жаңа әліпбиге негізделген қазақ жазуының қазіргі жағдайында
фонематикалық,
дәстүрлі, айырмыс, транслитерациялық, транскрипциялық,
түпнұсқа принциптердің қажеттілігін дәлелдейді. Зерттеушінің жаңа
латыннегізді әліпби бойынша қазақ орфографиясын оңтайландыру
жолдарын, қазақ тілі емлесінің ғылыми негіздемелерін айқындауы қазіргі
қазақ жазуы үшін қазақ тілі дыбыстарының ұлттық әлеуетін мүмкіндігінше
толық пайдалана отырып, базалық нормалардың сақталуының қоғамдағы
қазіргі социокеңістік үшін қаншалықты маңызды екендігін мойындатады.
Зерттеу қазақ тілі емлесінің теориялық тұжырымдары мен
практикалық мәселелерін ғылыми терең қисындармен толықтырады және
қазақ жазуының тарихы мен теориясы, қазақ дыбыстары мен әріптерінің
табиғи сыр-сипаты және олардың орфографиядағы көріністері, әдеби тілдің
жазбаша және ауызша нормалары мәселелерімен шұғылданатын мамандарға,
ең бастысы – латын әліпбиіне көшкен қазақ жазуының ұлт болашағы үшін
қаншалықты бекем екендіігіне ұлтжандылықпен алаңдап қарайтын барша
қауымға пайдалы болары анық.
Жауапты шығарушылар
Достарыңызбен бөлісу: