Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет56/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
ватт – ваттың;
екі дауыссыз дыбысқа аяқталған 
сөздерге қосымшаның 
ы, і
дәнекерлері арқылы жалғануы т.б.) көрсетілген, 
сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілі арқылы енген сөздер айтылуы бойынша 
жазылған [60]. 
Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылған басқа 
да бірқатар шараларда орыс тілінен енген сөздердің емлесі одан әрі реттеле 
түсті. Бұл мәселе жан-жақты таратылып айтылған маңызды құрал – «Қазақ 


орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» жарық көрді; оқу 
программасына арналған көмекші құралдар жарияланды [61]. Ал «Қазақ 
орфографиясының негізгі ережелері» 1957 жылғы 5 июньде Қазақ ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі 
заңдылықтары мен табиғи ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған, ғылыми 
негіздері мен басты принциптері дұрыс айқындалған емлелік қағидалар 
екендігін оның ширек ғасыр бойы жазу практикасында қолданылып 
келгендігі дәлелденіп отыр. Осы ережелер жинағы негізінде бірнеше 
орфографиялық, түсіндірме және әр түрлі салалық терминологиялық 
сөздіктер жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды. 
Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік 
қағидалары қоғам дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері 
мен тұжырымдары жағынан тар ауқымдылық танытуы да мүмкін. Қазақ 
әдеби тілінің қазіргі даму дәрежесі, оның қоғамдық-әлеуметтік қызметінің 
кеңеюі, стильдік тармақтары мен терминологиялық жүйесінің күрделене 
түсуі, сөз, жазу мәдениеті проблемаларына теориялық-практикалық тұрғыдан 
үлкен мән беріле бастауы тәрізді факторлар қазақ орфографиясын одан әрі 
жетілдіре, жақсарта түсуді талап етті; сондықтан да «Қазақ тілі 
орфографиясын негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген жаңа редакциясы жасалып, оны Қазақ ССР Жоғарғы Советі 
Президиумы бекітті
[62]. Мұның 1957 жылы қабылданған орфографиялық 
қағидалардан принципті айырмашылықтары жоқ. Жаңа нұсқада орыс тілінен 
енген сөздердің емлесі, бұрынғы ережедегідей, түбір сөздердің жазылуы 
(§18), оларға қазақ тілі қосымшаларының жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44) 
және дәстүрлі принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып 
бөлініп, жеке-жеке, айқын көрсетілген. Ал жаңа нұсқада толық өзгертіліп 
берілген қағидалардың бірі – соңы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет