Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет270/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271
«Данышпан үкілер» әдісі.
Бұл әдіс ойлаудың бірнеше түрлерін дамытып, оқыған 
мәтінін тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы мәтінді өз 
бетінше оқып, оны топ ішінде, кейін сынып болып талқылайды. Әдісті жүзеге асырудың 
тәсілдері: 1-қадам. Білім алушыларды топқа бөлу. Мәтінді оқуға уақыт беру. 2-қадам. Мәтінмен 
жұмыс істеудің негіздері. Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте 
жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты 
табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз. 3-қадам. Маңызды өмірлік даналық. 
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз. 4-қадам. Таныс және таныс емес. Мәтіннен сізге 
алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз. 5-қадам. Иллюстрациялық 
бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз. 6-қадам. 
Үлгі боларлық қорытынды. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды 
шығаруға бола ма? 7-қадам. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға 
тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар. 
«Модельдеу немесе 
сурет салу»
математика пәнінен есептерді шешу кезінде сипатталған жағдайды бейнелеу. 
Мұғалім балалардың назарын мағыналы және елемеуге болатын бөлшектерге аударады. Бұл 
жағдайды ой-елегінен өткізу. Есептің мәтінін мағыналық бөліктерге бөлу. Жағдаятты сызба
сурет арқылы модельдеу. 
«Үш түрлі күнделік»
әдісі білім алушылардан дәптердің бетін (не 
таратылып берген парақты) ортасынан тік үш сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында 
олар: бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, яғни үзінділерді жазады. Бөліктің 
ортасына сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары 
қандай, қандай сұрақ бар т.б.) ал бөліктің сол жағына мұғалімге қойғысы келген сұрағын жазады. 
Күнделік толтырылып болған соң жұпта, топта талқылайды. Талқылаудан кейін мұғалім мәтінді 


525 
қорытуға арналған сұрақтарын қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет