Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


Сұрақтар мен  тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет29/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

Сұрақтар мен  тапсырмалар
 
1.
 
Тәуелсіздік кезеңіндегі айшықты проза үлгісі 
2.
 
Д.Амантай  әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер. 
3.
 
Д.Әшімхановтың «Жер аңсаған сарыатан»  повесіндегі айшық-
ты прозаның стилі . 
4.
 
Қазіргі қазақ прозасындағы  үй  архетипі. 
5.
 
Айшықты проза   туралы  конспект  жасаңыз

 
 
 
 


 
174 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Д.Әшімханұлы. Самырсын сазы. Астана. Елорда.2000. -371 бет. 
2.
 
Нұрмағамбетов Т. Айқай. – Алматы. Өнер. 2001. -440 бет. 
3.
 
Шапай Т. Қазақтың жаны. Астана. Елорда.2001. -284 бет. 
 
 
3.2. Қазақ әңгімесінің виртуальдық сипаты
 
 
ХХІ  ғасыр  –  ақпараттық  технологиялар  ғасыры.  Қара-
пайым  қарым-қатынастың  өзі  жаппай  виртуалдық  сипатқа  ие 
болған заманда бұл виртуалдылық сипаттың  қоғамның әр сала-
сына, соның ішінде өнер мен мәдениетке де әсер етуі заңдылық.  
Виртуалды  әлемдер  –  нақтылы  әлеммен  қатар  жүретін 
және өзіндік қасиеттері мен белгілері бар әлемдер. Көбінесе, бұл 
компютерлік 3D ойындар, кітаптар, үстел ойындары сияқты пі-
шіндерде бейнеленетін жасанды түрде жасалған әлем. Виртуал-
ды әлем ұғымы кең мағынада кітап авторларының және ойындар 
мен  бағдарламалардың  құрастырушыларының  кейіпкерлерімен 
бейнеленген  нақтылы  әлемнің  алуан  түрлілігі.  Көптеген  вир-
туалды  әлемдерде  нақтылы  өмірді  толғымен бейнелейтін болса 
да,  бұл  міндетті  емес.  Бұл  жерде  екінші  әлем  үшін  автордың 
барлығын  сол  қалпында  өзіндік  ерекшеліктерімен  бейнелеу 
шарт емес деп айта кетуге болады. Қоршаған ортаның қағаздағы 
немесе  компьютер  мониторындағы  қарапайым  жобасы  жеткі-
лікті. Виртуалды әлемдер автормен бейнелеп отырған құбылыс-
ты нақтырақ бейнелеу мақсатында қалыптастырылады. Бұл өтіп 
кеткен ежелгі заманды немесе бұрын ешқашан болмаған жерлер 
мен оқиғаларды бейнелеу кезінде (әсіресе, фантастикалық жанр-
ларда  қолданылады)  қолданылады.  Осылайша,  виртуалды  әлем 
дегеніміз  автордың  әңгімелеп  отырған  оқиғаны  бейнелеудегі 
өзіндік ұстанымы және сонымен қатар, кітаптың ажырамас бөлі-
гі болып табылады.  
Аталған әлемге мысал ретінде Дж. Р.Р.Толкиннің «Сақина 
иесі» кітабын келтіруге болады. Бұл шығарма виртуалды әлемді 
қалыптастырудың айқын мысалы болып келеді.  
Толкин  әлемінің  барлық  ерекшеліктерін  шексіз  тізбектей 
беруге  болады,  алайда,  кітапта  кез  келген  виртуалды  өмірдегі 


 
175 
сияқты  екінші  кеңістікті  бейнелеудің  өзіндік  шектеулері  бола-
тындығын айта кету керек.  
Кез келген кітап үшін виртуалды әлем ең негізгі шарт бо-
лып табылады, виртуалды әлемсіз бірде бір жақсы шығарма қа-
лыптаспайды. Ойдан шығарылған жердің картасын, өзіндік тілін 
және арихитектураны қалыптастыру міндетті емес, бар болғаны 
автор оқырманның алдына оқиға болып жатқан заманның ойын-
шысын  дәл  келтіре  алса  болғаны.  Кітаптағы  виртуалды  әлем-
дерді толғырақ қарастырмас бұрын, кітаптың олардың негізінде 
виртуалды  әлемдер  бейнеленетін  өзіндік  ерекшеліктерін,  атап 
айтқанда, жазушының тілі мен стилінің ерекшеліктерін атап өту 
керек.  Кітаптағы  виртуалды  әлемнің  тағы  бір  мысалы  ретінде 
Виктор Пелевиннің «Empire V» атты кітабын келтіруге болады. 
Бұл жерде қоршаған кейіпкерлердің басым бөлігі нақтылы өмір-
ден кітаптағы ойдан шығарылған өмірге қарапайым түрде ауыс-
тырыла салған. Бұл кітаптан, біз, автордың виртуалды әлемді қа-
лай  қалыптастырғанын,  Толкиндікіндей  толық  емес,  жартылай 
түрде көре аламыз.  
Алайда, виртуалды әлемдер бұл нақтылы өмірді фантасти-
калық  әдіспен  кеңейту  ғана  емес  екендігін,  сонымен  бірге,  ол 
әлемді  бір  құрамдас  бөлігі  бойынша  қарастыруды  білдіретінді-
гін айта кету керек. Авторлардың барлығы нақтылы өмірден ал-
шақтай отыра, кітап немесе компьютерлік ойын құрастыра оты-
рып, олар аталған саладағы өздерінің білімдерін тереңдете түсе-
ді.  Мысалы,  фантастика  жанрында  жазылған  және  сюжеттері 
бізбен  жүз  алдыда  болуы  мүмкін  оқиғаларға  негізделген  кітап-
тарда  адамдарға  ұқсамайын  тіршілік  иелері  туралы  атйылады. 
Мұндай  кітаптардың  авторлары  өтіп  жатқан  оқиғаны  бейнелей 
отыра, өздерінің фантазияларына ғана сүйенбейді, бұл жерде ол 
өзінің  кейіпкерлерін  бейнелеуінің  сипатын  ғылыми  тұрғыдан 
негіздеуге тырысады.  
Мифология кезеңінен кейін, көркем әдебиеттер пайда бола 
бастады.  әрине,  бұл  әдебиеттің  дамуындағы  жеке  бір  мерзімді 
бөліп алып қарастырғанның өзінде де, бірден қалыптасқан жоқ. 
Аталған  әдебиеттер  бойынша  кітап  авторларымен  құрастырыл-
ған  виртуалды  әлемдер  қандай  сапалы  өзгерістерге  ұшыраған-
дығын айқын байқауға болады. Мысалы, басты кейіпкер немесе 


 
176 
кейіпкерлер  тобы  нақтылы  өмірде  адамға  әлі  белгісіз  тылсым 
дүниемен кездесуі сияқты нақтылы өмірді болар болмас өзгеріс-
термен көшіруден байқауға болады. Осылайша, қоршаған ортаға 
қорқыныш тудыру бейнелеу жүйесінің қарапайы түрінен, мәсе-
лен,  адамның  жануарға  айналуынан  бастап  қабылданылуы  өте 
күрделі  болып  келетін  шатастырылған  түрімен  жүзеге  асыры-
лып отырды.  
Жалпы әдебиеттің, сонымен қатар, виртуалды әлемнің қа-
лыптасуының салыстырмалы жүйесі төмендегідей: 
-
 
алғашқы қауымдық ойын ұстанымдарынан, 
-
 
фольклорлық-мифологиялық әлемдерге, 
-
 
одан кейін әдеби әлемге,  
-
 
соңында ойын әлеміне. 
Қоғам  жетіле  келе,  өзінің  айналасындағылардың  барлы-
ғын  жетілдірді.  Соның  ішінде,  барлық  виртауалдық  әлемдерді 
негізін қалаған әдебиетте те өзгеріске ұшырады. Осылайша, қа-
зіргі  кезде,  біздің  теледидарларымыз  бен  компьютерлеріміздің 
экранындағы виртуалды әлемдердің бастаушысы әдебиет болып 
табылады. 
Әдебиеттегі  виртуалды  әлемді  қарастыра  келе,  бұл  мәсе-
лені кеңінен қарастырмай қоюға және әдебиетте шығрамалар ту-
дырған және шығармалары бүкіл әлем үшін классика болып са-
налатын  ұлы  жазушылардың  атын  атамай  кету  мүмкін  емес. 
Орыс  әдебиетінің  ұлы  ақыны  А.С.Пушкин  өзінің  шығармала-
рында виртуалды әлемдерді аз құрастырған жоқ, әрине, көркем 
әдебиеттегі кезкелген бейнеленіп отырған әлемді виртуалды деп 
санайтын  болсақ.  Шекспир  –  ағылшын  классигі,  олда  Пушкин 
және басқа да көптеген жазушылар тәрізді өзінің туындыларын-
да өзінің алуан түрлілігі бойынша бірегей виртуалды әлемдерді 
қалыптастырды.  
Виртуалды  әлемдер  анық  байқалатын  туындылардың  бірі 
ретінде    Булгаковтың  «Мастер  және  Маргарита»  шығармасын 
келтіруге болады, бұл шығармада әрекеттердің сахнасының көп-
шілігі виртуалды әлемнің ойдан шығарылған кеңістігінде жүзеге 
асырылады.  
Ф.Достоевский 
«Қылмыстар 
мен 
жазаларында» 
Петербургті ерекшелеп сипаттайды. Біз оны көз алдымызға қала 


 
177 
сияқты емес, адамның санасына кері әсерін тигізетін қара-құрым 
халық  ретінде  елестейді.  Бұл  виртуалды  әлемнің  адамға  ықпал 
етуінің көрнекі мысалы.  
Бұл  туындыда  ежелгі  замандағы  оқиға  сипатталып  қана 
қоймайды, бұл жерде, біз екі паралелль қалыптасқан әлемді бай-
қаймыз.  Мұнда  екеуі  де  виртуалды  әлем  болып  табылады. 
Иисуспен
 
байланысты
 
кейіпкерлер
 
жүйесі
 
қазіргі
 
заманғы компбю-
терлік ойындардағы фантастикалық сипатталған оқиғаларды ес-
ке салады.  
Беляевтың  «КЭЦ  жұлдызы».  Бұл  туындысында  болашақ-
тағы нақтылы өмірге ұқсайтын виртуалды әлем қалыптастырыл-
ған.  Жазушының  заманында  кітапта  жазылғандардың  барлығы 
фантастика ретінде саналған, ал қазір, олардың барлығы нақты-
лы өмірді сипаттайды. Алайда, қалыптастырылған екінші нақты-
лы өмір әлі күнге дейін бар және таң қалдырып келеді. Барлық 
мәселе виртуалды әлемнің қарапайым атрибутрикасында. Онда, 
екінші  нақтылы  өмірдің  барлық  бөлшектері  бейнеленіп,  сипат-
талып отыған әлемді қанық түсте қабылдауға мүмкіндік береді.  
Нақтылы  өмір  виртуалды  әлеммен  қатаң  өзара  әрекетте 
болады. Біздің айналамызда болып жатқан оқиғалардың өзіндік 
ерекшеліктерінің нәтижесінде виртуалды әлемнің негізі қалана-
ды.  Және  керісінше,  соңғысы  адамға  күшті  әсер  етеді,  нәтиже-
сінде  адам  аталған  екі  ұғымды  араластыра  келіп,  күнделікті 
өмірдегі  ойында  өзінің  виртуалды  әлемін  қалыптастырады.  Та-
рихта  ойындардың  кейіпкерлері  бүкіл  әлем  бойынша  миллион-
даған  геймерлердің  арманына  айналаындаға  туралы  көптеген 
оқиғалар кездеседі.  
Бүгінгі күнді виртуалды әлемнің дамуының кезеңі ретінде 
алып қарастыратын болсақ, онда екінші нақты өмір үшін біздің 
қазіргі күндеріміз алтын уақыт болып саналады. Біріншіден, қа-
зіргі  уақыт  компьютерлік  технологиялардың  шарықтаған  кезі, 
сонымен  қатар,  күнен  күнгі  қызықты  болып  бара  жатқан 
компьютерлік  ойындардың  жетілдірілуі.  Бұлардың  барлығы 
өзіндік  ерекшеліктері  бар  және  кішкентай  бөлшектеріне  дейін 
ойластырылған  кеңейтілген  виртуалды  әлем  қалыптастыруға 
мүмкіндік  береді.  Екіншіден,  жер  шары  тұрғындарының  мейі-
рімді бөлігі сипатталатын фантастика әйгілі бола бастады.  


 
178 
Қазір,  бір  қатар  тұлғалар  үшін  виртуалды  әлем  олардың  өмір 
сүріп отырған негізгі әлемі болып табылады. Егер әр нәрсені өз 
атымен атайтын болсақ, онда ол адамдар екінші өмірмен ауыра-
ды деп айтуға болады. Бұл ауру емі жоқ ауру болып табылады. 
Алайда,  екінші  бір  адамдар  үшін  виртуалды  әлем  ақша  табуға 
болатын,  жеке  өмірін  қалыптастыруға  және  бизнесін  жүзеге 
асыруға,  фирманы  басқаруға  болатын  әлем.  Интернетте  инфра-
құрылымы өте жақсы дамыған виртуалды экономика туралы жа-
зылған болса, басқа айтар сөз қалмаған сияқты.       
        Ең  алдымен,  біз,  бір  жағынан  бір  бөлігі  туынды  мәтінінің 
авторы  –  нақты  өмірдегі  биографиясы  бар  адам,  мәтінінің  өзі 
және оқырман  болып  табылатын  нақтылы өмірді, екінші жағы-
нан, оқу барысында оқырманның танымына мәтін арқылы ықпал 
ететін автормен ойлап шығарылған рухани-мазмұндық эффекті-
ні  бір-бірімен  бөліп  қарастыруымыз  керек.Бұлардың  екеуі  екі 
бөлік  нәрсе,  сөздік-көркем  туындының  осындай  екі  жақтарын 
араластыруға немесе алмастыруға болмайды.  
Сөздік-көркем туынды – ол маймен жазылған картина не-
месе  мүсін  емес,  ол  әлемді  өзінше  бейнелейді.  Ол  оқырманға 
мақсаты  бағытталған  түрде  және  дуа  арқылы  ықпал  ете  алған 
кезде ғана бір құбылысты бейнелей алады. Ал оқырманға жасан-
ды түрде (қасақана және шеберлікпен ықпал ету) ықпал ету ар-
қылы  оқырманның  танымында  (оқырманның  ішкі  дүниесінде 
оқу  барысында)  қандай  да  бір  айқын  (мағынасы  бойынша  аяқ-
талған  ұғым),  көзге  көрінетін  (ішкі  көзбен  көрінетін),  сезілетін 
(бүтін)  нақтылы  өмір  туралы  динамикалы  тұжырымды  (автор-
дың замандасының тұлғасы туралы тұжырым) қалыптастырады.     
Ықпал  ету  әсері  және  жасанды  түрде  қалыптастырылған 
нақтылы өмір туралы тұжырым – бұл оқырманға мәтін арқылы 
ықпал ететін рухани-мазмұндық эффект болып табылады. Оқыр-
манға дуалау арқылы ықпал жасалмаса, онда туындыны да жоқ. 
Мәтін  арқылы  тұжырым  қалыптаспаса,  туынды  да  жоқ  деген 
сөз. Осындай тұжырымдарды біз «виртуалды тұжырым» немесе 
«виртуалдылық» терминдері арқылы белгілей аламыз.  
Виртуалды  тұжырым  –  адамның  жүрегінде  өзінің  орны 
бар барлық құбылыстар, оны адам өзінің ішкі дүниесінде көреді, 
сезеді, иіскей алады, түсінеді және ойлайды. Бұл адамның ішкі 


 
179 
киносы  ретінде деп айтуға  да  болады.  Оқылатын мәтін  аталған 
киноны қосады.  
Аталған  жағдайда  бұл  жасанды  түрде  қалыптастырылған 
виртуалды  тұжырым.  Сонымен  қатар,  адамның  табиғи  жолмен 
пайда болатын виртуалды тұжырымы болады. Ол адамның нақ-
тылы  өмірмен  тікелей  жанасуы  арқылы  пайда  болады.  Бұлар 
адамның  танымындағы  виртуалдылықтың  екі  түрі  болып  са-
налады.  
Виртуалды тұжырымды виртуалды бейне немесе жай ғана 
бейне  деп  айтуға  да  болады,  өйткені,  аталған  жағдайда  бейне 
мен тұжырым бір ұғымды береді.  
Виртуалды  бейнелер  немесе  тұжырымдар,  біз  жоғарыда 
айтып өткендей, табиғи жолмен және жасанды түрде пайда бо-
лады.  
Оқырман, көркем сөздің ықпалымен нақтылы өмір туралы 
жасанды түрде қалыптастырылған виртуалды тұжырымды лезде 
қабылдап алады.  
Аталған  сыртқы  виртуалды  тұжырым  немесе  бейне  қа-
былдана келе, оқырманның ішкі дүниесінде оның нақтылы өмір 
туралы  табиғи  жолмен  қалыптасқан  тұжырымымен  бірігіп  ке-
теді.  
Оқырманның  танымында  екі  виртуалды  тұжырымның 
(жасанды  түрде  қалыптасқан  басқа  виртуалды  тұжырым  және 
оқырманның  өзінің  табиғи  жолмен  қалыптасқан  виртуалды  тұ-
жырымы)  жанасуы  соңында  оқырманның  туындыны  түсінуіне 
(немесе  түсінбеуіне),  сонымен  қатар,  бөтен  жасанды  түрде  қа-
лыптасқан  виртуалды  тұжырымдардың  ішінен  өзінікін  танып, 
қабылдап алуы жүзеге асырылады.  
Алайда,  бейне  ретінде  қабылдаушы  адамның  (тыңдаушы, 
оқырма,  көрермен)  алдын  ала жоспарланған қандай  да  бір  вир-
туалды  бейнесін  жасанды  түрде  қалыптастыруға  қабілетті  ма-
териал да қарастырылуы мүмкін.  
Біздің жағдайымызда  – бұл оқырманның танымында қан-
дай  да  бір  белгілі  виртуалды бейнені  жасанды  түрде қалыптас-
тыратын тілдік материал болып табылады.  
Бұл сөздік материалды біз «сөздік бейне» терминімен бел-
гілейміз. 


 
180 
«Сөздік бейне» ұғымында назар виртуалды  бейнеге емес, 
белгілі бір виртуалды бейнені қалыптастыратын мәтінге аудары-
лады.  
«Таза»  виртуалды  бейне  өздігінен  талдау  объектісі  бола 
алмайды.  Оқырманның  танымында  қандай  да  бір  виртуалды 
бейнені қалыптастыратын мәтінге ғана талдау жасалады.  
Сөздік  бейнеге  талдау  жасамас  бұрын,  мәтіннің  көзқарас 
және  бағалау  нүктесін  анықтап  алу  қажет.  Олардың  көмегімен 
оқырман санасына автормен виртуалды бейне жіберіледі.  
Бағалаудың  және  көзқарастың  осындай  нүктелері  бейне-
лейтін субъект арқылы беріледі.  
Көзқарас  және  бағалау  нүктесі  деп  нені  айтамыз?  Бұл  ол 
арқылы  бейнелейтін  субъект  виртуалды  бейнені  оқырманның 
танымына  жеткізетін  салыстырмалы  нүкте.  Оқырман  да  туын-
дыны оқи келе аталған нүктені басады. Аталған нүкте оқырман-
дарға  арнайы  дайындалған.  Осы  салыстырмалы  нүктеде  бола 
отырып, оқырман жасанды виртуалды әлемді бейнелейтін субъ-
ектінің көзімен көре және түсіне бастайды.  
Бейнелейтін субъект ретінде келесілер қарастырылады:  
1.Туындының ішінде: 
а.Эпостарда  -  әңгімелеуші  немесе  мазмұндаушы  (кейіп-
керлерді және олармен байланысы барлардың барлығын сырты-
нан және ішінен бейнелейді); 
б.Кейіпкерлер  (басқаларды  сыртынан,  өзін  ішінен 
бейнелейді); 
а. Драмада – кейіпкерлер – (кейіпкерлерді ішінен, ал өзін 
сыртынан бейнелейді); 
а. Лирикада – батырлар (өзін өзінің басқаларға және әлем-
ге қатынасы арқылы ішінен бейнелейді); 
а.  Лиро-эпостарда  –  мазмұндаушы  (кейіпкерлерді  ішінен 
және сыртынан бейнелейді); 
б. Кейіпкерлер (басқаларды сыртынан, өзін ішінен бейне-
лейді); 
в.  Кейіпкерлерді  (батырды  сыртанан,  өзін  ішінен  бейне-
лейді).  
2.  Туындыдан  тыс  (М.М.Бахтин  бойынша  –  қалыптасқан 
әлемнің шегіндегі тұрғыдан): 


 
181 
а.  Эпос,  драма,  лириканың  авторы  –  бейнелейтін  субъек-
тілерді  бейнелейді.  Эпос  авторының  міндеті  –  бейнелейтін 
субъектілердің көз қарасы мен көлемін, сондай-ақ, бейнелердің 
жалпы көлемін анықтау және мақсаттандыру болып табылады.  
Сөздік  бейне-тропты  қалыптастырушының  көзқарас  және 
бағалау  нүктелері  бейнелеу  объектісінің  ішінде  қалыптасады. 
Сөздік бейне-троп кімде-кімді бейнелеуді білдіреді, яғни, адам-
ның ішкі жан-дүниесін бейнелеуді білдіреді.  
Басқа сөзбен айтқанда, сөздік бейне-троп  - бұл тұлғаның 
өзін-өзі бейнелеуі болып табылады.  
Нақтылы өмірде әрбір адам өзі туралы ғана нық сеніммен 
айта алады және өзінің көзқарасын,
 
бағасын ғана
 
нық
 
айта
 
алады.  
Сөздік-көркем туындыларда барлық кейіпкерлер виртуал-
ды болып табылады, яғни, олар нақтылы өмірде емес, автордың 
ішкі дүниесінде, содан кейін барып оқырман туындыны оқыған 
кезде оның ішкі дүниесінде өмір сүреді.  
Сондықтан  автор,  нақтылы  өмірдің  виртуалды  сыңарын 
қалыптастырған  кезде  өзінің  виртуалды  адамдарына  өздерін 
нақтылы  өмірдегі  адамдар  сияқты  қылықтар  жасауына  мүмкін-
дік береді: олар басқа басқа адамды бейнелейді (олардың сырт-
қы  бейнесін,  мінез-құлқын,  іс-әрекет  ету  жағдайын  және  т.б.), 
немесе өзін сипаттайды (өзінің жан дүниесін сипаттайды). 
Т.  Шапайдың    «Дос»,  Г.Шойбекованың  «Адамгершілік», 
«Шындық»,  А.  Алтайдың  «Түсік»  т.б.    әңгімелері    адам  болып 
жаралғалы    айтылып  та,  жазылып  та,  болашақта  да  жазылатын 
мәңгілік тақырыптар  – адамгершілік,  мейірімділік, жалқаулық, 
пендешілік т.б.  сөз болады. 
Т.Шапай  өзінің    әңгімесін  «Менің  бір    досым  бар  еді. 
Жанымдай  көретін  досым еді. Мен  сол  досымды  жоғалттым... 
Мен одан  айрылғалы қай  заман – кейде «сол  дос  өмірде  
болып па  еді?» деп күдіктенем.Бірақ анық  болған... » деп  автор   
досы  барда  кейіпкерінің  өмірі  - той, жаны  -жай  еді. Жастығы 
мен  жарлылығы  сол  досымен  көрікті  болып, салт  атты, сабау  
қамшылы  күнінде сол  досымен  дүниесі  түгелденіп, үйі – қы-
зық, түзі  думан, уайым – қайғысы  жоқ, дүниедегі ең  бақытты 
жан  болатұғын Ал,  қазіргі   досын  жоғалтқаннан бері  күні қа-
раң  болғандығын, қуыс  кеуде  пендеге айналып, сүреңсіз  күн-


 
182 
дері  өтіп  жатқандығын − кейіпкерін  бір өкініш,  бір  сарғайған  
сағынышқа салып өкіндіре  мұңайтады.   
«Дидары  қандай, аты-жөні кім еді – мәлімсіз. Ауаға  сыз-
ған сурет  сияқты – бейнесіз...» . 
Т. Шапайдың  кейіпкерінің  сағынышы  бір  бөлек,  елден  
ерекше  өз алдына  бет-бейнесі де жоқ,  елес  тәрізді досын  із-
деп  шарқ  ұрады. Автор  сол бір ұмыт  болған  досы  бардағы  
өмірі, тіпті  кейіпкердің  өзі  болмысы,  танымы  қандай  еді, ал  
сол  жұмбақ  елеске  айналған  досы  жоқтағы  көрген күнін  қа-
рама-қарсы  қою  арқылы  суреттейді.  
Суреткер  көрген  қызығы қызық  емес,  бақыты баянсыз  
болып , істеген  ісінде берекесі болмай қиналған бейнесіз Досын 
жоғалтқан  кейіпкерінің бұл мәні жоқ күйкі  тірлігіне жаны аши-
ды. Жазушы  шығарманы   әу баста   бастағаннан -ақ   ой  желі-
сін  біртүрлі  өзгеше  желіге  құрайды,  оқырманға белгісіз жұм-
бақ досын жоғалтып  шарқ  ұрып, жаны  байыз  таппаған лири-
калық кейіпкер  де өзгеше, ал  ауаға сызған суретттей  бейнесіз 
аты  барда  заты  жоқ оның  Досы да  бір  түрлі. Не істеп,  не 
қойып  жүргенін  өзі  білмейді. 
Жазушының  шеберлігінің өзі осы жоқ, көзге  көрінбейтін   
нәрсені  көркем  бейне    персонажға    айналдыруы.  Суреткердің  
бірінші  жақтан  суреттеп  алып  отырған  кейіпкерінің байлық-
тан  тәубесінің  жоқтығынан  басы    айналып,    өзін-өзі    ұмытып, 
құрдым-тұңғиықтың  ой-санасын  билеп,    бар  еркін    қылғытып  
жұтып,    бір    үнсіз  тас-түнектің  меңіреу    құшағына    құлатпай,   
досы  аман  алып   қалады.  Авторлық  танымның  түйер  түйіні 
– барша   адамзат  баласына  әрқашан да  осы  бірде  бар  да, бір 
де  жоқ, әрқайсымыз  әлсін-әлсін жоғалтып  алып, іздеген кезде 
таба    алмай,    қолымыз    жетпей  сарылып  іздейтін    Досымыз  – 
ТӘУБӘ-ден    айрылмалық  ,  ажырамалық  деген  ой.  Атам    қазақ 
айтқандай  «Тәубемізді  ұмытпалық» және  ещқашан   Алла та-
ғала  бізді тәубәмізге түсірмей-ақ  қойсын!.Мейілі  бай  болайық, 
жарлы  болайық  досымыз  ілләйім – Тәубә  болсын  деген  идея. 
Иррациональды сипат Т.Шапай прозасына етене тән. Пәл-
сапа  мен  ғибратқа  құрылады.  Тегінде  оның  күллі  прозасын-да 
қазақтың ұлттық әдебиетіне ежелден тән негіз, ұлттық дүниета-
нымның  түйіні,  қазіргі  тілмен  айтқанда  менталитет  көрініп 


 
183 
тұрады.  Мысалы  қазақ  халқының  мақал-мәтелдерінің  түбінде 
түйіршіктелгендей сезілетін қара өлеңі жатыр. Бұл әңгімеде Дос 
кескінінде рухани ұлы қасиет, адамшылық ділі беріледі. «Досым 
мені көп қинамай, есімін өзі айтты: – Тәуба». 
Бірінші жақтан  баяндау  автордың  сүйікті  тәсілі. «Жасты-
ғым, жарлылығым сол досыммен көрікті еді». Бұл өзімшілдікті 
өмірдің шарты санайтын адам «менінің» таза кезі. Адам баласы 
араны  ашылып,  тәубасын  жоғалта  бастайды.  Содан  жаны  азап 
шегетінін  өзі  де  байқамайды.  «Бейнесіз  бір  елестің  сағынышы 
құса  қылды».  «Көң  домалатқан  қоңыздай  тірнектеген  тірлігім, 
ақыры, рәсуа боп желге ұшты». Бұл да қазақтың ұлттық дүние-
танымы: «дүние боқ, дүниеқоңыз». 
Автор өзара ұқсас, жылғалас, бір айдынға құятын өзеннің 
салалары  тәрізді  бір  сарынды  әңгімелерінде  бір  мотивті  жиі 
пайдаланады.  Ол  жалғыздық  әбден  бүріп,  жанын  депрессия, 
түңіліс, сары уайым меңдеген адамның өмірдің мағынасын іздеп 
аласұруы. Тылсым сарай, айна, көл, сайтан, әулие  – бәрі де бір 
«жан  дүние»  –  «меннің»  түрленген  атаулары.  Кейіпкер  ұдайы 
шыңырауға, көлге, лабиринт сарай, сиқырлы айнаға қарай бере-
ді.  «...бар  ғаламның  қайғысы  көкірегімнен  қопарылып  бірге 
шыққандай,  дертімнен  құлан-таза  айықтым»  –  бұл  осы 
әңгімедегі адам тәубесіне түскенде табатын жан рахаты. Тегінде 
автор сайтанның арбауынан шығуға қимайтын шәкірт, яғни мұ-
сылманшылықты басы бүтін  қабылдай алмай жүрген, иманы то-
лық  емес,  скепсистен  кетуге  дәрменсіз  атеист  сияқты  әсер  қал-
дырады. Бұл біздің қоғамның ортақ болмысы. 
Е.Батпановтың  «Жанымдай  көретінім жауым  екен» атты 
мөлтек  әңгімесі де  лирикалық  кейіпкер  өзінің  досы, жан  жа-
ры туралы   сыр  шертеді.  
Автордың  кейіпкері  арман  қуып,  қалаға бала күнгі  жан  
досын  бірге  ала  келеді. Оқуға  түспекші  болған   оны  ДОСЫ « 
қойшы, қайтесің оқуды, басыңды қатырып төрт жыл қалай  шы-
дамақсың»  деп  айнытып  тастайды.  Оқу  оқымай    күзетші  бо-
лып  жұмысқа  тұрғанында  да  «бүгін  бармай-ақ  қойсаңшы, бір  
күн  түк  етпейді деп ол  ақыры   жиі  қалғаны  үшін, жұмыстан  
да   шығып  қалады. Былай  қарап  отырсаңыз  автордың   айтып,  


 
184 
баяндап   отырғаны   бәрімізге  ете таныс жағдайлар тәрізді  бол-
ғанымен,  авторлық  шешім  басқада. 
«Мен  оны  жанымдай  жақсы  көріп жүрсем, жауым  екен. 
Соның  аты да қызық  еді. Иә-иә, оның  аты  ЖАЛҚАУЛЫҚ бо-
латын...» 
Сонымен    Е.Бапанов    ЖАЛҚАУЛЫҚҚА  жан    бітіріп, 
Т.Шапайдың досы  «ТӘУБӘ»-ге ұқсас  оны  тірі  образға  айнал-
дырады. 
Г.Шойбекованың  «Адамгершілік»  атты    әңгімесі  «...  күн-
дердің  күнінде,  дүниенің  бізге  беймәлім  бұрышында  таңның 
шығындай  нұрлы,  масаның  үніндей  мұңлы,  тамшының  дыбы-
сындай сырлы бір қарт дүниеге  келіпті. Оның ерекшелігі – күн  
өткен сайын жасарады екен. Адам баласының  барлығын жақсы 
көргені соншалық ол өз бойындағы мейірімін жер бетіндегі жан-
дарға әлі күнге үлестірумен келеді екен. Бірақ оның үнін ешкім  
құлақтарымен    естіп,  жүзін  көздерімен  көрмепті.  Ол  өз  ойын, 
ақыл-парасатын  қалаған  пендесінің  санасына  ену  арқылы  жет-
кізеді екен. Оның  дамылдайтын  мекені  де  болмапты, тек өзі 
аса қадірлейтін адамдарының жүрегінде  аз ғана  мызғып  алып, 
ары  қарай  сапарын  жалғастырады екен. 
Сол  қарт    күндердің  күнінде  менің  жүрегіме  келіп,  көз 
шырымын  алған  болатын.»  –  деп    автор  шығармасын    ертегі 
айтып отырғандай  ерекше  бір формамен бастайды. Бірақ ертегі 
дейін  десең ертегі емес. Жазушы шағын  әңгіменің  жұмбақтау 
түрін  таңдап  алыпты.  Бірінші  жақтан    баяндалған    әңгіменің  
ерекшелігі  – ертегі  дейін  десең  ертегіге,  кейіпкер  бейнесінің  
екіге  жарылуы  дейін десең  оған  келмейтін  виртуалдылық.     
Автор  адам  бойындағы  ізгі  қасиеттерді кейіпкер   етіп  
алып    отыр.  Жалаң  уағыздаумен  адамгершілікті  әспеттемейді. 
Керісінше аталмыш  қасиетті  жабысқақ  адамды  мезі  ететін мі-
нез  иесі  ретінде суреттеп,  айтпақ  ойын ым,  ишаратпен  оқыр-
ман талқысы мен пайымына оқиға желісін  ширату арқылы жет-
кізеді.  Алғаш  кейіпкер  бойына   қаусаған  шал  кейпінде  келіп, 
бірте-бірте жасарып жігіт ағасы жасына келіп не қартаймай, не  
жасармай  қатқан  қалпында  қалады.  Басқан  ізін  аңдып,,  өмір  
сүруге  мұрша   берер  емес. Араласпайтын  ісі жоқ, қызық  қуса 
да,  қызметте болса да,  мейілі  жолда болса да  кесекөлденеңдеп 


 
185 
қадамын қия  бастырмайды. Тіпті  өтірік,  өсек,  қулық пен  ұр-
лықтан  қатты  қызғанады. 
Қаламгер  кейіпкер  мен    адамгершілік    арасындағы    вир-
туалды  диалогты  өкпе-наз  түрінде  береді.    Г.Шойбекованың 
кейіпкері  адамгершіліктің  өз  жүрегіне  мәңгілік  мекендеп  қа-
луынан  сескеніп  отыр. Бұл  диалогтан   өмірдің  ащы шындығын 
көреміз. Автордың кейіпкері адамгершілік  жүрегіне қонақтаға-
лы бері күні қараң болып, тек қайрымдылық, шындықпен алыс-
қа бара алмай жүрген пұшайман халы шынайы суреттелген. Ал, 
Адамгершіліктің де жағдайы мәз  емес, оның  өз уайымы өзінде . 
Осылай    ұзақ-сонар  әңгімесін  айтып  жатып,  көзі    ілініп 
ұйықтап  кетеді.  Ұйықтап  кеткен  Адамгершіліктің  қол-аяғын  
байлап,  арамдықпен    байып,    ақшамен    абырой  жиған    досына  
сыйға  тарту  етеді.  
« Ол кеткелі менің  бар  шатттығым  қайта  оралды. 
Рахат-ай»  
Өтірігім  де,  өсегім  де,  қулығым  да,  сұмдығым  да  мені  
ұмытпапты. Сескене-сескене барлығы да маған адал қызмет ету-
ге қайта  оралды». 
Автор  шеберлігінің өзі көзге  көрінбейтін бірақ  әрқашан  
біздің    қасымыздан  табылатын, жарты  өміріміз  қулық,  сұмдық, 
өсектен тұратындығын мойындата отырып, пендешілікке салын-
бай рухани  тазалығымызды  жоғалтпай  адамшылық  бет-бейне-
мізді  мөлдір  болмаса  да  таза  ұстауға  үндейді.    Г.Шойбекова 
адамзат баласына жақсы-жаман   қасиетттеріне  жан бітіріп,  ті-
рілтіп оларды  да  адами   келбетке  келтіреді.  Дегенмен, жақсы  
қасиеттер  мәселен, адамгершілік  адам  жүрегіне үлкен  сенім-
мен  келіп  орнықса, біздер  одан тез жеріп, құтылғанша асыға-
тынымыз  неліктен?  Ал,  жаман    қасиеттер  –  қулық,    сұмдық, 
өсек-өтірік  адами  болмысымызды,    санамызды    сескене,  ақы-
рын  ғана  мәңгілікке  жаулап  алса  да біз кетәрі  емеспіз. Арты-
нан  өзімізден өзіміз  шошып,  «аты  тұрмақ, бет-бейнесін ұмыт-
қан  Тәубе  деген  досымызды»  іздей  бастаймыз.  Жазушының 
кейіпкері  де  асарын    асап,  жасарын  жасап  кәртейген  шағында 
бір кездегі әрең құтылған қазір жасарып, сәбии қалпына түскен 
АДАМГЕРШІЛІКТІ  кездестіреді.  


 
186 
«− Мен  ата-анамды таптым, - деді  қуанышпен. Әкемнің  
аты – Ар, анамның аты – ҰЯТ  екен. Намыс  деген  інім  бар. Ол  
күн  өткен  сайын  қартаяды, сондықтан  да  адамдарға  менен  
гөрі жақындау. Ал, мен  анамның  құрсағына кетіп барамын.» 
АР+ ҰЯТ+ НАМЫС=АДАМГЕРШІЛІК=  
**** кәртейген кәрі шал ***** жігіт ағасы*** жас  сәби*** ана  
құрсағына 
Авторлық    шешім  кәріні    жасқа    айналдырып  отыр.  НЕ 
мақсатпен?  Адамгершілік бұдан  былай  ана  құрсағынынан өз  
бастауын  алады. Адамгершілік ана сүтімен  әр адамның  бойы-
на  тарайды  және  ол  ана    құрсағында    болғандықтан    ешқашан  
қәртәймақ  емес.   
Г.Шойбекованың  осыған және  Т.Шапайдың «Тәубасына»  
ұқсас  тағы  бір  әңгімесі  бар. Ол  әңгіме – « Шындық» деп  ата-
лады.    Ұқсас  дейтініміз,  шығарманың  басталуы  бір    стильмен  
басталады.  «Қайда  және    қашан  екені  белгісіз  ол      тіршіліктің 
белгілі бір  нүктесінде  дүниеге  келіпті.»  -  деп  бір  ізділікпен  
басталатын    әңгіменің    бас  кейіпкері    де    -  көзге    көрінбейтін,  
түр-келбеті  де  белгісіз, бірақ бар  екені  анық,  бәрімізге  бел-
гілі де белгісіз – Шындық еді. Бірінші  жақтан баяндалып, Шын-
дық  өз басынан  кешкенін  баяндайды. Дегенмен, сюжет желісі 
бөлек. Егер, Т.Шапай «Досының (ТӘУБА-ның)  атын  ұмытып, 
сол  беймәләм  досын  іздеп  шарқ  ұрса, Г.Шойбекованың бірін-
ші әңгімесіндегі кәртейген «АДАМГЕРШІЛІГІ»  ана  құрсағын-
дағы  жас шаранаға айналса, мұндағы  бас кейіпкері  «анасынан  
туғаннан  Жалаңаш»  жүреді  екен.  Бірақ    ес    жия    келе  адамдар  
сұқтана  қарап, біреулері жанға  бататын жаман  сөздер, енді  бі-
реулері  ақыл айта  берген  соң, жалаңаш  тәнін сыртқы ортадан 
жасыра  бастайтын  болды.  
Автордың  кейіпкерінен    адамдар    жерініп,    жатсынған  
сайын   жалғыздыққа  бой  ұрады.  
Жалғыздықтан  қашып,  адамдарға  бір табан  жақын  болу  
үшін бет-жүзін бояуға (маска киюге) мәжбүр болып отыр. Адам-
дар  «ШЫНДЫҚТАН»  қашып  жүр.  Олар  өзінен  қашықтаған 
сайын, «ШЫНДЫҚ» жақындағысы  келеді. «Боянып» алған оған 
енді  адамдардың  өздері  өле  ғашық болып, шыбын жандарын 
қиюға даяр. Бірақ   «ШЫНДЫҚҚА»   өзінің  шын  бет-бейнесін 


 
187 
білмейтіндіктеріне  жанын  қатты  күйзелтіп, уайымдайды. Жа-
санды  бояудан да  жалықты.  Жуып  тастап,  бояусыз  жүрейін  
десе, адамдарға  ұнамай  қалам ба деп  қорқады. Жумайын  десе,  
әбден  қажыды. 
«Әбден    шыдамы  таусылған  күні    моншаға  барды  да  ар-
мансыз  жуынды-ай  келіп. Бет-әлпетінің бояуынан түк  қалма-
ды, сосын  сулықпен асықпай  сүртінді де  киім жалғанның бәрін  
түгел  үйдің шетіне жинады. Жинады да от тұтатты. Сонан іліп 
алар  лыпасыз,  тырдай    жалаңаш  көшеге    беттеді.  Өзінің  шын 
кескін-келбетімен,  шүберек-жамаусыз  шын  тәнімен    жалаңаяқ 
адымдады.  «Ой рахат-ай!» деді оның мың-мың жүрек тұнығы-
нан  көтерілген  кермек  ой  жарық  дүниеге  келе  бере  тәп-тәтті 
күйге  бөленіп.». Автор «тазару» мотивін   шығарма өзегіне ай-
налдырып отыр.  
Жалпы    қазақ    тілі    қолданысында  бүркемесіз    шындық,  
боямасыз  шындық,  т.б.  деп  қолданып    жүрміз.    Суреткер    ше-
берлігінің  өзі  осы Шындық  сөзінің  сынесімдік тілдік  қолда-
нысынан  сюжет  желісін  шығара  білуінде.  Тілдік  қолданысы-
мыздағы  –Бүркемесіз  шындық,  авторлық    танымда  керісінше  – 
киім-кешек киген, үстіне шүберек  жапсырған -  Бүркемелі шын-
дыққа,  ал,  боямасыз  шындық  –  қаламгер    шығармашылығында 
керісінше   боямалы  шындыққа айналған.  
Авторлық    таным    «ШЫНДЫҚ»  әрқашан  да  бүркемесіз,  
боямасыз болса екен,   
«...Мұндайда  артынша «моншаға»  түсіп, ой  шір-кі-ін  ап-
пақ  болады-ай бір. 
... Әбден  шыдамы  таусылған  күні моншаға барды да  ар-
мансыз    жуынды-ай  келіп.»  -  деп  қаламгер  кір  болып  қалған 
кейіпкерін  (ШЫНДЫҒЫН)  жуындырып    әлек,    бірақ    қанша  
жуынғанмен  тазарғанын  көрмейміз. Біраздан  соң   бәрі  қайта  
қалпына  түсіп, шаң  басады. Авторлық  таным   тән  тазалығы  
емес,  жан  тазалығы  қажет.  Тәнімізді  тазартқанда,    жанымызды  
тазартуды  да  ұмытпалық  деп  ой  түйіндейді. 
«Ол    қатты  тоңып  жүр.  Жапырақ    жамылады,  бірақ  одан  
жылу  жоқ. Қалың орманда таңның қайдан  атып, қайдан  бата-
тыны да  белгісіз. Орманнның бәрі  батпақ. Оның  жалаңаш  тәні  
де батпақ...». 


