Табыс бойынша сұраныс икемділігі
Табыс бойынша сұраныс икемділігі табыстың өзгерісіне тұтынушылық сұраныс қаншалықты сезімтал екенін өлшейді.
∆Q, % dQ І
Eі = --------- = ----- × ----- ;
∆І ,% Q dІ
Табыс бойынша икемділіктің сандық мәні сапалы және төмен санаттағы тауарлар түсінігімен тығыз байланысты.
Егер Еі > 0 болса, табыстың өсуі сапалы не жоғарғы санаттағы тауарларға сұранысты арттырады. Күнделікті қолданылатын тауарларға сұраныс (0 ‹ Еі ‹1, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан кем шамаға өзгереді) әдетте сән-салтанат тауарларына (1‹ Еі ‹ω, табыс 1%-ға өзгерсе, сатып алынатын көлем бір пайыздан артық шамаға өзгереді) қарағанда төмен икемділік коэффициентінде болады.
Егер Еі < 0 болса, тауар төменгі санаттағы (ұсталынған тауарлар, автобус билеттері тағы басқалар) болып саналады, яғни табыстың азаюы сол тауарларға сұранысты жоғарлатады немесе табыстың өсуі оларға деген сұранысты төментеді.
Нақты тауарларға сұранысты зерттеудің экономикалық әдістері икемділіктің барлық үш түрін баға бойынша, табыс бойынша, қиылысқан сұраныс икемділіктері қарастырады. Икемділік түсінігі тек сұраныс сияқты экономикалық түсінікке таралмайды, оны сонымен қатар бағаның өзгеруіне ұсыныс көлемі сезімталдығын анықтау үшін де қолдануға болады. Баға бойынша ұсыныс икемділігін ұсынылатын өнім көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы арқылы есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |