Байланысты: e28d1342-4f6e-11e4-973d-f6d299da70eeФормативті бағалау әдістері
Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек? Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.
Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой өзегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .
Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:
Куррикулума қойған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.
Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білімге, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.
Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады.
Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.
Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.