Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


-сұрақ Ф.Фукуяманың адамзат болашағы туралы теориясы



бет64/103
Дата31.10.2022
өлшемі436,98 Kb.
#155879
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Байланысты:
ылымны тарихы мен философиясыны п ні

1-сұрақ Ф.Фукуяманың адамзат болашағы туралы теориясы
ФУКУЯМА Френсис 1952 ж. 27 қазанда Чикаго қаласындатуған. Корнелл университетінде бакалавр, Гарвардта философия ғылымдарының докторы дәрежесіне иеболды. Ф. Фукуяма — биологиялық этика зерттеуініңПрезиденттік Кеңесінің мүшесі. Ол «Тарихтың ақыры осы ма?» деген мақаласы 1989 жылдың жазында «Нешнлинтерест» журналында (АҚШ) жарияланғанболатын. Ол көптеген елдерде бірнеше тілге аударылып, қалың жұртшылықтың назарын өзіне бірден аударып, жоғары бағаға ие болды. Ф.Френсис адамзат болашағына өзінің «Тарихтың ақыры және соңғы адам» зерртеп жаздыоңғы жылдары дүние жүзінде либералды демократияны негізгі басқару жүйесі ретінде заңдастыру қажет деген консенсус пайда болып, бұл пәтуа – мұрагерлік монархия, фашизм, коммунизм секілді өзге де бәсекелес идеялар жеңіліске ұшыраған соң, одан әрі күшейе түсті. Осы кезде мен де либералды демократия – «адам баласының идеологиялық эволюциясының соңғы бөлімі» болып, «адамзат қоғамындағы басқарудың соңғы үлгісін» көрсетіп, «тарихтың ақыры» болады деуден таңбай адамзаттың болашағын қарастырдым.
Либералды демократияның типтік мүшесі өзінің тамаша қадір-қасиетіне деген абыройлы сенімін - өзін-өзі сақтаудың жақсы үлгісіне айырбастаған «соңғы адам» болып табылады. Бұл жүйе – рухсыз, тек қалаулар мен пайымнан ғана тұратын «кеудесіз адамдарды» дүниеге әкеледі. «Соңғы адамда» өзгелерден гөрі ұлы болып танылсам деген ынта болмайды. Ал мұндай ықылассыз – жетістіктерге жету мүмкін емес. Ақырында басындағы бақытына тоқмейілсіген, арзу-тілегі мен қалауларынан сәл жоғары көтеріліп, кеңірек ойлай алмайтын кембағалдығы үшін аз да болса намыстанбайтын мұндай соңғы адам – адам болудан қалады..
2 сұрақ Ғылым болмысының үш аспектісі 
Қазіргі эпистемология ғылым болмысының үш аспектісін бөліп көрсетеді: (а) білімнің ерекше жүйесі ретінде; (б) өзінің «технологияларымен» және әдістерімен танымдық іс-әрекет ретінде; (в) әлеуметтік институт ретінде. Д. Норт «қоғамдағы ойын ережелері, немесе … адам жасаған адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыратын шектеу шеңбері». М. Вебер әлеуметтік институт –бұл, ең алдымен, әлеуметтік әрекетке бірлесіп қатысуға мүмкіндік беретін индивидтердің бірігуінің формасы екенін атап өтті. Әлеуметтік институттар қоғамның басты құрылымдық элементтері ретінде қаралуы мүмкін, олар арқылы коммуникация жүйелері ұйымдастырылатын, интеграцияланатын және реттелетін әлеуметтік іс-әрекеттердің ерекше құндылық-нормативтік үлгілері болып табылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік институт – бұл ақпараттық-коммуникативтік қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған әлеуметтік коммуникацияның қалыпты статус-рөлдік жүйесі. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың салыстырмалы түрде тұрақты нысандары бола отырып, әлеуметтік институттар күнделікті өмірді тұрақты құрылымдау арқылы әлеуметтік сабақтастық және белгісіздікті азайту функцияларын орындайды. Әлеуметтік институттар қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені қоғам мүшелерінің әлеуметтік қатынастар аясындағы іс-әрекеттерін реттейді, олардың мүдделерін, ұмтылыстары мен іс-әрекеттерін интеграциялайды, әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға ықпал етеді.Қандай да бір жаңа әлеуметтік институттарды құру процесі, сондай-ақ қандай да бір қоғамдық қатынастарды құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан бекіту, яғни қызметті және қоғамдық қатынастарды формализациялау процесі әлеуметтік Институционализация деп аталады. Институционалдау барысында ұйымдастырылмаған қызмет пен формальды емес қатынастар қалыптасуда,бұл бірінші орынға регламент пен билікті реттеу шығатын ұйымдастырушылық құрылымдарды құруға алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет