Әлемдегізаманауигеосаясиүдерістер. Қазір әлем тез өзгеруде, ондағы жүріп жатқан серпінді геосаяси үдерістер көптеген себептерге байланысты: партиялық-саяси күштерді орналастыру, кейбір елдердегі басшылардың ауысуы, жайлы жерлер және ресурстар үшін күрес, аймақтар мен кейбір елдердегі саяси және әскери жанжалдардың пайда болуы, халықаралық лаңкестік пен тұрақсыздықтың күшеюі. ХХІ ғасырдағы әлем елдерінің ең негізгі мәселелерінің бірі - бұл қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап қалу. Ірі мемлекеттер арасында геосаяси алаңдағы басшылық үшін күрес жүруде. Геосаясат -бұл мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына әсер ететін географиялық деректерді зерттейтін ғылым.
Берілген халықаралық ұйымның қалауыңыз бойынша бірін таңдап, мақсатын жазыңыз. Ұсынылатын ұйымдар:БҰҰ, МАГАТЭ,ДСҰ
Әлемде қандай геосаяси үлгілер бар? Олардың ішіндегі ең маңыздыларын атаңдар.
а сұрағында таңдаған ұйымның геосаяси мәселелерді шешудегі роліне баға беріңіз.
Заманауи жағдайда әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің геосаяси қауіпсіздігін нығайтуда. Геосаясиқауіпсіздік - бұл халықаралық қарым-қатынастағы елдің ұлттық мүдделерін қорғау. Әлем елдері мен Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі төніп тұрған келесі жаңа қатерлермен байланысты: әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, этнос аралық және демографиялық жағдайлар, табиғат және экологиялық апаттар, халықаралық лаңкестіктің күшеюі.
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін 4 факторды анықтаңыз:
Өзіңіз атаған 4 фактордың еліміздің геосаяси қауіпсіздігіне ықпалын кестеге жазып түсіндіріңіз
1-фактор
2-фактор
3-фактор
4-фактор
Қазақстан аймақтарының геосаяси қауіпсіздігін күшейтуге арналған шараларға, ондағы аймақтық саясатты дамытуға баса назар аударылады. Аймақтық саясат- мемлекеттің дамуындағы маңызды құрал. Бұл қоғамның саяси негізінің біртұтас және өзіне өзі жеткілікті бөлігі. Онсыз белгілі бір аумақтағы адам мен табиғи орта толыққанды өмір сүре алмайды. Аймақтық саясаттың тиімділігі мемлекет пен аймақтың жергілікті мүдделерінің үйлесуіне байланысты. Бірінші кезекте, мемлекеттік саясат барлық аймақтардың тең дамуына, ұлттық мақсаттарға (халықтың барынша жұмыспен қамтылуы, тұрмыс сапасын жақсарту, кірістерді адал бөлу, тұрақты экономикалық даму) жетуге бағытталған.
Еліміздің геосаяси қауіпсіздігін күшейтуге арналған мемлекеттік саясатқа қарағанда аймақтық саясаттың 2 ерекшелігін айтыңыз
Қазақстанның геосаяси қауірсіздігін күшейту жөнінде 2 ұсыныс әзірлеңіз