 
188 
Сонымен,  қазақ    әңгімесіндегі    виртуалды  образдардың  
бейнелену    формаларының  өзі  әртүрлі.  Мәселен,  Т.Шапайдың 
«Аңыз»  әңгімесі    Ж.Қорғасбектің  «Қасқыр    адам»  хикаяты  
бойынша  жазылған. 
«Тәңір-Ие    өзін    жаратқан    күні  Жақсылық    бұл  дүниеде 
Зұлымдық  деген сыңарының барын  білді.  Бір  тылсым  түйсік  
сездірді.  Бірақ    оның    қашан,  қай    жерде,  қандай  кейіпте  жо-
лығарын болжаған  жоқ» деп, басталған  әңгіме  желісі  әлемдегі 
көп  құбылыс  ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ  тіршілігіне  тәуелді    екен.  Ол  
жүріп өткен  жерлерде жанды-жансыз дүние  жадырап, мейірле-
ніп  сала береді екен. Сөйтіп, жер-дүниені  кезіп,  шаршап-шал-
дығып  бір  жерге  келіп  тоқтап,  сай  қабағындағы  талдардың  
басын біріктіріп байлап  баспана жасап,  балық  аулап жеп, жү-
рек жалғайды. Қалған балықтарын желбезегінен шыбыққа тізіп, 
босағаның  сыртына  іліп  қояды. Жайланып дем алып  жатқан  
ЖАҚСЫЛЫҚТЫ бір сезікті  ой   оятады. 
Автор  кейіпкері    ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ  қасқыр  кейпіндегі 
сыңары  ЗҰЛЫМДЫҚПЕН  алғаш  кездескенін  өте  қорқынышты  
психологиялық  көңіл-күймен  бастайды.  Автор  басты  кейіпке-
ріне  қарама-қарсы  етіп  ЗҰЛЫМДЫҚТЫ  –  Қасқыр  бейнесінде 
алып  отыр.  Басқа  жыртқыш  хайуандардың    ішінен  тістісі  мен  
тырнақтысын таңдап отыр. Ал,  ЖАҚСЫЛЫҚ  керісінше  тіссіз,  
тырнақсыз  екен.    Жазушы    әдейі  әңгіме    аяғын    шиленістіріп, 
Жақсылық    бір  күндері    қасқырдың  (яғни    ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ) 
жемі болса не болмақ? Онда –  жер көгермейді, су ақпайды, құс   
сайрамайды, - деп  сұрақ  қоя  отырып,  ол  сұрақтың  шешімін  
де    өзі    ұсынады.  Демек,    күштінің  көңілін    табу  керек.    Тісті-
тырнақты–  ҚАСҚЫР  (ЗҰЛЫМДЫҚ)  үнемі  аш.  Ғаламның 
тағдыры,  өзінің  ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ  амандығы,  бәрінен  бұрын, 
СОНЫҢ  (ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ)  тоқтығына  мүдделі.Яғни  оның 
(ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ  )  қарны    тоймаса  ,  жел    соқпайды,  жаңбыр  
жаумайды,  топырақ бусанбайды. Күнен  жылу  жетпейді, айдан   
сәуле  түспейді... Сондықтан, ЖАҚСЫЛЫҚ сол  күннен  бастап, 
өз  несебесін  аузынан  жырып, босағаға  ілетін  болды. 
«Содан  бері Жақсылық  Зұлымдықты асырап  келеді екен. 
Жарық  дүниенің    күні    жадырап,  жапырағы    жамырау  
үшін...» деп  шағын  әңгіме  аяқталады.  


 
189 
Қаламгердің  бұл  шығармасының  жоғарыда  тоқталып  өт-
кен виртуальдық  әңгімелерден  еш   айырмашылығы  жоқ  тә-
різді  болғанымен, бұл   туындының  өз  ерекшелігі  бар.  Ол − 
бұл  шығарманың  итерпретация   үлгісімен  жазылуында, яғни 
жарық көрген  бір  шығарманы   оқу  барысында туындаған. 
 «Аңыз»  −  бұл  жанры  этюд  тәрізді,  бір  үзік  ой.  «Содан 
бері  Жақсылық  Зұлымдықты  асырап  келеді екен»  –  лейтмотиві 
осы. Қазақ ертегілері мен аңыздарының сарыны. Автор арқала-
ған  жүк  ұдайы  ғибрат  пен  дидактикаға  ауып  кете  береді.  Әңгі-
мелерінде  қимыл  мен  әрекет,  мінез  бен  дау-дамай  жоқ.  Соның 
үшін  прозаның  негізгі  шарты  суреткерлікке  жетпей  ақсайды. 
Прозасын  тек  ой  толғамға  құрады.  Біртекті,  бір  сарынды.    Ма-
қала текті әңгімелер. Құрғақ кететін кездері бар. Бір ғана кейіп-
кердің  жан  дүниесін  танытады,  ол  тағы депрессия,  құса  меңде-
ген  кезеңінің  уытты  көрінісі.  Жалғыздық  сарыны  бөгет  бермес 
қалыпта  беріледі.  Бұл  расында  үлкен  проза  үшін  қатерлі,  басы 
артық құбылыс. 
Сонымен  қорыта  келгенде,  қазіргі  қазақ  әңгімесіндегі   
виртуальды  әңгімелер  желісі  өзіндік  соны  өрнектері,  жаңа  ой 
түйіндерімен  ерекшеленеді.  Бұл тақырыпқа қалам сілтеген қа-
ламгерлер  қатары әр түрлі  болғандарымен,  айтар  ойлары, кө-
теріп  отырған    авторлық  танымдары    бір.  Тамыр  өзегін  сонау 
фольклорлық    шығармалардан алып,    бүгінгі   күнге   дейін     өз  
өмішеңдігін жоймаған  бұл  тақырып қай  кезде де,  қай  ғасыр 
қойнауында  соны  болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет