішіне бүлік шығарған 1980 жылдарында саяси тартыстардың құрбаны болып, Кабулда қаза тапты. Екіншісі – Мұхаммед Рафиһ атты азамат БҰҰ-ның босқындар бөлімшесінің тізіміне ілігіп, алған мамандығы бойынша Дания мемлекетінде қоныстанып, отбасы мүшелерімен тыныш өмірге қауышты. Аталары небір тауқыметті бастарынан өткерген ұрпақтың əулетінің бірі болған оған бағы мен берекесі мол тіршілік еткей деген тілегіміз бар. Кеңес əскерінің 1980-1989 жылдар аралығында лаулатқан соғыс оты талай шаңырақты күйретті, миллиондаған ел азаматтарын жан-жаққа тарыдай шашыратып əуреге салды, оның кесапаты сол елде тұратын қазақтарды да айналып өте қойған жоқ. Ауғанстан қазақтары 1980 жылдардан бастап босқын ретінде Пəкістан, Иран, Сауд Арабиясы жəне Түркия мемлекеттерін паналады. Олардың басым көпшілігі оқымысты маман болмағандықтан, тұрақтанған елдерде алыпсатарлық сауда, тігіншілікжəне аяқ киім жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрді. Олар тігіншілік саласында Түркияда мемлекеттік экономикаға əсер етерліктей тері құрақтарынан күрте тігуді дамытты. Босқындардың өмірі өте қиын болды. Барған елдің толықтай тілін меңгеру, заңдарына үйренісу, адамдарының мінез-құлқын тани білу, тіршілік қағидаларына қанық болу, тағы басқа қырларының байыбына бара білу. Босқында жүрген бауырларымыз тауқымет иірімінде жарқыраған үміт сəулесіне тап болды. Ол Қазақстанның тəуелсіз ел болғанын əлемге жариялау еді. Небір өмір азабын көрген олар елінің Тəуелсіздігін естігенде жүректері қуаныштан жарыла жаздады.
Осыдан оншақты жыл бұрын алыс шетелдердің ішінде қазақтар ең көп, тығыз орналасқан елдің бірі – Ауғанстан еді. Мұндағы қазақтар негізінен Мазари Шариф төңірегінде тұратын. Кабул қаласында және басқа жерлерде біраз қазақтар бар еді (жалпы ол кезде ресми статистикалық есептерде Ауғанстанда 30 мың қазақ бар деп көрсетілген). Міне осы қазақтардың басым көпшілігі Ауғанстандағы соғыс кезінде шетелдерге (Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Пакистан) өтіп кетті. Кейін олардың бәрі дерлік Көші-қон квотасы арқылы Қазақстанға жетті. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп қоныстанды, біраз бөлігі Алматы облысында тұрып жатыр.
Т.ғ.д., профессор Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәйден Жолдасбаев:Швед дипломаты, шығыстанушы Гуннар Ярринг 1935 жылы Ауғанстанның солтүстік жағынан Кіші жүз қазақтарын кездестірген. Қазақтар Ақши, Андыхой аудандарында, көпшілігі Ханабад округінде тұрған. Ал екінші бір деректер бойынша, Құндыз өзенінің батысында Чахардара деген жерде 200-ге жуық отбасы өмір сүрген, Ауғанстанның солтүстігіндегі Ходжа Салар аймағында XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап-ақ ауып келген казақтар өмір сүре бастаған. Бұл Орталық Азия хандықтарының Кіші жүз жеріне шабуыл жасай бастаған кезімен шамалас.
Ауғанстан жеріндегі қазақтар туралы хабарды Франц Шурманың «Ауғанстандағы моңғолдар» атты еңбегінен оқуға болады. Ханабад пен Андхой қалаларында қазақтар кедей жұмыскерлер (люмпен пролетариаттар) сияқты өмір сүрген. Ал Герат қаласының жанындағы Қазақ сарайы деген жерде 500 қазақ тұрған.
Ауғанстандағы қазақтардың жағдайы жақсы болмады, өйткені Ауған өкіметі оларды бір жылдан кейін, 1929 жылы Чахансур аймағының Нимруз провинциясына орналастырды. Бұл жердің ауа райы өте ыстық, өмір сүруге мүлдем қолайсыз еді. Қазақтар ыстыққа шыдамай қырыла бастады. Тек бір-екі жылдан кейін ғана Герат аймағына қайтуға рұқсат алып, осында жүн, тері өңдеумен, қолөнермен айналысты. Ал Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір революциясы қарсаңында Кабул қаласындағы кейбір қазақтар қаланың бүкіл азық-түлік саудасын өз қолдарында ұстаған.
Жалпы, Ауғанстан жеріндегі қазақтардың өте шашыраңқылығына байланысты, олардың нақты санын білу өте қиын. Шамамен 24 мың қазақ өмір сүрген. Алайда Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне басып кіруіне байланысты қазақтар мен қырғыздар Иран мен Түркияға көшкен. Иранға 70 отбасы шықса, Түркияға көшіп барған қазақтар 500 отбасыға дейін жеткен. Еліміз егемендігін алғаннан кейін олардың 300 отбасына жуығы елімізге оралса, қазір Стамбұлда 200-ге жуық отбасы тұрып жатыр.
Қазір Ауғанстанда 300 отбасындай қазақтар қалды деп есептелінеді. Олармен байланыс өте барыс-келіс мүлде жоқ деуге болады. Сондай-ақ, Ауғанстанда қазақ жерінен осыдан 150-200 жыл бұрын кеткен қазақтар бар. Олар өз шежіресін, ата-бабасын жақсы біледі. Бірақ қазақ тілін білмейді.
Ауғанстанның жергілікті халқы мен үкіметі қазақтарға бек риза. Оның себебі қазақтар бауырмал, қанағатшыл. Сонымен қатар бизнес саласында ешқашан алкоголь, наша саудасымен айналысып, жаман атағын шығарған ел еместі. Сондай-ақ жезөкшелікті кәсіп етпеген халық. Ұрлықта да аты шықпаған қауым. Қазірге дейін ауған елі қазақтарды аңсап: «Зиянсыз, момын қазақ деген ел бар еді, олар қайда кетті» деп жоқтап жүреді екен. Ауғандардың бұндай көзқараста болулары да жайдан-жай емес. Өйткені өздері қиналып жүрген бір кезеңде Мазар шәріп қаласында қала әкімі Тұрмаш мырза қазақтарға егістікке жер берген. Сонда қазақтар біз егінмен айналыспаймыз деп алмаған. Әкім егін салмасаңыз сатып, бір кәдеңізге жаратарсыз деген. Оны да мақұл көрмеген қазақтарға таң қалған ауғандар олардың тоқпейіл көңіліне қарап «Қазақтар құдай берген қанағатшыл ел» деп бағалап келген.
Қазақтар сауда-саттық саласында ауғандар алдында сенімді саудагерлер ретінде жақсы абыройға ие болды. Сондай-ақ шебер тігінші, етікші болғандары үшін де ел арасында зор беделге ие болған. Оған мысал ауғандар қазақтың қолымен тігілген тондарды күткізбей сатып алатын. Сол себептен қазақтарды нағыз тон тігудің шебері деп атайтын.
Ең қызығы қазақтар жергілікті елмен тату-тәтті өмір кешіп жүрсе де оларға қыз бермеген. Ата мекеннен жырақ жүріп, аңсары бір болғандықтан олар бір-біріне қолдау көрсетіп, қуаныш пен өкінішін де бірге бөлісіп жүрді.
Қазіргі уақытта Ауғанстан Ислам Республикасындағы этникалық қазақтардың жалпы саны 25 отбасыға жуық (140 адамдай) олар, негізінен, елдің солтүстік аймақтарын мекендейді. Ауғанстандағы этникалық қазақтардың көп мекендеген жері – Құндыз провинциясы, қалғандары: Балхта – 7 отбасы, Бағланда – 7 отбасы, Тахарда – 1 отбасы, Фарабта 1 отбасы қоныстанған. Олардың арасында аралас некенің үлесі жоғары (әйелдері – өзбектер мен тәжіктер), осыған байланысты жастар қазақ тілін білмейді. Қазақтар қыздарын басқа ұлттарға ұзатпауға тырысады.
Мен өзім Ауғанстанның Құндыз атты қаласында тұрамын. Біздің қалада тұратын қазақтардың көпшілігі мал, жер шаруашылығы және жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Бұрынғы кезде біздің қаламызда мыңға жуық қазақ шаңырағы болған. 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының шақыртуымен біршама қазақ азаматтары елге оралды. Қазіргі таңда мен тұратын қалада онға жуық жанұя өмір сүріп жатыр. Қазақ азаматтары Ауғанстанның біраз жерлеріне қазақша атау берген, мысалға айтатын болсақ: «Ақмешіт», «Бескепе», «Қазақкүзер» және т.б. Бастапқыда ол маңдарда үй жай болмаған, қазақтар сол жерге үй тұрығызып кәсіппен айналысқан. Менің әкем бізде тұратын қазақтардың басшысы. Қазақ азаматтарының жағдайын жоғарғы жаққа жеткізіп, мәселелерін шешумен айналысады. Тағыда әкем мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады.
Ауғанстандағы қазақтардың салт-дәстүрін айтатын болсақ, жалпы қазақтардың толықтай салт-дәстүрін сақтауға тырысады. Келін түсіру дәстүрін айтатын болсақ, құда түсіліп, екі тарап өзара келісімге келгеннен соң, қызды салтанатты түрде үйге әкелеміз. Сол күні беташар жасалынып, кешке жастар тойы басталады. Келесі күні келіндік өмірі басталынып, таңертең ерте тұрып, жанұямыздағы үлкендерге сәлем беріп, таңғы ас әзірлейді және де басқада келіндік қызметтерін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |