Физика кабинеті Қауіпсіздік техникасының ережелері



бет24/68
Дата22.01.2022
өлшемі3,83 Mb.
#129608
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
Лаборант документ

8 сынып.
1 жұмыс.
Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.
Жұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.




Құрал –жабдықтар:

Калориметр, өлшеуіш цилиндр(мензурка),

термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім

(бүкіл сыныпқа біреу).


Жұмыс барысы:


  1. Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.

  2. Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.

  3. Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.

  4. Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁(t-t₂) формуласымен есептеңдер.

  5. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

6. Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.

7.Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[  ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері.

ℇ =[  ] =0,05
Қорытынды:Жылу баланс теңдеуі бойынша ыстық судың берген суық судың алған жылу мөлшері тең болу керек.

2 жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет