Құрал – жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-
тырғышы бар штатив.Ұзындықтары 15 – 20 см болатын
бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 – 40 см болатын
бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,
сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.
Жұмыстың барысы:
Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.
Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2 =2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер.
Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
Тәжірибе реті
|
Резеңкелер саны
|
Жүктің массасы, г
|
Ауырлық күші, F=mg,Н
|
Жіптің ұзаруы, мм
|
Жіптің ұзаруы, м
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
біреу
біреу
біреу
екеу
екеу
екеу
|
100
200
300
100
200
300
|
1
2
3
1
2
3
|
50
100
150
20
30
40
|
0,05
0,1
0,15
0,02
0,03
0,04
|
Достарыңызбен бөлісу: |